«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының желілік кестесіне сәйкес Іле аудандық филиалының мәжіліс залында «Сәтті қадам» партиялық жобасының ІІ-бағыты бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жалпы, жастарды жұмыспен қамту бойынша білім бөлімінің қамқоршылық жөніндегі мамандары, халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара барысында қамқоршылық бөлімінің бас маман А.Мұратқан: «Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.А.Назарбаевтың Мәңгілік ел идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Серпін – 2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жобасының басты мақсаты еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің (Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) жастарының еңбек ресурстарына сұранысының көптігін, батыс және солтүстік аймақтарда ЖОО-нда сапалы білім алуға, білім гранттарына ие болған студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілетіндігі, оқуларын аяқтаған соң жұмыспен қамтылатындығын айтып, олардың, мүмкіндіктерінің көп екендігін түсіндірді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Ұ. Бердібекова өз сөзінде, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалу барысы туралы түсіндіріп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту болып табылатындығын айтты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсанындағы №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленіп, үш бағыт аясында жұмыстар жүргізіліп жатқандығына тоқталды.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті, дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Бағдарлама үш бағыт аясында жұмыс жасауға бағытталған.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 490 адамды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға қайта даярлау курстарына оқыту жоспарланған.
Бағдарлама аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дуалды оқытуды қолдана отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуге мүмкіндік беріледі.
Тегін кәсіптік оқытумен мектептердің түлектері, ҰБТ тапсыра алмаған, оқу орындарына түспегендер, орта жастағы адамдар қамтылатын болады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады. Бағдарламаға қатысушылар өкімет тарапынан тегін оқытылады, сонымен қатар 16759 теңге айына шәкіртақы, 11345 жатақханаға, 9076 теңге жолына төленеді.
Есептік кезеңге 170 адам оқуға жіберілді.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасалатын болады.
Несиенің ең жоғарғы сомасы 18 млн. теңгеге дейін ұлғайтылып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайды. Несие берудің жалпы мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін мерзімді құрайды.
Кәсіпкерлік дағдыларын алу үшін «Бастау Бизнес» жобасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жүзеге асырылады.
2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіптік негіздеріне оқытылады. Ағымдағы жылы 154 адамды оқыту жоспарланған, орындалуы 55 пайыз, немесе 85 адам оқуға жіберілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2017 жылға 106,8 млн. теңге бөлінді. Аталған бағыт шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 70 адамды, орындалуы 104 пайыз, немесе 73 адам жіберілді, жастар практикасына – 95 түлекті қамту жоспарланған, орындалуы 87,3 пайыз, немесе 83 адам қамтылды. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға – 500 жұмыссыз азаматтарды жіберу жоспарланып, орындалуы 237 адам жұмыс жасауда.

|