БАСТЫ > 

 
 
ЕЛ ИГІЛІГІ МЕН АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН 05.03.2018

                      

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында 1 наурыз – «Нұр Отан» партиясының құрылған күні және Алғыс айту күні мерекелеріне орай салтанатты жиын өтті. Партия активі мен шақырылған қонақтарға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов құттықтау сөзін арнады.

Сондай-ақ, партияның құрылған күнінен бастап партия қатарына мүше болып, ел игілігіне қызмет етіп, партияның беделін арттырып жүрген белсенді партия мүшелерін «Нұр Отан» партиясының ел дамуындағы маңыздылығын баса айтып, партиялықтарды мерекелерімен құттықтады. Шара барысында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында партияға 19 жыл толуына орай партияның белсенді мүшелері мен қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталып, 19 жастағы 19 азамат салтанатты түрде партия қатарына қабылданды. Салтанатты жиынға партия ардагерлері, «Жас Отан» жастар қанаты, аудан көлеміндегі түрлі сала мамандары, үкіметтік емес ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара соңында мерекелік ескерткіш суретке түсіп, қатысушылар тарапынан ізгі ниет-тілектер мен алғыстар айтылды.