БАСТЫ > 

 
 
 
БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ 14.10.2016

       

«100 нақты қадам» - Қазақстан дамуының аса ірі әлеуетін ашып көрсететін маңдайалды міндеттерді нақпа-нақ жүзеге асыру, деп есептейді .
Бұл қалыптан тыс жоспар, онда мемлекеттің, экономика мен қоғамның кезең-кезеңімен жаңғыр¬тылуының одан арғы бағытының негізін қалайтын 100 егжей-тегжейлі және практикалық шешімдер бар. Біздің еліміздің жаһандық деңгейдегі нақтылы артықшылықтарын жасау мен қайта жаңғырту үшін Қазақстанға бес институттық реформа ауадай қажет.
Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 қадамын» орындауының өзіндік нақты сегментіне жеке жауап береді. Әрбір мемлекеттік қызметкер өзінің нақты жұмыс учаскесінде жеке басы не істеді деген сұраққа кез келген уақытта нақпа-нақ жауап беруге дайын тұруға тиіс.
Халық пен елге талмай қызмет ету, өзінің еңбегі мен қам¬қорлығының арқасында Қазақстанның және қазақстан¬дықтардың мүддесіне пайда келтіру арқылы мұндай жоғары жауапкершіліктің үлгісін бізге Елбасы көрсетуде.
Біріншіден, талапты қатайту және сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесінде кәсіби мемлекет қалыптастыру жолындағы ахуалды жақсарту кәсіби мемлекеттік аппараттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған.
Екіншіден, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа көзқа¬растар сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Сот төрелігі институтына қоғамдық сенім арта түседі. Еліміздің инвестициялық тартымдылығы бірнеше есе көбейеді.
Үшіншіден, ұлттық экономиканы терең реформалау стра¬тегиялық инвесторларды дәл тарту мен ғылым жұмсалатын өндірісті көтеру арқылы жоғары технологиялы өңдеуші секторды басым дамытуды көздейді.
Төртіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы мен Баршаға ортақ еңбек қоғамы идеяларын одан әрі ілгерілету азаматтық біртектілікті күшей¬теді және Болашағы Біртұтас Ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті түбегейлі ашуға мүмкіндік береді. «Мәңгілік Ел» - қоғамдағы бірлік пен келісімнің атымен өзгеше моделі, ол жаһандық ауқымда танылған табысты қазақстандық тәжірибенің мәртебесіне ие.
Бесіншіден, мемлекеттің ашықтығы мен есеп берушілігін кезең-кезеңімен дамыту, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, азаматтық қатысуды кеңейту, мониторинг пен бағалау тетіктерін жетілдіру тұтастай алғанда мемлекет басқарудың тиімділігін арттырады.
Алайда, ең бастысы, барлық бес реформа қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, Қазақстанның Экономикалық ынты¬мақ¬тастық пен даму ұйымына мүше елдерде қол жеткізілген жоғары әлеу¬меттік стандарттарға ұмтылуға бағытталған. Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары біздің елімізде мем-лекеттік құрылыстың жаңа тарихи деңгейіне алып шығады.
Бес реформа - 5 күш векторы, олар қосыла келгенде Қазақ¬стан¬ның табанды түрде тек қана алға басуын айқындайды. Қазіргі таңда әлем күрделі де қарама-қайшылықты кезеңді бас¬тан кешуде. Жаһандық экономикада мұның алдындағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарлары әлі де түгел еңсерілген жоқ.