2014 жылғы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканың және әлеуметтік көрсеткіштердің қалыпты өсуін дәлелдейді..
2014 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке 161,1 млрд. теңге түсті , бұл жоспардың 82,8 пайызын құрайды, оның ішінде жергілікті бюджетке немесе 55,4 млрд. теңге түсті немесе ол 105,7 пайызды құрады.
Аудан бюджеті 99,5 пайызға орындалып, 53,1 млрд.теңге игеріліді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаппы көлемі 41,7 млрд. теңге болады (ИФО – 102 пайыз) немесе ол облыстық көлемнің 11 пайызын құрайды.
Егістік алқаптар 67267 гектарды құрайды. 2013 жылға қарағанда заманауи технологиямен жұмыс жасау 500 гектарға, (2014 ж. - 6000), тамшылап суару 4 гектарға (150 гектар) артты. Замануаи технологияны пайдаланғанның нәтижесінде майлы дақылдар өнімі 102,2 пайызға, картоп 101,3 пайызға, және көкөніс 102,8 пайызға артты.
Ағымдағы жылы астық жинау сәтті аяқтапды. 52570 тонна дәнді-дақылдар оның ішінде 32114 тонна жүгері жиналды.
Мал басының барлық түрлері мен үй құстарының саны артты. 50780 тонна ет өндірілді ( 2013 жылы 106,7 пайыз болған.), 53762 тонна сүт (100,1 пайыз), 395 тонна жүн (100,3 пайыз) өндірілді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 276 бас малға арналған 3 шаруа қожалығы , 300 бас малға арналған бордақылау алаңы құрылды..
2014 жылы 48 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, 156 млн. теңгенің өнімі сатылды.
2014 жылы 156,5 миллиард теңгенің өндірістік өнімі өндірілді, табыс көлемі 102,9 пайызға жетті. Қайта өңдеу өндірісінде 144,7 млрд, теңге өнімі шығарылды. Ауылшаруашылық өнімінің еншісі 57,2 пайызды құрайды.
Ауданымыз тауық еті, темекі өндірісі, қағаз бен картоннан жасалған қораптар, шыны құтыларын шығарудан жетекші өнім өндіруші болып табылады.
Өткен жылы 14 өндірістік нысан іске қосылды, 8 нысаннның өндірстік аумағы кеңейтілді. 421 жұмыс орын ашылды.
2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін ауданымыздың 29 кәсіппорны мен ұйымы ИСО сериялы халықаралық сапа менеджментіне ендірілді.
Мемлекеттік үдемелі индустрияландыру бағдарламасы арқылы 2014 жылы 247 жұмысшы орнын ашуға арналған құны 7,2 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Олар:
- Алюминний шығару жөніндегі «Алюминий офф Казахстана» ЖШС-гі;
- СМР ЖШС «Абди Ибрахим Глобал Фарм» дәрі-дәрмек зауыты.
- Медициналық бағыттағы өнімдер өндіру жөніндегі «Аксель және А»ЖШС-гі.
2015 жылы 4,2 млрд, теңге құрайтын жобадағы 2 нысан іске қосылып, 424 жұмыс орны ашылатын болады.
Шағын және орта кәсіпкерлік қатарындағы белсенділер саны 546. Мұнда 26473 адам жұмыс істейді немесе белсенді тұрғындардың 27,6 пайызын құрайды. .
Олар 108,2 млрд. Теңгенің өнімін өндірді. Мемлекет қоржынына 7,8 млрд. Теңге салық түсті (41,1 пайыз жергілікті бюджетке түсті)
2014 жылғы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын қолдау аясы әлі де бопса жалғасын тауып келеді. Бұл бағдарламада 63 жоба мақұлданып 23 млрд теңге (оның ішінде инфрақұрылымды дамытуға арналған – 12,6 млн.теңге ) игерілді.
