Тәуелсіздікке біз оңайлықпен жеткен жоқпыз. Бүгінгі ұрпақ егемендік ғасырлар бойғы күрестің, «Елім-жерім» деген жан дауыстың, ел үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн. Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақтың өмірі қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді. Теңдік пен татулықты, елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған «бастаса қолдың көсемі, сөйлесе сөздің шешені» болған аталарымыз бен найзаның ұшы, қылыштың қыры, садақтың жебесіне тайсалмай қарсы тұрған аға-апаларымыздың арқасында еліміз «ақ түйенің қарны жарылған» тәуелсіздік таңына жетті. Біздің ел Еуразия құрылығында орналасқан. Ол өте тамаша, жас ел. Өйткені, біздің тәуелсіз ел болғанымызға биыл 25 жыл толады. Жиырма бес жылда көптеген белестерді бағындырып, биіктерден көрініп келеміз. Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың діні мен тілі, халықтың, барша жұрттың тойы. 1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жыл. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Сол сәттен бері міне, 25 жыл да өте шықты. Айта берсек, 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан - тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік жағдайларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Сөз жоқ, бұл Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтар достығының нәтижесі. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі - халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік -барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, оны әрі қарай жастардың бойына сіңіруге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз - Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік жағдайларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамыз - Астана қаласын тұрғыздық.
Қазақстанның Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі өскелең ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті, болашағы. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Бұл - Елбасымыз Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Еліміз күн сайын дамып, өркендеп, көркейіп қанатын кеңге жайып келе жатыр. Көптеген қалалар да күннен-күнге көркейіп, түрлі ғимараттар, өнеркәсіп орындары, көз тартарлық құрылыстар салынып жатыр.
- «Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан еліміздің гүлдеп, көркейіп дамуына қазақпын деген әрбір азаматтың міндетті түрде үлес қосуы тиіс.
|