БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 

Іле ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың 44-ші аптадағы 2014 жылғы 31 қазан - 07 қараша аралығындағы мәліметтер
 
 
                                                                                                    Эпидемиологиялық ахуал
   Ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аптада туберкулез 1 жағдай тіркелді (Өтеген батыр кенті), эхинококкоз ауруымен 1 науқас тіркелген Али ауылынан, токсоплазмоз ауруымен 1 жағдай тіркелген (Байсерке ауылы). Аптада вирусты гепатит, жіті ішек, бруцеллез жағдайлары тіркелген жоқ.
Өткен аптамен салыстырғанда жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен зардап шеккендердің саны 15-тен 22-ге өскен, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны - 10. Белгісіз иттерден зардап шеккендер саны- 7 (31,7 %), мысықтан-2, егеуқуйрықтан - 2 зардап шеккен жағдайы тіркелген. Осы аптада зардап шеккендер: Байсерке ауылынан – 6 жағдай, Өтеген батыр кентінде - 5 жағдайдан, КазЦик ауылынан - 3 жағдай, Жетыген, Боралдай, Ашыбұлақ - 2 жағдайдан, Междуреченск, Чапаев ауылдарынан 1 жағдайдан тіркелген. Барлығына антирабиялық алдын-алу екпе көмегі тағайындалған.

                                                                                                   Санитарлық-гигиеналық жағдай
  Аудандық ТҚҚБ мамандарымен барлығы тіркелген 6 ошақ тексерілді. Апта ішінде 60 науқас зертханалық тексерілді, 80 шайынды алынды, тағам өнімдерінен- 18 сынама алынды, судан 13 сынама, ауадан-10 сынама, зарарсыздандырудан-2 шайынды алынды, барлық нәтижелері талапқа сай келеді.
Зиянды өндіріс факторларымен байланысты жұмысшылардың міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін 2 мекеменің жұмысшыларының тізімі келісілді. Жұмыскерлерге өткізілген мерзімдік медициналық тексерулер (зерттеу) нәтижелері бойынша қорытынды актіге 1 ұсыныс берілді. Жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш келіп түсті. Өтініш бойынша 5 объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді, жоспардан тыс 5 объект тексерілді.

                                                                                                   Санитарлық-ағарту жұмыстары
  Басқарма мамандарымен 2014жылғы 31 қазанда аудандық кәсіпкерлік ассоциациясы, ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «Тағам өнімі оның маркировка бөлімі бойынша», «Жүзу бассейндеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы семинар өткізілді.