03.02.2017 жылы сағат 14.30-да округ әкімімен бекітілген желілік кестеге сәйкес «Ақбота» балабақшасы жекеменшік мекемесі қызметкерлері арасында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауын түсіндіру бағытындағы кездесу өтті.
Аталған кездесуге округ әкімінің орынбасары М.Жұмамұратов, балабақша меңгерушісі Г.Мамешова, округ ардагерлер кеңесінің мүшелері В.Кузовлев пен М.Жарболов және балабақша ұжымы, барлығы 20 адам қатысты.
Кездесуді округ әкімінің орынбасары М.Жұмамұратов ашып, 2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға арнайы жасаған үндеуіне тоқталып, Елбасы, Президенттің бірнеше өкілеттігін Парламент пен Үкіметке беру туралы шешім қабылдап жариялағанын айта келе, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелерін талқылап өтіп, Елбасының Жолдауында айтылған басты бағыттарын атап өтті.
Келесі сөз кезегін «Ақбота» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі Г.Мамешова алып, Елбасы жолдауында жаһандық бәсекеге қабілеттілікке жетудегі Қазақстанның үшінші жаңғыру жолының көрсетіліп берілгендігі, ел дамуына тың қарқын беретін ең негізгі бес басымдықты нақты жүзеге асыру және маңызды үш міндет қойылғандығы, олар: сандық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индусмтрияларды өркендету; жаңа индустрияларды құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру және еңбек нарығын жаңғырту мәселелеріне тоқталып өтіп, мемлекеттік жеке серіктестік мәселесіне де ерекше көңіл аударды.
Осы балабақшаның тәрбиешісі Жұмахан Нұржан болашағы зор бағыттарға айрықша мән берілетіндігі, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда болатындығы жайлы атап өтті.
Келесі сөз кезегін округ ардагерлер кеңесінің мүшесі В.Кузовлев алып, өз сөзінде Елбасының Жолдауымен танысып, ерекше бір әсер алғандығын және де осы жолдау елдің болашағы мен жастарға көп серпін беретіндігіне сенім артып өтті.
Кездесу соңында балабақша қызметкерлері де өз ойларын ортаға салып, Қазақстан елі кейінгі ұрпағы үшін бұдан да өсіп өркендеген елге айналатынына сенім білдіріп, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауын қолдайтындықтарын жеткізді.
|