БАСТЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
АНЫҚТАМА
 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 61,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 85,8%.

Өсуді қамтамасыз ету/ өнеркәсіп өндірісінің төмендеу себептері

Өнімнің келесі түрлері бойынша өсім қамтамасыз етілді: қиыршық тас және құм 28,3%-ға, жүзім шарабы 4 есеге,  минералды су мен алкогольсіз сусындар 29,3%-ға , электр энергиясы 10,5%-ға және табиғи су 3,4%-ға.
          Сонымен қатар 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерінің өндірісі төмендеді:

-
        
темекі өнімдері – 6985,5 млн.дана немесе 81,1% («Джей Ти Ай

Казахстан», «ФМК» ЖКШ- темекіге сұраныстың азаюы, акциздік алымның өсуі, темекіге қарсы шаралар);
           - сүт өнімі 15410 тонна немесе 81,1%(«Райымбек Агро»ЖШС-да жөндеу жұмыстары жүргізілді, сүт өнімдерінің нарығындағы бәсекелестікке байланысты);
      - тауарлы бетон – 85530 тн, немесе 92,3% ( «Бент», «СЖБК», «Ремстройтехника» мекемелерінде тапсырыс көлемі азаюына байланысты);
      Үй құсының мұздатылған еті 4282 тонна немесе 71,1% ( нарықтағы бәсекелестік).
      Өндіріс көлемінің негізгі артта қалушылығын былтырғы жылмен салыстырғанда өндірісті арттырған келесі кәсіпорындар жабуда: «Галанз Боттлерз», «Дольче-Фарм», «Берикап Казахстан», «ФГУ Медиатекс-Н», «Универсал», «Меркур Инвест», «Компания Соник», «АВЗ», «Шин-Лайн».

         Алматы облысының Өңірлік индустрияландыру картасына   1 инвестициялық жоба енгізілді – ол «Азия Темір ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - қағаз бұйымдарын шығаратын зауытының құрылысы. Жобаға 2 млрд. 800 млн.теңге инвестиция тартылып, 24 жаңа жұмыс орны ашылады.
        
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 12,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101%. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы- 28,1 млн.теңге (100,0%), мал шаруашылығы – 12,1 млрд.теңге (101%),  қызмет көрсету – 2,9 млн.теңге.

Өсуін қамтамасыз ету

27456 тонна ет өндіріліп, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда   0,5%, сүт – 21669 тонна немесе 6,8%-ке өсті.
2015 жылдың 1 маусымына ауданда ірі қара мал басы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8%, құс басы - 74%-ға, қой мен ешкі басы және жылқы былтырғы жылдың деңгейінде.
Сонымен қатар жұмыртқа өнімі 12%-ға (101492 мың дана), шошқа басы 3,1%-ға (38380 бас)азайды.
Жұмыртқа өнімінің азаюы «Сарыбұлақ» құс фабрикасының бір құс ұстайтын қорасының жанып кетуіне байланысты, ал шошқа басының азаю себебі торай басын есептеудің методикасының екі есе азаюына байланысты болды
 

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 7880 субъект бар, оларда барлығы  26509 адам жұмыспен қамтылған.    

Өндірілген өнімі мен көрсетілген қызметтің көлемі 81,6 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,6% орындалды, түскен барлық салықтар түсімі – 5,6 млрд. теңге, өсу қарқыны – 118,1% болды.  

Өсуді қамтамасыз ету

Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің көлемі жаңа нысандардың ашылу есебінен өсті. Есепті кезеңде 24 кәсіпкерлік нысандары іске қосылып 93 жаңа жұмыс орындары ашылды, былтырғы жылғы осы кезеңде 17 нысан іске қосылып 59 жаңа жұмыс орындары ашылған болатын.
2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыспен қамтылған адамдар саны 17,8% азайды, оның себебі Первомай кентінің Алматы қаласының қарамағына өтуіне байланысты болды.    
 

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 17,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 106,3% болды.
Инвестицияның жалпы көлемінің 14,8 млрд. теңгесі немесе 83,1%-ы бюджеттен тыс қаражаттарды құрайды.

Өсуді қамтамасыз ету

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,9 млрд. теңге немесе 127,9% құрады.
Есепті кезеңде 37,7 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе былтырғы жылдың осы мерзіміне қарағанда 111,2% болды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Өтеген батыр кентінде жалпы алаңы 9,3 мың шаршы метр болатын екі 50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.Жалпы құны 808,6 млн.теңге, оның 2014 жылы 233,7 млн.теңгесі игерілген. Ағымдағы жылы 189,1 млн.теңге бөлініп, 2015 жылдың 1 маусымына 83,8 млн.теңгесі игерілді.


Сумен қамту. Аудандағы 31 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген, ал тек бір елді мекенге ғана су тасымалданады.
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Жетіген ауылының сумен қамту жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, бөлінген 256,6 млн.теңгенің 77,0 млн.теңгесі игерілді. Одан басқа Жетіген ауылының Дорожник ықшам ауданындағы су мұнарасының (3,1 млн.теңге) қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда.

