Үсмтіміздегі жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысы Қаскелең қаласынан бастау алған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған автошеру қасиетті Іле жеріне келіп жетті. Шеруге қатысушылар Ащыбұлақ округі Жапек батыр ауылындағы №36 орта мектеп пен Энергетический ауылдық округіндегі Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейінде халықпен бет-бет кездесулерін жалғастырды.
Бұл шеруге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Алматы облыстық филиалының бас менеджері Ж..Нұрғазинов, Қазақстан тұрғын үй құрлыс жинақ банкі Алматы облыстық филиалының бөлім бастығы М. Бүлгенов, Алматы облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының менторы (эксперт) Б.Тастанбеков, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі М.Анербаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Жарқынбеков, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Исаев, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Дәутәлиев қатысты.
Автошеру Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған және «100 қадам: Ұлт Жоспары», «Нұрлы жол» бағдарламасындағы Тәуелсіздікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған мәселелерді талқылау, мемлекеттікті, Қазақстан азаматтарының тағдырының бір екендігін, «Мәңгілік ел» мен «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттау болып табылады.
Осы шерудің басы- қасында жүрген «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Алматы облыстық филиалы бас менеджері Ж.Нұрғазинов «Автошерудің бұқара халыққа берері мол. Бұл жерде халыққа қызмет көрсетудің түрлі жолдарын жария етеді. Әр сала елдің дамуына қосқан үлестерін нақты дәлелдермен жеткізеді. Халыққа бір табан жақындайды. Тәуелсіз елдің индустриялық- инновациялық жаңалықтарымен кеңінен бөліседі. Елбасымыздың халыққа арнаған Ұлт Жоспары «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарымен ашық алаңда халықпен бөліседі» дейді.
Үгіт-насихат тобының келесі жұмысы Талғар ауданында жалғасын табатын болады.

|