«Қазақстан -2050» Стратегиясын  жүзеге асыру аясындағы  «Нұр Отан» халықтық
 демократиялық  партиясының жаңа міндеттері
 

«Нұр Отан» - бүкілхалықтық партия. Бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партия құрылған күннен бастап экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып, адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына қолайлы жағдай жасап келеді. Бәсекелестікті сақтау, елді дамыту ісінде жаңа нәтижелерге қол жеткізу үшін Елбасы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іс-қимылдың болашаққа бағытталған жоспары ретінде ұсынды. Мемлекет басшысының «Осынау маңызды міндеттен ешкім тыс қалмауы керек, өйткені осылай ғана біз Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуін қамтамасыз етеміз» деген пікірін алға тарта отырып, Елбасымыздың Жолдауы мен партияның кезектен тыс өтетін съездерінде алға қойылған басым бағыттарды ұштастыра жүзеге асыру үшін «Нұр Отан» ХДП Іле аудандық филиалы аудан халқымен қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени-көпшілік салаларда бірлесіп, іс-шараларды атқаруда.
  Елбасымыз Н.Назарбаевтың кезектен тыс ХІV съезінде партиялық бақылау комитетінің жұмысын күшейту мақсатында «Мектеп құрылысы және жөндеу», «Ақ бұлақ», «Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы», «Жол жөндеу және құрылыс», «Балапан», «Жұмыспен қамту - 2020», «Саламатты Қазақстан», «2011-2020 ж.ж. ҚР тұрғын үй-коммуналды шаруашылығын дамыту» тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүргізіліп жатқан нысандарға аудан бойынша 43 партиялық бақылау бекеттері құрылған. Ауданымызда 2013 жылы ҮИИД бағдарламасы бойынша Ынтымақ ауылындағы «ДОЛЧЕ» ЖШС медициналық дәрі-дәрмек шығару фармацевтикалық зауытында, Байсерке ауылындағы «Глобал Фарм» ЖШС фармацевтикалық зауытында партиялық бақылау бекеттері құрылды. ҮИИД бағдарламасы бойынша «ДОЛЧЕ» ЖШС-де биылғы жылы жергілікті халықтың өзінен 400-ден аса адам жұмыспен қамтылды, жыл соңына дейін 60 адамды жұмысқа алу жоспарланып отыр.
Партиялық бақылау бекеттері «Білім нысандарын салу және қайта жөндеу» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан №27 орта мектептің спорт және мәжіліс залының, асхананың, Байсерке ауылындағы 600 орындық мектептің, Әли ауылындағы мектептің құрылыстарының сапасын тексеріп, бақылап отырады. Ал Түймебаев ауылындағы 900 орындық мектеп, Жетіген ауылындағы, №34 орта мектеп құрылысы аяқталып, 1 қыркүйекте оқушылар жаңа білім ордасының табалдырығын аттады. «Денсаулық сақтау нысандарын салу және қайта жөндеу» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Покровка мен КазЦИК-те күнініе 150 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіліп жатыр. «Әлеуметтік маңызы бар нысандар» бағдарламасы бойынша Өтеген батыр кентіндегі аудан әкімдігі ғимаратын қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Боралдай кентіндегі, Көктерек ауылдары, «Арман» ықшам ауданындағы, Байсерке ауылындағы су құбыры және кәріз жүйесін жөндеу жұмыстарының толыққанды жүргізілуіне күнделікті бақылау жасайды, кемшіліктер дер кезінде көрсетіліп, кестеге сай жұмыстың жүргізілуін, қаражаттың тиімді пайдалануын, жұмыс сапасының дұрыстығын қадағалап отырады. «Балапан» бағдарламасы бойынша 1 наурызда Боралдай кентінде 150 орындық «Гүлдер» жекеменшік балабақшасы ашылды. Байсерке ауылында жекеменшік 25 орындық «Ниетай» атты балабақшасы 2 мамырда ашылды. Сонымен қатар 150 орындық «Капелька» балабақшасы салынып жатыр. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша №3 орта мектепте жөндеу жұмыстары, Іле аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары, Чапай, Жауғашты ауылдарындағы кәріз жүйесін жөндеу жұмыстарының толыққанды жүргізілуіне күнделікті бақылау жасайды.
Барлық нысандарда партиялық бақылау бекеттерінің банерлері орнатылған. Онда жоба атауы, мекеме басшысы, партия тарапынан сайланған жауапты адамның байланыс телефоны жазылған.
