Өткен аптада ауданымызда Ардагерлер үйінде «Ардагерлер» ұйымының 2017 жылы атқарған жұмысының қорытынды есебін берді. Жиынға әр ауылдық округтердің өкілдері қатысты.
Аудандық ардагерлер ұйымы өз жұмысын жыл басынан бекітілген жоспар бойынша жүргізіп президиум, жиналыс, семинар-кеңес жиындары отырыстарын өткізді. Бүгінде аудандық ардагерлер ұйымы құрамындағы 10 бастауыш ұйымдарындағы 79 топтарда 20504 мүшелері бар. 2017 жылы 170 зейнеткер санаторлық-курорттық жолдама алып емделген.
Бүгінде аудан ардагерлері әр түрлі 18 клубтарда өздерінің бос уақыттарын, тиімді де қызықты өткізуде. Аудандық ардагерлер ұйымдарының қатысуымен жыл басының қаңтар айында «Рождество» мерекесі ауданның барлық округтерінде ұйымшылдықпен өткізілді. Наурыз айында 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі, «Наурыз» мейрамы ауданда кең көлемде тұрғындардың қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді. Мамыр айында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай ауданда «Еске алу» вахтасы ұйымдастырылып, мектептерде, Мәдениет үйлерінде жастармен кездесулер, кештер ұйымдастырылған.
Республикалық ардагерлер ұйымы құрылғанының 30 жылдығына орай ауданда біршама іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Бұл шараларға ауыл ақсақалдары мен әжелері белсенді түрде қатысып, жастарға үлгі-өнеге бола білген.
Аудан ардагерлері Елбасының Қазақстан халқына билік тармақтарын қайта бөлу жөніндегі Үндеуі мен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын бірауыздан мақұлдай келе, өздері де белсенділік танытып, Жетісу өңірі мәдениет пен руханияттың қайнаған ортасын, жерлестерімізге әсіресе, жастарға оны одан ары дамыта отырып, Елбасы жүктеген – «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша еліміздің дамуына еңбек сіңірген нағыз азаматтарды, бүгінгі заманның тұлғаларын ел-жұрты жан-жақты, таныту мақсатында халық арасында кеңінен насихаттауға қатысып жүр. Сондай-ақ, өткен жылы ардагерлердің белсене қатысуымен әр округте «Жарасымды көршілер – сенімді серіктестіктер» акциясы өткізілді.
Қорытынды жиынға аудан әкімі Қыдыркелді Медеуов акцияға қатысқан барлық 10 бастауыш ардагерлер ұйымдарына алғыс хат тапсырып, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Міне осылай, ардагерлердің бастамасымен ата-баба дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру жолында еңбек етіп келеміз. Сондай-ақ, ауданда, ардагерлер арасында аудандық дойбы, шахматтан, биллиардтан жарыстар өткізіп, жеңімпаздарымыз облыстық жарыстарына қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Айтар болсақ, тоғызқұмалақтан өткен облыстық жарыста ардагеріміз Виталий Родионов III-орынға, шахматтан Далелбек Ташкенбаев I-орынға ие болды.
Сонымен бірге, желтоқсанның 1 күні – Бірінші Президент күні мен желтоқсанның 16 күні – ҚР Тәуелсіздік күнін аудан ардагерлері зор ұйымшылдықпен өткізіп, жаңа 2018 жылды лайықты қарсы алды.
Аудандағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы осындай. Ендігі жерде алдымызда 2018 жылы ауқымды көптеген жұмыстар тұрғанын ескерді. Биылғы жылы Іле ауданының 90 жылдығын атап өтуге аудан қызу дайындық үстінде. Осы шараны өткізуде ардагерлердің де қосар үлесі орасан болу керек. Сонымен бірге, Астана қаласының 20 жылдық мерекесі тойланбақшы. Осы орайда, ардагерлер ұйымының төрағасы Ә.Исаев барлық іс-шаралар ұйым мүшелерімен қадағаланатынын айтып, барлық жиынға қатысушыларға осы мерекелермен тығыз байланыста жұмыс жасауларын өтінді.
|