ГЛАВНАЯ > ПРОГРАММЫ > «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар туралы МӘЛІМЕТ

 
 
 
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар туралы МӘЛІМЕТ  
 
 

Еліміздің  Президенті Н.Ә.Назарбаев қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасы, ұлт тарихын түгендеу, ұлт  руханиятын  қайта  түлету мақсатында  жасалған бағдарлама.

Іле ауданының 2008-2010 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы  Алматы облысы әкімдігінің 7 наурыз 2008 № 40 қаулысына сәйкес дайындалып жүзеге асырылып келеді.

     Бағдарламаның негізгі мақсаты- еліміздің оның ішінде, ауданның  тарихи-мәдени мұрасын зерделеп, сақтау және қалпына келтіру, аудандағы тарихи-мәдени мұраны толық анықтап, тұратын халықтардың әдет-ғұрыптары мен этнографиясы туралы материалдарды жинақтап сақтау және тарихи-мәдени мұраны  зерттеп, қалпына келтіруде насихаттау жұмыстары болса, бұл ретте ауданда біршама жұмыстар атқарылды.

«Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып насихаттауда ауылдық, кенттік округтерінің әкімдерінде арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілуде. «Мәдени мұра» мемлекеттік  бағдарламасын жүзеге асыруда Іле аудандық «Тарихи –мәдени ескерткіштерді қорғау» жөніндегі аудандық комиссия құрылып, ауылдық, кенттік округтердегі тарихи- мәдени   ескеркіштер есепке алынып, жергілікті әкімдіктер тарапынан  қамқорлыққа алынды.

         Бүгінгі  күні  тарихи –мәдени мұраны қорғау жөніндегі Алматы облыстық орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің арнайы Мемлекеттік сараптамасынан өткізілген мемлекеттік тізімде Іле ауданы бойынша барлығы  67 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тіркелген. Оның ішінде, 13 қала құрлысы және сәулет (1-монументалды, 12-тарихи), 54 археологиялық ескерткіштер (бейіттер, тас қоршаулар мен қорғандар) тіркелген. Алдында аудан бойынша 13 ескерткіш мемлекеттік тізімде тіркелсе, қазіргі уақытта тарихи-мәдени маңызы бар тағы 10 ескерткіш аудан әкімінің 24.05.2012 жылы №13 шешімімен бекітіліп, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау Археологиялық 54 ескерткіштің   6-ың  толық құжаттары бар, ал қалғандары Әлкей Марғұлан атындағы архиологиялық институттары тарапынан жасалуда. Аудандағы тарихи, монументалдық ескерткіштерді сұрыптау жұмыстарын жүргізіп, олардың төлқұжаттары, есеп карточкалары, қысқаша тарихы туралы анықтама-аннотация картасы, фотосуреттері тағыда басқа құжаттары  жинақталды.

Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында аудандық ардагерлер кеңесінің  қатысуымен құрылған комиссиямен арнайы рейд ұйымдастырылып, елді мекендердегі монументалды ескерткіштер мен мектеп мұражайлары тексеріліп,  қортындысы аудандық комиссияда қаралды. Байсерке, Күрті ауылдық округтеріндегі Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштер күрделі жөндеуден өтіп, гүлзарлар мен саябақтары қоршалды. Қалған округ аумағындағы монументалды ескерткіштерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 18 сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне байланысты аудан бойынша   апталық өткізіліп,  елді мекендердегі барлық ескерткіштердің маңдары  тазартылып,  қажетті жөндеу-жаңарту жұмыстары жүргізілді. Ескерткіштердің маңайында жастардың қатысуымен патриоттық-тәрбиелік маңызы бар іс- шаралар өткізіліп, атқарылады.

Өткеннің елесін бүгінгінің тынысын біріктіріп, бір ошақ астына жинайтын мұражайлар мәдени-рухани мұраны құнтта, бағалау елдік   мәселенің өзекті бір арнасы болып отыр.  Осы орайда, музейлердің міндеті- мәдени-тарихи және ғылыми құндылықтарды сақтай отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлт тарихын тереңдетіп таныту болмақ. Бұл салада Чапай ауылдық округіндегі Өлкетану мұражайында ауыл өмірінен құнды құжаттармен фотоальбомдар, фотосуреттер жинақталған. Энергетикалық округіндегі аудандық ардагерлер үйінде еңбек, соғыс ардагерлеріне арналған мұражайда  материалдар жинақталған.

