Эпидемиологиялық ахуал
Ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аптада вирусты гепатит, туберкулез, жіті ішек, бруцеллез, эхинококкоз ауруымен жағдайлар тіркелген жоқ.
Өткен аптамен салыстырғанда жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен зардап шеккендердің саны 20-дан 15-ке төмендеген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны - 6. Белгісіз иттерден зардап шеккендер саны- 5 (33,3 %), мысықтан-3, егеуқуйрық - 1 зардап шеккен жағдайы тіркелген. Осы аптада зардап шеккендер: Өтеген батыр кентінде - 5 жағдайдан, Жетыген – 3жағдай, Байсерке ауылынан – 2 жағдай, Қараой-2 жағдай, КазЦик, Боралдай, Междуреченск ауылдарынан 1 жағдайдан тіркелген. Барлығына антирабиялық алдын-алу екпе көмегі тағайындалған.
Санитарлық-гигиеналық жағдай
Аудандық ТҚҚБ мамандарымен барлығы тіркелген 8 ошақ тексерілді. Апта ішінде 56 науқас зертханалық тексерілді, 80 шайынды алынды, тағам өнімдерінен- 12 сынама алынды, судан 9 сынама, ауадан-10 сынама, зарарсыздандырудан-29 шайынды алынды, барлық нәтижелері талапқа сай келеді.
Зиянды өндіріс факторларымен байланысты жұмысшылардың міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін 1 мекеменің жұмысшыларының тізімі келісілді. Жұмыскерлерге өткізілген мерзімдік медициналық тексерулер (зерттеу) нәтижелері бойынша қорытынды актіге 1 ұсыныс берілді. Жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш келіп түсті. Өтініш бойынша 3 объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді, жоспардан тыс 3 объект тексерілді.
Санитарлық-ағарту жұмыстары
Басқарма мамандарымен 2014жылғы 23 қазанда аудандық кәсіпкерлік ассоциациясы, ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «Техникалық регламенттер туралы» дөнгелек үстел ұйымдастырылды.
Басқарма мамандарымен 2014жылғы 29 қазанда Өтеген батыр кентіндегі №13 орта мектепте аудандық білім бөлімі, жалпы білім беру орта мектептер жетекшілері, медицина қызметкерлері, асханаларды жалға алушылармен «Аудандағы жалпы білім беру орта мектептері асханаларымен байланысты тағамнан улану және жұқпалы аурулардың алдын алу», «Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында өнімнің және қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге НАССР әдісін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.
Басқарма мамандарымен 2014 жылы 29 қазанда аудандық кәсіпкерлік ассоциациясы, ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен қаржы қызметі саласында (банк қызметі, несие беру ұйымдары, сақтандыру, сауда автоматтары, POS-терминалы және т.б.) тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы дөңгелек үстел өткізілді.
Басқарма мамандарымен аудандық орталық аурухана базасында 2014жылғы 29 қазанда аудандық медицина қызметкерлерімен, ветеринария қызметі өкілдерімен «Туберкулез ауруының алдын алу іс шаралары туралы» 2012ж 12 қаңтардағы ҚР Үкіметінің №33 Қаулысына негізге ала отырып ауданның емдік-профилактикалық мекемелерінің туберкулезге қарсы егу, флюорографиялық тексеру жоспарының орындалу жұмыстары туралы» тақырыбында медициналық кеңес өткізілді.
|