БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Шаштараз қызметін пайдаланатын тұтынушыларға (клиент) арналған жаднама  
Шаштараз қызметі келесі нормативтік құқықтық актілерден тұрады:
1. 2010 ж 04 мамырдағы ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы.
2. 2015 ж 03 наурыз №183 Санитариялық қағида «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Шаштараз қызметі – ұйымдар мен клиент арасындағы тікелей қарым-қатынас нәтижесінде, сонымен қатар, клиентті эстетикалық және гигиеналық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ұйымдардың қызметіндегі іс-әрекеттері.
Шаштараз қызметіндегі тұтынушы – азамат (клиент), жеке басына шаштараз қызметін алуға, ойы бар немесе тапсырыс беруші.
Шаштараз қызметін орындаушы – ұйым, ұйымдастыру –құқықтық форма, сонымен қатар, шаш күтіміне, бет және тері күтіміне, тырнақ, жұмысынын түсініп орындаушы, шашатараз қызметін ұйымдастыратын жеке кәсіпкер

Тұтынушы келесі ақпараттарды алуға құқылы:
- Мекеменің атауы (фирмалық атауы), орналасқан орны (заңды мекен жайы), жеке кәсіпкер, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).
- Көрсетілетін қызмет және олардың түрлері, мекеменің мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлік көшірмесі.
- Көрсетілетін қызмет уақыты.
- Нақты қызмет көрсететін Тұлға мәліметі, егер мәліметтерінің дәл мағынасы болса.
- Көрсететілетін қызмет бағасы, сонымен қатар, пайдаланатын материалдар, тәртіп туралы мәліметтер және төлем түрлері.
- Сәйкестік сертификат нөмірі, жарамдылық уақыты, шығарған орган, тіркелген сәйкестік декларация нөмірі, жарамдылық уақыты, орындаушының атауы, декларацияны қабылдаған немесе тіркеген орган.
Орындаушы тұтынушыға танысу үшін ұсынуға міндетті:
- Тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының мекен жайы және телефоны.
- Кассалық аппарат болған жағдайда, қызмет көрсеткен түбіртек үлгілері.
- Шаш үлгілері бар модельдер журналы және альбом, т.б.
- Жеңілдік алуға құқығы бар тұтынушылардың категория тізімі.
- Ұсыныс мен шағымдарға және пікір жазуға арналған кітап.

Шаштараз, сән салонына барған кезде тұтынушылар келесілерге назар аудару керек:
1. Әрбір келушілердің дербес қолдану үшін таза заттар қоры (сүлгілер, сулықтар, ақ жаймалар және басқалар) қамтамасыз етіледі. Таза, қолданылған заттар, парфюмерлік-косметикалық заттар, сондай-ақ жуу және дезинфекциалау құралдары бөлек сақталады. Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір реттік қолданылатын жаға астылық лентамен қолданылады.
2. Клиентің мойнындағы және бетіндегі қиылған шашты алу таза жеке сулықпен немесе мақталық тампонмен жүргізіледі. Қиылған шаштарды алу үшін шашақты қолдануға тыйым салынады.
3. Тұтынушылардың әрбір келгеніне қарай, химиялық бұйралау кезінде шашты бояуға, сулауға тампон немесе шашақтармен жүргізіледі.
4. Қысқыштарды, бигудилерді, қалпақтар мен шашты химиялық бұйралауға арналған торларды, шашты іріктеп бояуға арналған бас киімдерді әр клиенттен соң жуу құралдарымен ағынды су астында жуады.Таза жиынтықтарды қаптамаланған күйінде жұмыс орнындарында сақталайды.
5. Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған шаш қайшылары әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуады, қолдану жөніндегі нұсқауылығы бар зарарсыздандырғышқа немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салады.
6. Зарарсыздандыру ерітінділері таңбаланған, атауы көрсетілген құрал, концентрация ерітіндісі және дайындалған күні белгіленген арнайы ыдыста сақталады. Қазақстан Республикасында қолданылануға рұқсаты бар зарарсыздандыру заттары нұсқау бойынша дайындалған түрде пайдалануға болады.
7. Электр ұстараларының алынатын пышақтарын, косметикалық жабдықтар және аспаптарға қоса жүретін электродтарды дезинфекциялау ерітіндісіне салынған тампондармен (15 минут сайын) екі рет сүртеді.
8. Педикюр жүргізу кезінде аяқ астына салынатын жастықша әрбір қолданудан кейін дезинфекциялау ерітіндісіне салынған шүберекпен сүртіледі.
9. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбір клиенттен соң дезинфекцияланады.
10. Маникюр және педикюр бір рет қолданылатын сулықтармен және зарарсыздандырылған жиынтықтармен жасаған жағдайда, олар алдын ала дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін кәдеге жаратуға жіберіледі.
11. Маникюр, пилинг, косметикалық қызметтер (косметикалық қызмет көрсету түріне қарай) құрамында кемінде 3 жинағы бар жеке жиынтықтар болған жағдайда жүргізіледі. Тері, шырышты беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.
12. Әр жұмысшыда медициналық тексеру қорытынды үлгілерімен, зертханалық тексерулер және гигиеналық аттестациядан өткені туралы жеке медициналық кітапшалары болу керек. Жұмысқа қабылданған тұлға, алдын ала кәсіптік гигиеналық дайындықтан және белгіленген тәртіпте аттестациядан өтуі керек.

Қызметкерлер келесі жеке гигиенасын сақтау керек:
1. Клиентке қызмет көрсету алдында және қызмет көрсеткеннен кейін сабынмен қолды мұқият жуу;
2. Косметикалық кабинеттерде қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделерімен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптарымен жұмыс жасау;
3. Шашты бояуды қолғаптармен жүргізу.
4. Жұмыс орнында темекі шекпеу және ас ішпеу;
5. Арнайы киімдермен жұмыс жасау;
6. Жеке және арнайы киімді бөлек сақтау.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сай көрсетілген қызметтен кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылар талап етуге құқылы:
- Көрсетілген қызмет кемшіліктерін ақысыз жоюға.
- Көрсетілген қызмет бағасын төмендетуге
- Қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктер шығындарын өз күшімен немесе үшінші тұлға арқылы өтеуге.