Ауданда жалпы саны 11 көркемөнерпаздар ұжымы, 11 көңілді тапқырлар клубы, 11 аулалық клубы жұмыс жүргізеді. Аталған ұжымдар еліміздің айтулы мерекелері мен аудандағы барлық деңгейдегі мәдени көпшілік іс –шараларға белсене қатысып, халықтың рухани, мәдени сауатт5ылығын арттыруда  зор үлес қосып жүр.

Ақши ауылдық мәдениет үйі жанынан «Халық театры» (режиссеры Г.Ахметбаева)  құрылған атаулы ұжымның  өзінің 30 жылдық мерейтойы 2010 жылы өткізілді.  1979 жылы құрылған «Сартауқұм» ән би ансамблі (көркемдік жетекшісі Қ.Жанжігітов), «Іле толқындары» ұлт аспаптар оркестрі  де (жетекшісі Н. Керімбеков) ұлттық өнер мен мәдениетті дамытып, тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде атқарған жұмыстары қомақты. 

 2004 жылы Іле ауданы әкімінің жанынан жасөспірімдердің  «Іле сазы»  ансамблі құрылды. Атаулы ансамблге белгілі компазитор В.Питерцев жетекшілік жасайды. Алматы қаласындағы Республикалық Оқушылар сарайымен тығыз байланыста шығармашылық еңбек етуде. Сол сияқты  «Наз» бишілер тобы және «Эллегия», «Солнышко»  ансамблдері да барлық деңгейдегі қалааралық, облыстық,  Республикалық «Ғұмырдария», «Жас таланттар»  халықаралық «Ақ көгершін»  байқауларына қатысып,   жүлделі орындарға ие болып жүр.

Биыл «Іле сазы» ансамбліне 5-жыл толды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі белгілі сазгер, Владимир Питерцев, балаларды әнге баулып, ән айтуға үйретуші ұстаз Құрманғалиева Гүлмираның еңбегі бұл салада зор.

Қысқа уақыт арасында ансамбль 2007 жылы «Жетісу жұмақ мекенім» атты бейнетаспа түсіріп, оны Рахат телеарнасынан бір жылдай үзбей көрсетті. Ансамбль құрамын «Солнышко», «Элегия» вокалды топтары, «Еркетай», «Наз» бишілер тобын біріктірген ұжым, Астана қаласындағы Өнер академиясында, ішкі істер Министрлігінің мәжіліс залында, Президентіміздің мәдениет орталығында үлкен концерт берді. Қазіргі таңда ансамбль жанында «Жан-ай», «Ажар», «Нәзік», «Шашу» топтары құрылып, облыс пен аудан аралық концерттерде өнер көрсетіп жүр.

Мәдениет саласы аясын кеңейту, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кітапхана, денсаулық сақтау, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, қоғамдық этно-мәдени бірлестіктермен тығыз байланыс орнату арқылы тұрғындар арасында мәдени-көпшілік, мәдениет пен білім саласындағы дарынды жасөспірімдер мен жастарға қолдау көрсету жұмыстарын жүргізу,  қазақ халқының фольклорлы дәстүрін жаңғырту, ата-бабаларымыздан қалған тарихи мұра көздеріне сүйіспеншілік таныту, музыкалық аспаптарды жасауға арналған қолданбалы өнер орталығын құру, қолданбалы өнер шеберлерін қолдау, жастарды ұлттық музыкалық аспаптарды жасауға және онымен ойнауға оқып, үйрету, көркем шығармашылықты күшейту мақсатында мемлекеттік емес «Мұрагер» қоғамдық бірлестік құрылып, қазіргі уақытта тіркелуден өту үстінде.

Аудандағы ауылдық, кенттік округтердегі мәдениет үйлерінің жұмыстарының нәтижесінде барлық округтерде тұрақты көркемөнерпаздар ұжымдары қалыптасып, сол ауылдың мәдени көпшілік іс шаралары өткізуде.

