БАСТЫ > 

 
 
ЕКІ ЕЛДІҢ ЕСКЕРЕРІ КӨП 27.11.2017

                    

Өткен аптада Қырғыз республикасынан ауданымызға арнайы делегация келді. Делегацияны аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Құматаев пен аудандық мәслихат хатшысы Роза Абилова қарсы алды.
Құрамында аудандық депутаттар мен шаруа қожалықтарының өкілдері мен ауыл әкімдері бар 20-дан астам қырғызстандықтар өңірдегі аудан, ауыл әкімдігінің жұмысымен танысып, кооперативтерді құру бойынша тәжірибе алмасуды мақсат етіп қойған екен..
Кездесу барысында ауданы мен Қырғыз еліндегі ауыл аймақ арасындағы саяси өзара іс-қимылды тереңдету, қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту, мәдени қатынасты күшейту, сондай-ақ аудандық бюджеттің төртінші деңгейін игеру бойынша тәжірибе алмасу сияқты маңызды мәселелер қозғалды. Айта кетейік, айыр қалпақты ағайындар әлі жергілікті бюджеттің екінші кезеңінде келе жатыр.
Тараптар екі елдің басшыларының салиқалы саясатының арқасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 25 жыл ішінде қол жеткізілген достық, әріптестік, тату көршілік қарым-қатынасты алға тарта келіп, Қазақстан Президентінің сындарлы саясатының жемісі ұзақ мерзімді өзара ортақ іс-қимылдың жарқын көрінісіне айналғанын, оның табысты жүзеге асырылуы екі ел дамуына тың серпін беретінін атап өтті.
Кездесуде екі ел арасында, әсіресе жергілікті бюджет пен қоғамдық жұмыстар саласы бойынша әріптестікті ынталандыру әңгіме өзегіне айналды. Күннің екінші жартысында құрметті қонақтар Ащыбұлақ ауылдық округінде болды. Осы тақырып одан әрі Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С. Күзембаевтың жеке кездесуінде талқыланып, тұшымды ойлар айтылды. Шараға аудан әкімі аппаратының басшысы М. Кәрібаев қатысты. Екі елді азаматтары бір-бірімен емін-еркін әңгімелесіп, сый-құрметтерін көрсетті.