Эпидемиологиялық ахуал
Ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз деп саналады. Осы аптада жіті ішек жұқпалары – 3 жағдай (Байсерке, Междуреченск, Боралдай) туберкулез-1 жағдай (Байсерке), қызылша -2 жағдай (Боралдай) тіркелді, қышыма, вирусный гепатит аурулары тіркелген жоқ.
Өткен аптамен салыстырғанда жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен зардап шеккендердің саны 36-тен 27-ге төмендеді, оның шінде 14 жасқа дейінгі балалар саны -13 (48,1%). Осы аптада иттерден зардап шеккендер: Боралдай-7, Өтеген батыр-4, Жетіген-3, Байсерке-2, Жаңа Дәуір-2, Покровка-2, Ащыбулак-1, Междуреченск-1,Чапай-1,Ынтымақ-1, Тілендиев-1,Жапек батыр-1, Көкқайнар-1. Белгісіз иттерден зардап шеккендер саны- 13 (48,1 %) .Сонымен қатар, Өтеген батыр ауылынан- 1 мысық, Боралдай ауылында 1 егеуқұйрықтан зардап шеккендер тіркелді. Осы аптада зардап шеккендердің барлығына антирабиялық алдын-алу екпе көмегі тағайындалған.
Санитарлық-гигиеналық жағдай
Аудандық ТҚҚБ мамандарымен барлығы тіркелген 33 ошақ тексерілді. Апта ішінде 180 шайынды алынды, тағам өнімдерінен- 24 сынама алынды, судан 27 сынама, ауадан-20 сынама, зарарсыздандырудан-30 шайынды алынды, барлық нәтижелері талапқа сай келеді. Зиянды өндіріс факторларымен байланысты жұмысшылардың міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін 1 мекеменің жұмысшыларының тізімі келісілді. Жұмыскерлерге өткізілген мерзімдік медициналық тексерулер (зерттеу) нәтижелері бойынша қорытынды актіге 1 ұсыныс берілді. Жеке және заңды тұлғалардан 1 өтініш келіп түсті. Өтініш бойынша 4 объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді, жоспардан тыс 4 объект тексерілді.
|