БАСТЫ > 

 
 
ЖАСТАРЫМЫЗ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АДА БОЛҒАЙ 08.09.2017

 

Апта ортасында Байсерке ауылдық округіне қарасты №12 орта мектеп базасында аудандық ішкі саясат бөлімінің жоспарына сәйкес, жергілікті қоғамдастық кеңестің мүшелерінің, мекеме ұжым қызметкерлерінің, жастардың қатысуымен «Сыбайлас және жастар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің күн тәртібімен Байсерке ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Л.Даирбекова келген қатысушыларды таныстырып, дөңгелек үстелде Н. К Демесинова тарих пәнінің мұғалімі аталмыш тақырып аясында баяндама оқыды. Ол: «Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздегі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл кесел саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық қазақстандықтардың азаматтық борышы деп білу керек», – деді.

Одан кейін сөз алған ауылдың ақсақалы С.Досымбетов елдегі жемқорлықтың белең алуы адамдардың өз құқығын білмегендіктен сынға алды. Ол кісінің айтуы бойынша әр адам әлемді түзеу үшін өзінен бастау керектігін айтты. Жас маман А.Чайрбаев тақырыпқа байланысты өз ойын ортаға салды. Жиында келешек жастарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында көптеген ақыл-кеңестерін айтты.