Басты  - Бастауыш партия ұйымдары белсенді қоғамдық-саяси жұмыстың орталығына айналуы тиіс
 

 
 
 
Бастауыш партия ұйымдары белсенді қоғамдық-саяси жұмыстың орталығына айналуы тиіс 01.10.2015
Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі бағыттары, оларды жүзеге асыруда партияға жүктелген міндеттер жайында айта келіп, «Бастауыш партия ұйымдары белсенді қоғамдық-саяси жұмыстың орталығына айналуы тиіс» деген болатын. Бастауыш партия ұйымы – партияның іргетасы болып саналады. Өздеріңізге мәлім биылғы жыл «Бастауыш партия ұйымы» жылы болғандықтан «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы еліміздің түпкір-түпкірінде өтіп жатыр. «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық «Ең үздік бастауыш партия» байқауы өтті. Байқауға арнайы келген «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы кеңесшісі Д.Аналдинова, аудандық мәслихат хатшысы Е.Тұрымбетов, «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова, аудандық депутаттық фракция жетекшісі Ә.Исаев, есеп және статистика секторының меңгерушісі С.Галимова, партия ардагері, қоғамдық кеңес төрағасы О.Атамбаев, «Іле таңы» газетінің тілшісі Р.Елешов, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Ж.Тәттімбетов төрелік етті. Байқау қорытындысы бойынша 1-санат бойынша құрамында 100-ге дейін партия мүшесі бар БПҰ жоқ болғандықтан екі санат бойынша сынға түсті. 2 санат – құрамында 100-ден 500-ге дейінгі партия мүшесі бар БПҰ арасынан «Күрті» БПҰ, 3 санат – құрамында 500 және одан астам партия мүшесі бар БПҰ арасынан «Ащыбұлақ» БПҰ-дары облыстық байқауға жолдама алды. Үздік деп танылған БПҰ-н алғыс хаттармен бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жалпы әділ қазы алқалары аудан бойынша жұмыс атқарып жатқан бастауыш партия ұйымдарының жұмысына «жақсы» деген баға беріп, еліміздің, партияның беделін асқақтата беріңіздер деп, жұмыстарына сәттілік тіледі.