Жолдар

2015 жылы аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 640 млн.теңге бөлінді, оның ішінде ауыларалық жолдарға күрделі жөндеуге – 488 млн.теңге және ағымдағы жөндеуге – 152 млн.теңге.
Ағымдағы жылы 13,7 шақырым ауыларалық жолдарға күрделі жөндеу және 14,1 шақырым жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі уақытта 11,9 км жол жөнделіп, 470,8 млн.теңге игерілді, оның ішінде ағымдағы жөндеуіне – 184,8 млн.теңге және күрделі жөндеуіне – 285,9 млн.теңге.

Салық және бюджет.

Жергілікті бюджетке – 22 млрд. теңге түсті немесе 101%, 22,2 млрд.теңге ауданның меншікті кірістері.
Бюджеттің шығысы 5,6 млрд. теңге немесе орындалуы – 99,3% болды.

Әлеуметтік сала
Жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау


Жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,3 пайызды құрады.
Ауданның Кешенді кезенінде 731 адам жұмыспен қамтылған, 2015 жылы - 398 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды, 333 уақытша және маусымдық жұмыс орындарымен қамтылды және жергілікті бюджеттің қаражатынан қоғамдық жұмысқа -272 адам жіберілді. 2015 жылдың 5 айында көлемін қысқартқан бір кәсіпорын бар.
1. «САФ шыны компаниясы» АҚ «Южный 1,2» орналасқан жері: Промзона, басшысы Т.Джанталиев, тел: 2-99-38-78. «САФ шыны компаниясы» АҚ «Южный 1,2» шыны шығаратын өндіріспен айналысады. 2014 жылдың желтоқсан айында №2 шыны балқытатын пештің жұмысын тоқтатқан. Өндіріс қажетілігімен 2014 жылдың желтоқсан айынан және 2015 жылдың наурыз айына дейін шығаратын шыны өнімдерін тек қана «қоймаға» қалтырған, ол тек жұмыс орындарын сақтау үшін жасалған шара болған. 2015 жылдың 25 наурыздан бастап №1 шыны балқытатын пештің жұмысы айналым әдістері жоқтықтан тоқтатылып, жұмысшыларды жалақысыз еңбек демалысына жіберді. Жіберілген жұмысшыларға жалақы уақытылы төленіп тұрды. Казіргі таңда «САФ шыны компаниясы» АҚ «Южный 1,2»-де жұмысшылардың жалпы саны-504 адам, өз еркімен жұмыстан босатылған-86 адам, жалақысыз еңбек демалысында-213 адам, жұмыс уақыты боыйнша жартылай қамтылған-224 адам. Жұмыс орындарын сақтау және еңбек ұжымда әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум берілді, аталған мекеме Меморадумға қол койған жоқ, себебі қарастырылып жатыр
Денсаулық сақтау

Ағымдағы жылы жалпы сомасы 115 млн.теңге болатын 2 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жоспарлануда (олар Көктерек ауылында медициналық пункт және Жауғашты ауылында фельдшерлік-акушерлік пункті).
Сәби өлімі көрсеткіші 9,5, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде 14,5 болған, жалпы ауру көрсеткіші 6,7%-ға, туберкулез ауруымен алғаш ауыру 14,3%, вирустік гепатит ауыру көрсеткіші 33%-ға төмендеді.
Жалпы аурумен ауыру аудан бойынша -310,9, 2014 жылы 317,4 болды. Алғашқы ауыру 155,0, 2014 ж – 186,7 болған

Білім беру саласында биылғы жылы 1200 орынды 2 мектеп құрылысы (Жапек батыр ауылы және Боралдай кентінде) және 140 орынды балабақшаға (Косөзен ауылында) қайта жаңғырту жұмыстары жоспарлануда.
Сонымен қатар 2014 жылы басталған 4 мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр, жаңа оқу жылы қарсанында іске қосылмақ (Өтеген батыр кентінде 1200 орынды, Комсомол ауылында 450 орынды, Тлендиев ауылында 600 орынды және Құйған ауылында 180 орынды орта мектеп құрылыстары). Одан басқа мамыр айында Боралдай кентінде және Жәпек ауылында 600 орындық мектеп құрылыстары басталды.
Білім беру саласының 3 нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған (Жапек батыр ауылының № 4 орта мектебі, Боралдай кентінің №17 мектебі және Караой ауылының «Журавушка» балабақшасы), оның 1 нысанында («Журавушка» балабақшасы) жұмыстар басталып, 152,8 млн. теңгесі игерілді.
Компьютермен қамтамасыз ету көрсеткіші орташа 12,5 бір оқушыға. Кең жолақты интернетке 6 мектеп немесе 16 % қосылған.
Биылғы жылдың басынан 490 орынды 5 жекеменшік балабақша ашылды. Қазіргі уақытта ауданда 48 балабақша және 16 шағын орталықтар бар, оларда 6745 бала тәрбиеленуде. 3 пен 6 аралықтағы балаларды қамту көрсеткіші 60,5% болды, былтырғы жылмен салыстырғанда 11% өсті. Жылдың соңына дейін тағы да 18 балабақша және 1 шағын орталық ашылу көзделуде, қамту көрсеткіші 67 % болады.