БАСТЫ

 
 
 

БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

12.07.2017

    

Мемлекеттік дамудың жаңа қазақстандық жолын айқындап берген Елбасы Н.Назарбаевтың қазіргі заманғы мемлекет құрудың 5 институционалды бағыттарын айқындаған «100 нақты қадамы» ел өміріндегі ерекше саяси оқиға болды. Бұл көптен күткен реформа екенін әркім жүрек елегінен өткізіп, өткір сезініп отыр. «Нұрлы жол – болашаққа жол» бағдарламасы енді «100 нақты қадаммен» толықты. Қоғамдық дамудың оң да, теріс те мысалдары көріне бастады. Сондықтан да ол мәселелерді сылап-сипап қана қоймай, кесел ретінде жұлып тастау қажет. Қоғамда тірі организм дегеніміз осыдан шығады. Ол үшін бес бағыттағы 100 нақты қадам жасау қажет болды. Оны неден бастау керек?! Әрине, кез келген мемлекеттің халқы өз мемлекетіне, заңына, индустриялық қуаты мен экономикалық өсіміне, біртектілік пен бірлігіне және халық алдында жауапты мемлекетіне берік сенуі қажет. Сонда ғана бұл бөлінісі ортақ, құндылығы бір, қуатты мемлекетке айналады. Осының бәрі қазіргі таңда өткір де ұтқыр идеяға құрылған 5 институционалдық реформа дегеніміз: қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, болашағы біртұтас ұлт, транспарентті және есеп беруші мемлекет. Осы реформалар мен алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ел Президенті 100 нақты қадамды айқындап берді. Заңдарды мүлтіксіз сақтаған мемлекет қана өркен жайып, гүлдене бермек. Президенттік реформада басты бағыттардың бірі ретінде заң үстемдігіне басымдылық беріліп отырғаны да сондықтан. «100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында сот жүйесіне баса назар аударылған. Бұл мемлекеттің одан әрі дамуындағы соттардың ерекше рөлін көрсетеді. Қазіргі уақытта сот төрелігін тиімділік деңгейі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және өзге де салаларын табысты жаңғыруы айқындаушы фактор болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ұлтты дамыту үшін қажетті шарт. Ұлт жоспарының 17-қадамы - бұл судья лауазымына іріктеудің тетіктері мен талаптарын күшейту. Енді аудандық сот судьясы қызметіне 25 жастан асқан, жоғары заңгерлік білімі бар, жоғары руxани-моральдық қасиеттерге ие және репутациясы мінсіз азаматтар ғана алынады. Кандидат осы салада, нақ осы сот ісінде кемінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс және кемінде 10 жыл заңгерлік салада істеген болуы қажет. Оған сот жүйесінде қызмет атқарған кеңесшілер, xатшылар, көмекшілер, судьялар жатқызылады. Сонымен қатар осы іспен етене жақын прокурорлар мен заңгерлер де кіреді. Сот ісін жүргізу саласын реформалау мен сот органдарын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың түпкі мақсаты - азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру. Отандық сот жүйесін одан әрі қарай жетілдіру, жергілікті соттардың рөлін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін жоғарылату - басты назарда. Сот ісін жүргізу саласын реформалау мен сот органдарын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың түпкі мақсаты - азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру. Отандық сот жүйесін одан әрі қарай жетілдіру, жергілікті соттардың рөлін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін жоғарылату - басты назарда. Қазақстанның жаңа даму жолына бағытталған 100 қадам әрі таңданыс, әрі қолдау тауып жатыр. Міне, Президенттік дамудың жаңа бағыттарын саралап, сараптау жасау осыдан туындап отыр.

           

Е.САДВАКАСОВ,

Іле аудандық сотының төрағасы.