         Облыстық деңгейдегі өткізілетін байқаулар мен конкурстарға биылғы жылы «Наз» бишілер ансамблі Республикалық делфи ойындарынан жүлделі екінші орынды жеңіп алып, күміс медалмен марапатталды. Сол сияқты «Бабаларымның күйлері-ай» атты облыстық байқауда Рамазан Жасұлан жүлделі  бірінші орынды иеленсе, облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы әншілердің байқауынан Нұрлан Әлдешев жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл ретте «Іле сазы», «Наз», «Эллегия» топтары сияқты балалар мен жасөспірімдер ансамблдері ауданның қандай болмасын мәдени шарасына белсене қатысып, қалалық, облыстық байқаулардан жүлделі орындар алып,  телевизиялық жобаларға да қатысып жүр.

22 наурыз күні ауданның барлық елді – мекенінде мерекеге арналып қазақ үйлер тігіліп, «Наурыз думан!» атты тақырыппен мерекелік жиын, театрландырылған қойылым, мерекелік концерт, қайырымдылық ас, мерекелік сауда – саттық, спорт ойыны түрлерінен жарыстар, жастарға арналған мерекелік ойын-сауық кештері ұйымдастырылып, жоғарғы деңгейде өткізілді. Сонымен қатар Наурыз мерекесінде аудандағы украин, славян, ұйғыр, корей этно-мәдени бірлестіктері, түрік, күрд диаспоралары  өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық тағамдары мен мерекелік дастархандарын ұйымдастырып, қол өнер көрмелерін  жасады. Еңбек ардагерлері, мұғалімдер, мекеме басшылары мен этно-мәдени бірлестік жетекшілеріне аудандық «Нұр Отан» партиясының мақтау грамотасы тапсырылды.   Ұлттық, дәстүрлі ән айту өнерімізді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында жырлаудан жалықпаған жыр алыбы Жамбыл есімін кеңінен насихаттау, ақынның елін сүйгіштігін, отты жылдарда жауынгерлерді рухтандырған қасиеттерін өскелең ұрпаққа үлгі еті мақсатында  ауданымызды «Жамбыл Жабаев атындағы жыршы-термешілер байқауы» өтті. Бас жүлдені КазЦИК ауылдық округінен Жаңабаев Ақылбек, І-ші орынды Междуреченск аулынан Қадылбеков Аманкелді, ІІ-ші орынды Ащыбұлақ ауылдық округінен Матжанов Талғат, ІІІ-орынды Междуреченск аулынан Мейірбектер қанжығасына байлады.    

Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған» отты жырларымен, ойлы, өрнекті өлеңдерімен халқының қадір-қасиетін айта алған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев есімін кеңінен насихаттап, жастардың шығармашылық деңгейлерін көтеру мақсатында «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаев өлеңдеріне жазылған әндерден әншілер байқауы өтті. Ауданның әр округінен барлығы 20-әнші қатысып, бас жүлдені Ақши ауылынан Карибаев Тұрдыбек, І-ші орынды КазЦИК ауылдық округінен Жаңабаев Ақылбек облыстық байқауға жолдама алды. Облыстық байқауға екі үміткеріміз де қатысып, Ақылбек Жаңабаев ІІІ-жүлделі орынды иеленіп, аудан намысын қорғап қайтты. М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған  дәстүрлі әндерден облыстық байқауға Жаңабаев Абзал қатысып, ІІІ-ші жүлделі орынды иеленіп қайтты.

  Аудан әкімі жанына құрылған «Іле сазы» балалар мен жасөспірімдер ансамблінің әншілері  Республикалық  Роза Бағланованың 90-жылдық мерейтойына арналған байқауға қатысып, бас жүлдеге ие болса, Біржан атты ең жас әншіміз Шалқар радиосы арқылы өткен Тайжарыс республикалық байқауда ІІ-ші дәрежелі дипломға ие болды. Сондай-ақ «Көгершін», «Балдаурен» балалар байқауынан да жүлделі орындар иемденді.