БАСТЫ

 
 
 

«БАСТАУ-БИЗНЕС» ЖОБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕЛІ ІСІ

08.06.2017

 

Ауданымызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бастау-Бизнес» жобасы 40-тан астам ауыл тұрғындарын кәсіпке бауылып жатыр. Олар бір ай бойы арнайы сабақ алып, тренер тыңдармандарға өздерінің жекеменшік шаруашылық алаңдарын немесе тігін, шаштараз ашатын бөлмелерін көрсетіп таныстырды.
Айта кетейік, бағдарлама мақсаты ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына, соның ішінде ауылшаруашылық кооперативтерін құру принциптеріне оқытуға, сондай-ақ бизнес-жобаларды сүйемелдеуге бағытталған. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, кәсібін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді оқуға шақырады. Оқу ұзақтығы - 1 ай. Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді.
Жоба 2017 жылы 14 облыстың 80 ауданында жүзеге асады. Курсқа қатысушыларды ай сайын жинайды. Үміткерлер Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына ауылдық округ немесе елді мекен әкімдігіне барып, өтініш пен сауалнама толтырады.
Бұл Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының басым бағыттарының бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту жолында жұмыс жасап жатыр.
Қазір «Бизнес-Бастау» жобасына 43 адам қатысып, сабақ алуда. Солардың бірнешеуін мысал келтіргелі отырмын. Н. Мүбарак ол ірі малын бордақылайтын орын салмақшы. Оның айтуынша мемлекеттің халыққа жасаған қамқорлығын сезіне отырып, өз ісін дөңгелетпекші. Екінші кейіпкеріміз К. Зулпукарова Өтеген батыр кентінде өзінің тігін цехын ашпақшы. Ол бұрыннан бері киім тігумен айналысқан. Енді осы бағдарлама арқылы өз ісін кеңейтіп алмақшы.
Жобада сабақ алып отырған 43 адамның қырық түрлі арманы «Игілік», «Береке», «Кәсіпкер», «Ырыс» мемлекеттік бағдарламалары арқылы іске аспақшы.
«Бастау - Бизнес» жобасының ең жас тыңдаушысы Жетіген ауылының тұрғыны Г.Айтимбетова. Ол 27 жасына дейін отбасылы болып, ірі қара малынан ет, сүт өнімдерін өндіруді қолға алған екен. Қаржылай көмектің жоқтығынан өз деңгейінде жүргізе алмай отыр. Енді міне жобаға қатысып, сүт өнімдерін өндіру үшін ірі-қара малын сатып алғалы отыр. Ол ибалы келін ғана емес, білікті кәсіпкер бола алатынына нық сенімді.
Ірі қарамен айналысатын нәзік жандылардың бірі Комсомол ауылының тұрғыны Д.Гусейнова. Ол ірі-қара малын бордақылайтын орнын кеңейтпекші. Отбасылық кәсібімізді жандандыруда «Бастау-Бизнес» жобасы үлкен демеу беретін болды деп ағынан жарылып отыр.
«Бастау-Бизнес» жобасының тренері Гүлмира Багжаеваның айтуынша: қатысушылар 4 мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен пайдалана алады. Аталған жоба аясында оқу бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификат алғандар бизнес-жоспары бар болса, жобаман байланысты басқа да шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларына қатысуына болады. Бұл бағдарламалардың барлығы, бірінші кезекте жұмыс істей алатын қарапайым шаруа отбасына сәйкес келеді. Әрине, әлеуетті қарыз алушылар үшін әр бағдарламаның белгілі бір талаптары бар. Бірақ, әр адам өз ісімен шұғылданып, табысты болуына мүмкіндік береді. Қажетті құжаттар тізбесін аудандық жұмыспен қамту орталығында немесе біздің кәсіпкерлер Палатасы филиалында анықтауға болады.
«Бастау - Бизнес» жобасы жаңадан бастаған кәсіпкерлерді оқытуға арналған және шектеулі адамдардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға негізделген. Ол қарапайым азаматтарға табыс табуда ғана емес, өзінің кәсіпкерлік қабілетін шыңдап оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар мен оқуға қатысқаны туралы сертификаттар алған бағдарламаға қатысушыларға 16 759 теңге мөлшерінде біржолғы стипендия төленеді.
Жобаға қатысқысы келетіндер кәсіпкерлер Палатасының аудандық филиалына, тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына, жергілікті округ әкімдеріне жүгіне алады.