Жылдан-жылға партияның беделі артып келе жатқаны сезіледі. 2012 жылдың 8 айы ішінде партия мүшелерінің саны 10630 адам болса, 2013 жылдың 8 айында партия мүшелері саны 266 адамға өсіп, 10 896 адамды құрап отыр. Мұның өзі партияға деген халық сенімінің артып келе жатқанын білдіреді. Жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келгендер саны өткен 2012 жылдың 8 айында 135 адам болса, жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 адамға артып, 2013 жылдың 8 ай ішінде барлығы 158 адам болды. Қоғамдық қабылдау кезінде де адамдардың мұң-мұқтажын уақтылы қарап, оң шешілуіне ықпал етіп отыру да өз жемісін беруде. 93 азаматқа кеңес түрінде көмек көрсетілді, 31 атқару органдарына, 34 басқа ұйымдарға ресми хаттар жолданып, оң жауап берілді. Қаралған мәселелердің бәрі дер кезінде қаралып, қажетінше кеңес беріліп, азаматтарға уақытында жауаптар қайтарылды. Аудандық партия филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімінің қызметі жайлы БАҚ-та барлығы 7 мақала жарық көрді. 4 облыстық мәслихат, 18 аудандық мәслихат депутаттарынан құралған депутаттар фракциясының азаматтарды қабылдау күндері кестеге сәйкес ұйымдастырылған. Мәслихат депутаттары 2012 жылдың 8 айы ішінде 53 қабылдау ұйымдастырса, 2013 жылдың 8 айы ішінде 55 қабылдау ұйымдастрды. Қаралған өтініштің 48-і оң шешімін тауып, қалған 7 өтінішке түсініктеме берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы қоғамдық кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау күндері кестеге сәйкес ұйымдастырылған. Барлық округтегі қоғамдық қабылдауларға сенім телефондары орнатылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесте аудандық орталық аурухана қызметкерінің, Боралдай кенттік ауруханасының бас дәрігерінің, аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің қызметкерінің, №19 орта мектеп директорының жұмысы жайлы арыз-шағымдарды қарау үшін көшпелі кеңес отырыстары өткізіліп, мәселелер сол жерде, дер кезінде қаралып, тиісті шаралар қолданылды. Арыз иелеріне толыққанды жауап берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында мектеп директорларының қатысуымен аудандық білім бөлімінің бастығы Л.Каткееваның жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау жайлы есебі тыңдалды. Мекеме басшыларының, Прокуратура, Қаржы полициясы, Ішкі істер басқармасы, Сот, Әділет басқармасы, Соттар әкімшісі басшыларының азаматтарды қабылдау күндері кестеге сәйкес ұйымдастырылған. Екі жақты Меморандумға қол қойылған. Партия төрағасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еңбекке 20 қадам» атты бағдарламасындағы берген тапсырмасы бойынша халықтың өзін-өзі басқару, ұйымдастыру, қоғамға көмегін тигізу және мемлекеттік емес ұйымдарды көбейту керек. Қазақстандықтардың өмірінде өзін- өзі ұйымдастыру, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары бастауын дамытып, азаматтардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда нақты тетік болуы тиісті азаматтық қоғам инститтутарын «заманалыққа айналдыру» керек, - деп атап көрсетті. Осыған орай ауданымызда былтыр 47 ауылда төрағалар сайланып, 157 адам мүшесі болып, қоғамдық кеңес жұмыс істей бастады. Бұлар бірінші қарлығаштар болған соң, қиындығы да болды. Биылғы 2013 жылдың мамыр айынан бастап қоғамдық кеңестер «Болашақ» мемлекеттік емес ұйымымен бірлесіп, қоғамдық кеңес жұмысын жандандыру, мемлекет пен халықтың арасын жақындастыру мақсатында 3 семинар – тренинг төмендегідей тақырыптар бойынша өткізді. Қоғамдық кеңестер – халық пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзара қарым-қатынасының бір түрі. Қоғаммен байланысты орнату, халыққа жақындау туралы. Ауылдағы қоғамдық жұмыстарды дамыту: өлкені дамыту үшін қолдауға ие болу жолдары. Осы шараларға қатысқан адамдар көп нәрсені үйренді, ой бөлісті, тәжірибе алмасты. Бұл семинарлардың мақсаты – қоғамдық кеңестердің жұмыстарының ашық болуын қамтамасыз ету, қоғамдық кеңестерге анықтамалық-әдістемелік көмек көрсету, кеңес мүшелерінің біліктілігін арттыру болып табылады.
ХХІ ғасыр – дарынды жастар ғасыры демекші, 2013 жылдың сәуірінен бастап «Іле ауданының жастары» орталығы құрылды, құрамында 5 қызметкер жұмыс істеуде. Жалпы мүшесінің саны 1115 адамды құрайды. Ауылдық, кенттік округтерде 11 жетекші тағайындалды. Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану, патриоттық сезімдерін, белсенділігін күшейту, ауданның көркеюіне үлес қосу жолында іс-шаралар атқаруда. Ел болашағы – жастар десек, алдағы атқарылар істер ауқымды екені даусыз. Аудан бойынша Жастардың қатысуымен «Жас маман», Жас суретшілер мен ақындар арасында байқау, көңілділер мен тапқырлар клубының аудандық жарысы ұйымдастырылды. 5 «Ашық есік күндері», 5 республикалық акция өткізіліп, бұл шараларға барлығы 1600 жастар белсенді қатысты.
  Алматы облысы бойынша 2013 жылдың 6 айда атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша аудандық филиал 1-ші орынды жеңіп алып, облыстық филиал атынан сыйлыққа тоңазытқыш берілді.
Бүгінгі таңда «Нұр Отан» - жалпыхалықтық іргелі саяси ұйымға айналды. Аудан орталығы Өтеген батыр кентінде қазіргі уақытта аудан жұртшылығының қолдауымен, асар салу жолымен аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Оған бүкіл аудан халқы атсалысуда. Қазіргі таңда аудандағы мекеме, ұйымдардан, халықтан қаражат жиналып, ғимарат құрылысына жұмсалуда. Бұл ғимаратта келешекте қоғамдық кеңес те орналасып, елмен тығыз, жақын жұмыс атқаратын болады, деп сенеміз.