БАСТЫ > 

 
 
ІЛЕ АУДАНЫНДА ӨТКЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ 13.10.2017

      

        

        Алматы облысы Іле ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында ашық өсік күні акциясы өтті.

Аталмыш акция Алматы облысының бірнеше аудандарында Қазақстан Републикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жузеге асыру бойынша, Агенттік Төрағасымен бекітілген 2017 жылға арналған Кешенді жоспарды орындау мақсатында ұймдастырылып отыр.

Акция барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің бас маманы Сымбат Исрапулова мен департаменттің Ұлттық бюросының Штаб басқарма басшысының орынбасары Аида Жунусбекова аудандық ХҚКО төріне жайғасып, үлестірме материалдарын таратты. 

Көп күттірмей кеңес алуға аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтар мен шешімін таппай жүрген мәселелерінің күрмеуін шешуді көздеп, бірінен соң, бірі келе бастады. 

Айт кетерлік жайт, Агенттік өкілдері акция барысында халыққа тегін консультация берумен қатар, қызмет көрсету орталықтарында орын алатын процесстердегі ашықтыққа, объективтілікке, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілердің болмауына баса назар аударды.