БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
 
Аудан кәсіпкерлеріне, шаруашылық субъектілері басшыларына!

 

 
 
  Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Ұлттық экономика министрінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тексеріс жүргізу туралы бұйрыққа қол қойылғаны туралы хабарлайды.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014жылғы 30 желтоқсандағы №185 «Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тексерулер туралы»бұйрығы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мақсатында 2015 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тексеріс жүргізу тәртібін айқындау туралы.Бұйрықта 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта кәсіпкерлік субъектілерді жоспарлы түрде тексеруден босату көзделген.
Кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын объектілерді тексеру жоспарлы түрде жүргізілетін болады. Негізінен бұл – мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік объектілер.
Жоспарлы тексерістерден басқа:
- өтініштер (арыздар) бойынша;
- инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуалдың асқынуы кезінде;
- бұрын берілген ұйғарымдарды тексеру бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады.
Мұндай жағдайда жоспардан тыс тексерулер сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерге де қатысты болады.
Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары рұқсат беру құжаттарын (объектілерге, жобаларға, өнімдерге, көрсетілетін қызметтерге берілетін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар) беру кезінде және үй ошақтарында (бақылау объектілерінің қызметтерімен байланысты емес) инфекциялық ауруларды тіркеу кезінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыратын болады.
Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша заңның қабылдануымен тексерулер объектілердің тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін енгізу негізінде жүргізілетін болады.
2015 жылы тексеру жүргізудің баламалы нысандарын:
1) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті – халықтың санэпидемиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын сақтаудың тәуелсіз аудиті;
2) өндірістік бақылауды енгізу – ХАССП жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Субъектілердің тексерулердің аталған баламалы нысандарын бақылауды қабылдауы тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары тарапынан тексеруді болдырмауға мүмкіндік береді.
Осылайша, 2015 жылғы екінші жартыжылдыққа тексеру жүргізу кестесін құрғанға дейін бақылау субъектілерінде аталған ынталандыратын компоненттерді енгізу мүмкіндігі бар.
Сонымен бірге, «Санитариялық – эпидемиологиялықсараптамажәне мониторинг ғылыми – практикалықорталығы»РМКК базасында тағам қауіпсіздігін ХАССП жүйесін тереңдетілген үйрену және енгізу негізінде кәсіптік білім деңгейінде даярлау үшін Орталық-Азия оқыту орталығы ашылған (Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84, тел. 8 (727) 375-61-55, 375-44-77).
Өзін-өзі бақылаудың жаңа формалары туралы ақпаратты тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің www.azpp.gov.kz; www.nps-ses.rz. сайтында танысуға болады. Сонымен бірге, басқа да сұрақтар бойынша тел.8-72752-228-17, 2517-754 немесе Өтеген батыр кенті Қолдасов көшесі, 8 үй мекенжайдағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына хабарласуға болады.
 
 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы