Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
 
ЕҢБЕГІН ЕЛІ БАҒАЛАДЫ 04.02.2016




Азаматтардың мемлекетке, қоғамға сіңірген еңбегін дәріптеудің түрлері көп. Солардың бірі - «Құрметті азамат» атағын беру. Бұл мәртебеге қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлері ие бола алады. Марапат иесі еліміздің, ауданның игілігі жолында көп жыл қалтықсыз еңбек еткен, айналасына сыйлы, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатын азамат болуы керек.
Биыл Аллаға шүкір ауданымыздың тарихында алғаш рет осы мәртебе төл дінімізді таныту бағытында қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан ардагер ағаларымыздың бірі, Қараой ауылдық округіндегі «Омарбек ата» мешітінің бас имамы - Сүлеймен Жұмабаевқа берілді. Сүлеймен аға ұлдарын -ұяға, қыздарын-қияға қондырған жан. Бір өзіне жетерлік беделі, ауыл ішінде төр озып, бас ұстардай абыройы да бар. Жылдар бойы санап жинаған мол тәжірибесін ұрпаққа аманат етіп, ортамызда аман-есен жүре беруіңізге тілектеспіз.,
Біз де аудан жамағаты атынан құтты болсын айтып, Сүлеймен мырзаға зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, әрі қарай да елдің рухани дамуына үлес қоса беруін тілейміз.