Қоғамдағы жан-жал, даулар бұрыннан бар болса, медиация да сол кезден бастап көрініс тауып келеді. Ескіден қалған бітімгерлікті жандандыруға еліміздегі азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдері (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасын іске асыру туралы ережесі жүргізіле бастады. Негізі, 28 қаңтар 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Медиация» туралы Заңы қабылданып, 06 тамыз 2011 жылдан бастап жаппай елімізде қолданысқа енген еді.
Өткен аптада аудандық сотының төрағасы Жайлаубай Жанат Несіпбайұлы медиация мәселесі бойынша БАҚ өкілдері мен мемлекеттік мекеме басшыларының басын қосып, семинар-кеңес өткізді.
Осы аталмыш кеңеске құқық қорғау органдарының мамандары, мекеме, ұжым қызметкерлері қатысты. Жиынды судья Далабаева Зарякүл Ермекқызы жетекшілік етіп отырды. Ол «Медиация не береді?» деген тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, медиатор боламын дегендерге бағыт-бағдар берерлік әңгіме желісін өрбітті. Сөз арасында судья Зарякүл Ермекқызы жиналған қауымның аудандық сотқа айтар уәждерін тыңдады.
Жиында негізінен алғанда мен медиатормын деп тұра шаппай, әрі тараптардың уақытын үнемдеп, қаражатқа шығынсыз, денсаулыққа да нұқсансыз, жалпы алғанда бітімге келтірер пайдасын аз уақытта нақты жете түсіндіру қажет екені айтылды. Аз уақытта естіп, білгенді адамдар тағдырын әділ шешу үшін әлі де ізденіп, заңның қыр-сырын білуді меңгеру қажеттілігі туралы сөз қозғалды.
Осы орайда ескерте кететініміз құқық қорғау органдарының мамандары курстар мен дәріс өткізіп, бағыт-бағдар беріп отырса, медиаторлардың да жаза басып, жалған айтпауына септігі тиер еді.
|