Бүгінгі кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының орындалуына байланысты аудандық білім бөлімінде жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Бөлім мамандары, білім мекемелерінің басшыларымен өткізілген жиналыстарында жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының орындалуы және «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру жайлы сұрақтар талқыланады.
Сыбайластық жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу мақсатында ұйымдастыру жұмыстары атқарылып, апта сайынғы өткізілетін аппаратық жиналыста мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексін қатаң сақтауларын қамтамасыз ету керек екені ескертіледі.
Әр білім мекеме басшылары өз мекемелерінде заң бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстары жайлы мәлімет беріп, өздерінің ұсыныстарын айтып өтеді.
Сондай- ақ, әр мектепте оқушылармен «Мен жемқорлыққа қарсымын», «Нөлдік төзбеушіліктің рөлі» атты тақырыптарында ашық сабақтар өткізіліп тұрады.
Өтеген батыр кентіндегі №13 орта мектебінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Ізбасаров Бірлік Қуатбекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сұлтан Данашұлы Жарқынбековтың қатысуымен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» атты дөңгелек үстелде, аудандық прокуратураның қызметкерлерімен бірлесіп өткізген жиналыста білім мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-қимыл жұмыстары туралы мәлімдеме тыңдалып, қатысқан білім мекемелерінің басшылары, есепшілері, мұғалімдер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейту, халықтың арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 Стратегиясын жүзеге асырудың тиімді жолдары жайлы өз көзқарастарын ашық түрде білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары, міндеттері жайлы пікір білдірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес, азаматтардың арыз, өтініштерін қарау және тіркеу, қабылдау заңнамаларға сәйкес жүргізіледі. Белгіленген заң тәртібін сақтау, нормативтік-құқықтық актілерінің заңдылығын сақтау тұрақты бақылауға алынған.
Іле аудандық білім бөлімі Алматы облысының білім басқармасы 2015 жылғы 21 мамырда өткен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысының Хаттамасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің №3 Қаулысымен білім мекемемелерінің басшыларын, білім бөлімінің қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары Д.Жүнісовтың қатысуымен өткен жиналыста таныстырып өтті.
Білім басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары дұрыс жолға қойылып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған шараларды нақтылап аумақтық партия филиалдарымен бірлескен іс-шара жоспарлары жасалып бекітілді.
Хаттамада көрсетілген кемшіліктермен таныстырылып, кемшіліктердің болдырмау және алдын алу шаралары ұйымдастырылып, құқық қорғау органдары және басқа да қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып, дұрыс деңгейде жүргізілуі тапсырылды.
Білім мекемелерінің басшылары аудандық білім бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарын күшейту туралы» 16.06.2015 жылғы №305 бұйрығымен таныстырылды.
Әр мектеп ұжымы өздерінің жиналыстарында Хаттама мен №3 Қаулысымен танысып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне құқық бұзушылыққа қарсы «Нөлдік төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыруға бағытталған шараларды нақтылап, аумақтық партия филиалдарымен бірлескен іс-шара жоспарын құрып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту бойынша бар мүмкіндіктерді жасауда.
2015 жылдың шілде айында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық Кеңес пен «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясымен бірлескен отырысында Іле аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Г.Мақсұтова білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, депутаттар тарапынан қойылған әр түрлі сауалдарға толық және нақты жауап берді.
Біздің қоғамымыздың әр ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары күшейтіліп жүргізілсе сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. |