БАСТЫ > 

 
 
 
БЕЛСЕНДІ ПАРТИЯНЫҢ БЕЛДІ БЕЛЕСТЕРІ 07.11.2016

       

Алғашқы құрылған күнінен бастап біздің партия тың бастамалар көтеріп, мемлекеттік жауапты шешімдердің қабылдануына ұйытқы болып жүр. Ол елдің мүддесін қорғайтын, халықтың керегін жоқтайтын нағыз халықтық партия екенін көрсетіп келеді. Сол себепті де өткен сайлаулардың бәрінде көпшіліктің сеніміне ие болды. Биліктің тізгінін өз қолына алған «Нұр Отан» партиясы елімізде ұлттың болашағы үшін тынбай жұмыс жасап жатқан бірден-бір партия екені баршаға мәлім. Партияға жетекшілік етіп отырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен сарабдал саясатының арқасында еліміздің қуаты артып, әлем мойындаған мемлекетке айналдық.

Аудан бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының алға қойған 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының орындалуы жайында жұмыстар атқарылды. Аудан орталығына бару, балаларды оқуға тасу да жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жайлы айтылды. Бұл мәселелер бақылауға алынып, назарда болатыны және тиісті құзырлы органдарға тапсырма берілді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша қол қойылған меморандумға сай тұтынушылардың құқықтарын қорғауда қоғамдық тамақтану және бөлшек сауда қызмет көрсету саласы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауда қоғамдық тамақтану және бөлшек сауда қызмет көрсету саласын жақсартуда ұсыныстар шығарылды. Жастары арасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы аясында округ жастары арасында «Экспо-2017 инвестицияланған болашақ» атты дебат өткізілді. Жастар арасында тақырыпқа сай пікірлер сайысына түсті. Сайыс соңында қатысушылар қазіргі таңда ЭКСПО көрмесі жастар үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен мүмкіндік екендігін сөз етіп, қорытындыға келді.

Аудандық прокуратура қызметкерлері мен жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері, аудандық мемлекеттік мекеменің бөлім басшыларының қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері талқыланды.

Бекітілген кестеге сай 14 маусым - 31 тамыз аралығында партиялық жобаларды іске асыру мақсатында өзара тәжірибе алмасу үшін барлық 13 БПҰ-да семинар-кеңестер өткізіліп, жұмыстар сараланды, озық тәжірибелер таратылды.

Жоспар негізінде медиа жоспар дайындалып, ұйымдастырылған шаралар аудандық газетте да жарық көреді.

«Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын іске асыруды түсіндіру және насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу аудандағы ақпараттық-насихат топтары БПҰ-да, партия топтарында, мекемелерде, өндіріс орындарында, сондай-ақ ауыл тұрғындарымен кездесіп, насихат-түсіндіру шараларын өткізді.

Сонымен қатар «Елбасының «Бес институционалды реформаларды орындауда 100 нақты қадам жоспарын орындау» бағдарламасын және Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» және «2020 жылға дейінгі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» және «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы барысы туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы А.Камалбектің есебі тыңдалды.

Іле ауданы бойынша «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жасау бойынша ауқымды шаралар атқарылды.

Іле аудандық депутаттық фракция мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, партия белсенділері, БАҚ өкілдері енгізіліп, бекітілген кестеге сай құрылыс нысандарына рейдтер ұйымдастырып, жұмыстың сапалы, уақытылы, нәтижелі жүргізілуіне ықпал етіп отырды.

Қазір «Нұр Отан» партиясы қарыштау, алға басу, даму сатыларынан өтіп, нағыз халықтық партия атанды. Партиямыз құрылған күнінен бастап, адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Негізінен, партия - қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш. Партия қатарында аянбай еңбек етіп жүрген барша әріптестеріме шығармашылық табыстар тілеп, еліміздің одан әрі өркендей беруіне өз үлестерін қоса беретіндеріне сенімдімін.

Елбасымыз, партия төрағасының бізге артқан сенімін жауапкершілікпен орындауға, ел экономикасын арттырып, партия саясатын жүзеге асыруға әрқайсымыз біліктілігімізбен және белсенділігімізбен үлкен үлес қосуымыз керек. Осы бағыттағы істеріңізге сәттілік тілеймін!

 

Е. ТҰРЫМБЕТОВ,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
аудандық депутаттық фракцияның жетекшісі