БАСТЫ > МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕ

1. Қазақстан Республикасының ресми мерекелері
 

Қаңтардың 1-2-сі
Жаңа жыл
Мемлекеттік мейрам
 
Наурыздың 8-і
Халықаралық әйелдер күні
Мемлекеттік мейрам
 
Наурыздың 22-сі, 23-і
Наурыз мейрамы
Мемлекеттік мейрам
 
Мамырдың 1-і
Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығынасәйкес 1996 жылдан бастап атап өтіледі.
 
Мамырдың 9-ы
Жеңіс күні
Кеңестер Одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отансоғысындағы Жеңіс күні.
 
Маусымның 23-і
Мемлекеттік қызметкер күні
Шілденің 6-сы
Қазақстанның Елордасы - Астана күні
 
Тамыздың 30-ы
Қазақстан Республикасының
Конституциясы күні
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы мамырдың 30-ында бүкіл республикалық референдумда қабылданған.
 
Желтоқсанның16-17-сі
Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасында Ұлттық мейрам - Тәуелсіздік күні 16-17желтоқсанда аталып өтеді.


 
2. Қазақстан Республикасының кәсіби және басқа да мейрамдары
 
Желтоқсанның   
16-17-сі
Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасында Ұлттық мейрам -
Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсанда аталып өтеді.
 
Мамырдың 7-сі
Отан қорғаушы күні
1992 жылғы мамырдың 7-інде Мемлекеттік
қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.
 
Мамырдың 31-і
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу жылы болып аталған
1997 жылдан бастап атап өтіледі.
 
Маусымның 4-і
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері күні
1992 жылғы маусымның 4-інде тәуелсіз Қазақстанның
жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді – бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
 
Маусымның 3-ші жексенбісі, 2012 жылғы маусымның 17-сі
Медицина қызметкері күні
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
 
Маусымның 23-і  
Қазақстан полициясы күні
1992 жылғы маусымның 23-інде ҚР Жоғарғы Кеңесі
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы»
Заң қабылдады. 2007 жылы маусымның 5-інде
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін -Полиция күні деп бекітті.
 
Маусымның соңғы жексенбісі, 2014 жылғы маусымның 29
 
Баспасөз, теледидар және радио күні -журналистика күні
2004-інші жылдан бастап маусым айының соңғы 
жексенбісінде атап өтіледі. Оған дейін аталмыш күн 1990 жылдардың басында қазақстандық парламент 
қабылдаған алғашқы БАҚ туралы заңның құрметіне орай 
маусымның 28-інде атап өтілетін.
 
Шілденің 2-сі
 
Дипломатиялық қызмет күні
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
2009-ыншы жылғы шілденің 1-індегі «1998 жылғы 
қаңтардың 20-сындағы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына 
толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес 
атап өтіледі.
 
Шілденің 3-ші жексенбісі, 2014
жылғы шілденің 
20
Металлург күні
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.