«Нұр Отан» партиясы «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Халықаралық жастар күні» мерекесіне орай Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылы, орталық спорт алаңында жастар күні мерекесі үлкен дәрежеде аталып өтті. Бұл іс - шараға аудандық маслихат депуттары Чатуев Саид, Дауталиев Ғани Сауытбекұлы және Ащыбұлақ округінің әкімінің орынбасары жастарымызды құттықтап өздерінің ізгі ниеттерін білдірді. Артынан мереке эстрада жұлдыздарымен аудан жастарының концерттік бағдарламаларымен және 500 аудан жастарының арнайы дайындаған флешмобпен жалғасты. Бағдарлама бойынша артынан бояу шашу (ЯРКОкросс ) және су атысу ойындары болды.


|