Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ҒАЖАЙЫП АСТАНА 13.07.2016

   
     Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екеніне қуанышпен мақтан ете аламыз. Осынау тарихтың тұңғиығына кеткен қазағымның кең байтақ жерінің қақ ортасын таңдап, елдің күшін бір жерге біріктіруде әрине Ұлткөшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының мәуелі жемісі. Күні кеше ғана Елбасымыз, «Астана – жаңашылдық жаршысы, Қазақстанның динамикалық дамуының жарқын бейнесі, республикамыздың тәуелсіздік символы!», - деді. Расында да жаңашылдық туралы еске түскенде, Еуразияның алтын кіндігіндегі жас қала бір қазақтың бас қаласы дәрежесінен асып, «Күллі түркі дүниесінің мәдени астанасы» мәртебесіне қол жеткізді.
Кәмелеттік жасқа толған Астанамыз 18 жылдың ішінде барлық әлемге өзінің көркімен, дамуымен таныла білді десек, артық айтқанымыз емес. Елордамыздың әлемге танымал болуы Елбасымыздың ерен еңбегі деп біліп мойындауымыз қажет.
Өткен аптада Астана күні мерекесі Байсерке ауылдық округінің әкімшілік алаңында өтті. Мерекелік шарада Байсерке ауылдык округ әкімінің орынбасары Қажиев Асхат Бариұлы: - «ауыл тұрғындарын Астана мерекесімен құттықтап, Елбасының көрегенді саясатының арқасында көркейіп келе жатқан Астана еліміздің мақтанышына, ел бірлігімен ынтымақтастығының алып ордасына айналды», - деп атап өтті.
Мерекелік іс-шара №21 орта мектептің директоры Нұрғожаева Гульнара Аманбаевна мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Клара Кегенбаеваның дайындаған ән-билерімен жалғасын тапты. «Астана» әнімен Камила Керімбекова мен Асемай Курманбай, «Домбыра туралы баллада» әнімен Айя Садырова әуелетіп ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Келген тұрғындар мен қонақтар өз ризашылықтарын білдірді.
Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихы орасан зор екені айдан анық. Астана күні құтты болсын! Жасай бер, жайнай бер ел жүрегі Астана!