Фотогалерея | Әкімнің өмірбаяны | |
Әкімнің сөздері, құттықтаулары | Сұрақтар-жауаптар |
Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы 1955 жылы 30 тамызда Алматы облысы Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.
1974-1979 жылдар аралығында Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын бітірді.
1979-1981 жылдары Алматы облысы, Қаскелең ауданы Жандосов атындағы кеңшардың спорт әдіскері, кейіннен сол шаруашылықтың №8 бригадасының бригадирі, аға агрономы болып қызмет атқарды.
1981-1985 жылдары №6 Ұзынағаш селолық кәсіптік-техникалық училищесінің директоры. 1988-1994 жылдары №11 селолық кәсіптік-техникалық училищесінің директоры болды. 1988-1994 жылдары Жандосов атындағы кеңшардың бас агрономы, Шамалған ауылдық әкімшілігінің басшысы, Қаскелең аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 1995-1998 жылдары «Асар ЛТД» ЖШС –ның директоры болды.
1998-2001 жылдары облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің Қаскелең аудандық филиалының төрағасы болды.
2001-2005 жылдары Алматы облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, жер ресурстарын басқару Алматы облыстық аумақтық басқармасының бастығы болды.
2005-2011 жылдары Қаратал ауданының әкімі, 2011 жылдың 8 тамызынан бастап Райымбек ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
2014 жылдың 26 тамызынан бастап Іле ауданының әкімі болып тағайындалды.
Отбасылы.