БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Қоғамдық тамақтану саласы бойынша өткен
дөңгелек үстел туралы ақпарат
 
2015 жылдың 18 қарашасында Іле аудандық «НұрОтан» партия филиалы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша қол қойылған меморандумға сай тұтынушылардың құқықтарын қорғауда тұрғындарға қоғамдық тамақтану саласы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысында Іле аудандық «НұрОтан» партия филиалы бірінші орынбасарының төрайымы Абилова Р.М, Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары Әбеуова Б.Ж, Қоғамдық бірлестік «Азаматтық – әлеуметтік негіз «Болашақ» Нарбекова Т.М. Іле аудандық ҰКП директоры Конурбаев Д.Т., прокуратура өкілдері Дуйсенбаев М, «Бизнес Консалдинг Центр» Пак Л.С, қоғамдық тамақтану саласының өкілдері, БАҚ. Жүргізілген кеңесте қоғамдық тамақтану қызмет көрсету саласы бойынша проблемалар талқыланды: сапнитарлық жағдайының қанағаттанарлықсыздығы, мекеме қызметкерлерінің дөрекі тәртіді, қоғамдық тамақтану орындарында «Шағым және ұсыныс» журналын жаңартудан бас тартуы, тұтынушылар құқықтық білімділігін жоғарлату мақсатында кафе және асхана, ресторандарда тұтынушылар бұрышын ұйымдастыруы, көрсетілген қызметті растайтын құжаттардың берілмеуі, тамақ дайындау іс-шараларына медициналық тексеруден өтпеген бөтен адамдарды қатыстыру, қоғамдық тамақтану орындарына мүмкінділігі шектеулі адамдарға қол жеткіліксіздігі, қоғамдық орындарда шылым және кальян шегуге тиым салу, әр түрлі өндіріс этаптарында өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өндіріске өндірістік бақылауды енгізуді ұйымдастыру туралы, қызметтік орындаушының тұтынушылар құқықтары туралы ақпаратты, тауардың бағасы және тағам көлемі, тағамды еркін таңдауда, сапалы және қауіпсіз қызметке, залалды өтеу, сотқа дейінгі жанжалды реттеу және тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда сот тәртібінде бақылауды реттеу. Қоғамдық тамақтану орындарында санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізуге. ҚР заңының талаптарына сай тұтынушылар құқықтары бұзылған жағдайда жауапты орныдаушы тағайындалуы туралы сұрақтары талқыланды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауда қоғамдық тамақтануда қызмет көрсету саласын жақсартуда ұсыныстар шығарылды.