БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > Баспасөз – релизі

 
 
 
Баспасөз – релизі
04.02.2015
Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министірлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2015 жылдың «02» -«14» ақпан аралығында ауданда 15 тен 19 жасқа дейінгі ересектер (19 жастағыларды қоса алғанда) арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундаудың жүргізілетінін хабарлайды.
Қосымша иммундау кезінде ағымдағы жылдың 14-ші ақпанына дейін көрсетілген жастағы 17000 тұрғын қызылшаға қарсы иммундауға жоспарланған.
Иммундау облыстың барлық аудандары бойынша 53 егу (медициналық) пункттерінде (медициналық ұйымдар, мектептер, жоғары және орта оқу орындары) жүргізіледі. Иммундау 149 медициналық қызметкерлермен, оның ішінде 88 вакцинаторлармен жүргізіледі.
2012 жылдан бастап республика бойынша қызылша сырқаттанушылығы жоғарылауда, қызылшаның 400-ден аса жағдайы тіркелген.
2014 жылы облыс бойынша зертханамен расталған қызылша жұқпасының 9 жағдайы тіркелді. Қызылшамен сырқаттанғандардың басым көпшілігі 15-29 жас аралығындағы ересектерге (22%) және 1 жасқа дейінгі егу жасына жетпеген балаларға (44%) келеді. Ауданда 2014 жылы зертханалық жолмен расталған қызылша жұқпасы тіркелген жоқ.
Қызылшадан қорғанудың ең жалғыз тиімді жолы вакцинация болып табылады.
Қызылша – дене қызуының жоғарылауы, денеге бөртпенің шығуымен өтетін, жөтел, бас ауыруының қосылуымен болатын жіті жұқпалы вирустық сырқаттанушылық. Аталған сырқаттанушылық таралуының өте жоғары болуымен сипатталады, оның ішінде қызылшаға қарсы егілмегендер қызылшамен ауырған науқаспен қарым – қатынаста болса барлығы ауырады.
Қызылшамен ауырғаннан кейінгі асқынулар: отит, пневмония, энцефалиттер, 2 жасқа дейінгі қызылшамен ауырған балаларда бірнеше жылдан кейін панэнцефалиттің пайда болуы (немесе дамуы) мүмкін.
Қызылшаның вирусы сырқат адамнан сау адамға ауа – тамшы жолдары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде тікелей немесе тікелей емес қарым – қатынаста мұрыннан немесе көмейдің бөліністері арқылы беріледі және науқас бөлмеден шығып кеткеннен кейін де жұғуы мүмкін. Қызылшамен ауырған науқас қоршаған ортасына бөртпе шығардан 4 күнге дейін және бөртпе шыққаннан 4 күннен кейін қауіпті.
Сырқат жұқтырғаннан кейін 7 – 18 күн ішінде дамиды.
Қызылшаға қарсы қосымша иммундаудың жүргізілуіне қатысты барлық сұрақтар бойынша, Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына хабарласуларыңызға болады 8-72752-2-28-59, 8-727-2517-754 және электронды мекенжайға: [email protected]
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министірлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 309113/309404 байланыстары арқылы немесе ресми http://www.almobldzpp.kz/ веб – сайтына хабарласа аласыздар.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы