БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Аудан кәсіпкерлерінің назарына!  
Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2015 жылғы 15 шілдедегі №13 «Құс етін өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шаралар енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, патогенді микрофлораның (Salmonella) анықталуы, құрамындағы ылғалдың массалық үлесінің артуы, таңбалау бөлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған құс шаруашылығы өнімдерін (құс етін) Қазақстан Республикасының тұтыну нарығында өткізу фактілерінің белгіленгені туралы өнімнің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері негізінде анықталған.
Қазақстан Республикасының тұтынушылық нарқына ет өнімдерін өткізу фактілерінің анықталуына байланысты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының, еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың №9 қосымшасының 9-тармағы, №12 қосымшасының 5,6-тармақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2267 қаулысымен бекітілген «Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлер және (немесе) өзгеде қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесінің 2 және 4-тармақтары негізінде Қазақстан Республикасы аумағында сауда атауы бар және өндірушілердің құс етін - Мясоптицекомбинат «Благодаренский» ААҚ өндіретін (Ресей Федерациясы, Ставропольский өлкесі, Благодарный қаласы, Вокзальная, 37) «Благояр» балапан етін; - «Нагайбакский птицеводческий комплекс» ЖШҚ өндіретін (Ресей Федерациясы, Челябинск облысы, Нагайбак ауданы, Фершампеуаз ауылы, Речная көшесі, 1) бройлер балапаны және бройлер балапан төсін; - «Юбилейное» ЖШҚ өндіретін (Ресей Федерациясы, Мордовия Республикасы, Чамзинск ауданы, Чамзинка кенті, Юбилейная көшесі) «Хорошее дело» бройлер балапан ұшасын өткізу тоқтатылды.
Осыған байланысты, аталған өнімдер жұқпалы этиологиядағы аурулардың пайда болу қаупін туғызады. Жоғарыда аталған өнімдері аудандағы сауда орындарында және азық-түлік базарларында анықталған жағдайда жазба түрде Іле ауданы Өтеген батыр кенті, Қолдасов көшесі, 8 үй мекенжайға Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына немесе 8 (72752)2 28 17 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұрамыз.