Мақсаты:
- Талантты жастарды қолдау, эстетикалық талғамы мен мәдениетінің дамуына қолдау көрсету.
- Жастарды туған өлкеге деген елжандылық сезімдерін қалыптастыру.
Ұйымдастырушылар: Ішкі саясат бөлімі
Өтетін күні мен орны: 17 наурыз сағ: 10 00, Первомай кенті МҮ
Қатысушылар: ауыл, кент округ көлемінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген жастар.
БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ
1. «Менің түйіндемем» Қатысушылар өздерін таныстырады - 3 минут. (түсініктеме төменде)
2. «Мамандықтың бәрі жақсы».– 4 минут. (түсініктеме төменде)
3. «Білім қоры» -1 минут. (түсініктеме төменде)
4. «Мамандықтың киім стилі» - 1 минут. (түсініктеме төменде)
5. «Шеберлік шыңы» Өнер сайысы – 3 минут. (түсініктеме төменде)
Байқау шарттарына түсініктеме:
1-шарт: Байқауға қатысушы өздерін өлең, сахналық көрініс, қара сөзбен таныстырады.
2-шарт: Қатысушы өз мамандығы көлемінде атқарған шығармашылық лабараториясын қорғайды (слайд, видеофильм т.б.).
3-шарт: Білім сайысына қатысушылар Қазақстан тарихы, әдебиеті, саясаты, өнерге байланысты сұрақтарға жауап береді.
4-шарт: Өзі атқаратын мамандығы бойынша киім үлгісімен эмблемасын қорғау.
5-шарт: Өнер сайысына қатысушылар жеке орындауда ән, жатқа өлең оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, би, скетч т.б. көрсетеді.
Қатысушылар туралы мәлімет төмендегі кесте бойынша 10 наурыз Ішкі саясат бөліміне өткізу тапсырылады
№
|
Аты – жөні
|
Туған жылы
|
Жұмыс орны
|
Жетістіктері
|
1
|
|
|
|
|
Ескерту: Байқауға қатысушылардың өзіндік ерекшеліктерін білдіретін нышандарына, киім үлгісіне, сахна мәдениетіне көңіл бөлінеді.
Байланыс телефондары: 2-10-69, 2-06-22
|