Басты  - МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
 

 
 
 
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ 09.12.2015
Діни мәселелері қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды күрделі мәселелердің бірі болып келген. Кеңестік идеология қирағаннан кейін діннің қоғамдағы орны және атқаратын қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезенде дін қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда. Дін ерте заманнан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Ол дами келе адамның танымын, сенімін қалыптастыратын күшке айналады. Діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен, қоғаммен қарым қатынасына әсер етті. Дін мәселесі – адамдарды ежелден қызықтырып, танымын қалыптастырып келе жатқан жалпыға ортақ құбылыс болды. Сонымен қатар халықты тек құндылықтар жағынан ғана емес, салтымен, рухани үйлесімімен де біріктіріп, өркениеттерді байланыстырады.
Қазақтың дүниетанымындағы дін мәселесі халқымыздың рухани мұра жүйесінде оның ертедегі дүниетанымдық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан дүниетанымдық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті жолдардан өтіп, әлі де зерттеліп қарастырылуда. Сонымен қатар сол кездегі қазақ мәдениетінің тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін қазіргі ұрпақ үшін, үлкен жауапкершіліктер жүктеу болып табылды. Дін мен қоғам арақатынасының қайшылықты жағына да тоқталсақ. Соңғы кезде әлемде діни негізде орын алып жатқан бір мемлекет ішіндегі түрлі конфессиялар, тіпті мемлекеттер арасында орын алып жатқан жанжалдар және ХХІ ғасыр іңдетіне айналған дінді жамылған терроризм бұл арақатынасты үнемі назарда ұстауды талап етеді. Дін – оған сенген адамның жан дүниесінде терең орын алады. Сол себепті жекелеген адамға да, қоғамға да манипуляция жасауда деструктивті пиғылдағы топтар үшін дінмен бәсекелесеалатын құрал жоқ. Жастар өзінің түп-тамырындағы дәстүрлі дініне бет бұрып, бүгінгі күнге дейін рухани негізін іздеу үстінде.Бүгінгі шақта бұл азаматтардың түрлі бағыттағы ақпараттарды, оның ішінде діни сипаттағы ақпараттарды алуға да мүмкіндіктері зор. Дін мәселесіне байланысты мәліметтер негізінен адамды иландыруға қатысты болғандықтан, ондай мәліметтермен танысқанда неғұрлым сақ болу керек.
Қазақстанда бүгінгі күні діни сенім бостандығы жарияланған. Әркім қай дінге сенемін десе де, өзі таңдайды. Бірақ ең бастысы – ол адамдарды психологиялық жағынан жарымжан етпеуі, адамдардың тағдырын жарға жықпауы керек, оларды елдің мемлекеттік саясатына қарсы қоймауы тиіс.