БАСТЫ

 
 
 

КІЛ МЫҚТЫЛАР КҮШ СЫНАСТЫ

05.07.2017

    

КазЦИК ауылдық округіндегі Комсомол ауылының №31 орта мектебінде «Нұр Отан» партиясының «Жастар Отанға» жобасы аясында Сидней олимпиадасының чемпионы Е.Ибраимовтың жүлдесіне арналған бокстан 1999 – 2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Ең алғаш рет ұйымдастырылған өз мүмкіндіктерін паш етуге жол ашатын жасөспірімдер арасындағы бокстан халықаралық турнир КазЦИК ауылында жоғары
деңгейде өтті.
Халықаралық турнир округ әкімі А.Жасымбековтың қолдауымен және «Дарын» спорт клубының жаттықтырушысы Д.Қабыланбаевтың ұйымдастыруымен өтті.
Айтулы додада Өзбекстан, Монғолия, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген спортшылармен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда - Арал қалаларының боксшылары бақ сынасты. Жас өрендер шаршы алаңға көтеріліп, өз шеберлерін паш етті. Турнирге 130-дан аса спортшылар қатысты. Оның ішінде І-орын жиырма екі, ІІ-орын жиырма екі, ІІІ-орын қырық төрт жас спортшылар марапатталды.
Өз кезегінде округ әкімі халықаралық турнирдің жоғары деңгейде өтіп, оған атсалысқан атағы жер жарған спортшыларымыз, қазақтың батырлары аталып кеткен Е.Ибраимов, Б.Жұмаділов, М.Мазимбаев, М. Хасеновтарға өз алғысын білдіріп, төсбелгісін тақты. Жеңімпаздар арнайы мақтау грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар тарапынан жас таланттың дарынын ұштауда, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда ерен еңбегі үшін демеушілер - А.Советұлы, «Дарын» спорт клубы, фармацевтикалық компания «MTI medical» компаниясына, бас төреші - Н. Мұсабаевқа, AIBA төрешісі - Поль Кузенге, ата-аналар комитетінің төрағасы - Н. Байгелдиевке айтар алғысы шексіз.
Айта кетейік, осы Сидней олимпиадасының чемпионы Е.Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир ауданымызда алғаш өткізіліп отыр.