Өтеген батыр кентінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, «Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мен «Іле ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемелерінің ұйымдастыруымен мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді.
Бұл жәрмеңкеге 115-ден астам - аудан тұрғындарының өкілдері, жұмыссыз азаматтар, жастар қатысты. Жәрмеңкеде жұмыс беруші 30 мекеме, кәсіпорындардан 88 бос жұмыс орындары ұсынылды. Олардың қатарында, «DOLCE PHARM» ЖШС-гі, «Temir Metfl» ЖШС, «Inter Tecn» ЖШС-гі, «Берикап» ЖШС-гі, «Freen Iine service» ЖШС-гі, «Каскеленское» АҚ, «Алатау құс» ЖШС-гі, «РСУ-1» ЖШС, «Пакнар компания» ЖШС-гі және денсаулық, білім беру мекемелері, банктер, құрылыс компаниялары бар.
Жәрмеңкеге қатысушыларға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бас маманы Ақжан Ақмажанов жұмыссыздықты азайту бағытындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде хабардар етіп, осы ұйымдастырылып отырған жәрмеңкенің бағыт-бағдарын түсіндіріп кетті.
Жәрмеңкеге қатысушылар ұсынылған жұмыс орындарымен жақын танысып, жұмыс берушілердің өкілдерінен ұсынылып отырған бос жұмыс орындарының мән-жайын сұрап, танысып, өздеріне қажетті толық мағұлмат алды. Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 115 жұмыссыз азаматтың 40-ы тұрақты жұмысқа орналасуға мекемелерге жолдама алды. Сонымен қатар жастар тәжірибесіне 2 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адам, шағын несие алуға 3 адам ниет білдірді.
Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілер өздеріне қажетті ақпараттар алып, мамандардың ойландырып жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Халыққа нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша түсініктемелер жүргізілді.

|