Басты > Әкімнің жеке блогы
Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ БЛОГЫ
Сәлеметсіздер ме, құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!
Іле ауданының тұрғындарымен, яғни алғашқы ақпарат көздерімен тікелей байланыс жасасуға, пікір алмасу мен түрлі жағдайлар бойынша ақылдасуға, нақтылы ақпаратты алуға мүмкіндік туғызуы үшін құрылған жеке ресми блогыма қош келдіңіздер. Интернет кеңістіктегі ашық пікір алмасу барлығымыз үшін тиімді болары сөзсіз. Дамыту мәселелері толғандыратын, өміріміздегі оң өзгерістерге ұмтылатын барлықтарыңызды блогтың оқырманы болуға шақырамын. Қызығушылық тудыратын мәселелерді, іскери ұсыныстар мен ескертулерді тосамын. Олар менің назарымнан тыс қалмайды және міндетті түрде қаралады. Блог Іле ауданын дамыту жөніндегі бірлескен жұмысымызды жақсартуға көмектесетіндігіне сенімдімін.