Субсидиялық пайызбен құны 23 млрд, 817 млн.теңге болатын 51 жоба кеплді несиемен құны 19,5 млн. теңге болатын 2 жоба мақұлданды.
2014 жылдың11 айында инвестиция көлемі негізгі капитал 43,3 млрд. теңге жалпы көлемі 97 пайыз. Инвестицияның негізгі көлемі 33,7 млрд.теңге болды немесе оның 77,8 пайызы бюджеттен тыс игерілді. жалпы бюджеттегі инвеститция көлемі 9,6 млрд. Теңгені немесе 22,2 пайызды құрайды.
2014 жылыдың 11 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 24,2 млрд. теңге болды немесе өткен жылғымен салыстырғанда 99,8 пайызды қүрады..
«Қол жетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып 57,6 мың. шаршы метр тұрғын үй салынды немесе 119,1 пайыз 2013 жылғымен салыстырғанда ол 119, 1 пайызға артық.Оның ішінде несиеге – 4,6 мың. шаршы метр, жеке меншік қаржыға – 53 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бюджеттен бөлінген барлық 349,3 млн. теңге толығымен игерілді .
Ауданымыздағы Республикалық бюджеттен жаңадан салынған тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салуға бөлінген 55,4 млн. теңге толығымен игерілді..
2012 жылдан бері «Алматы -Талдықорған» газ құбырын тарту жобасы бойынша 19,9 млрд.теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Газ құбыры Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылының 5989 тұрғынын көгілдір отынмен қамстамасыз етеді. «Алматы-Қапшағай» газ құбыры аяқталғанда Жетіген округі де газ құбырына қосылатын болады.
«Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырын жүргізу жұмыстары аяқталып, 64,4 шақырым магистралді газ құбыры тартылды. «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбыры жалпы саны 47 мың тұрғын болатын 4 ауылды газбен қамтыды.
Ауданымыздағы автокөлік жолы 1249 шақырымды құрайды оның 222 шақырымы республикалық, 1027 шақырымы облыстық және аудандық бағытта. 2014 жылы автокөлік жолын жөндеу үшін 1,04 млрд.теңге бөлінді.
Аудан аумағында автокөлік жолдары мен көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы - Өскемен», «Үлкен Алматы айналма тас жолы» (БАКАД) салынып жатыр.
Қазіргі күні «Алматы - Өскемен» тас жолының құрлысы жүріп жатыр. Тапсырыс беруші - «Қаз АвтоЖол» Ұлттық акционерлік компаниясы. 2014 жылы 8,9 шақырымға орташа жөндеу, 61 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргзілді.
Автокөлік транспорты арқылы 2014 жылдың 11 айында 20,0 млн тонна жүк,77,4 миллион жолаушы тасымалданған.
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2011-2015 жылдары 10 нысанды іске қосу үшін 1,5 млрд.теңге қарастырылмақ. Осының нәтижесінде 8 ауыл таза сумен қамтамасыз етіледі.
2014 жылы : Тілендиев ауылында 1 нысан іске қосылды. Бұл мақсатқа 172,5 млн. теңге бөлінді. 31 елді мекеннің 30 ауылында орталықтандырылған су құбыры бар. Күрті ауылында ғана ауыз су тасымалданады.
Аудан бойынша жылу тарату жүйесі 33,7 шақырымды құрайды, оның ішінде 12 шақырым магистральді, 21,7 шақырым ішкі кварталды болып саналады.
Орталықтандырылған жылу магистралімен жылумен қамту ЖЭО қазандығымен Өтеген батыр кенті, Боралдай кенті, Чапай ауылы және Көктерек ауылы қамтамасыз етілген. Аудан көлемінде 11 қазандық бар, оның 9 табиғи газбен 2 екеуі қатты отынмен жылынады.
Орталықтандырылған электр қуатымен тұрғындардың 99,9 пайызы қамтылған.
Электп қуатын бөлу жүйесі 36,3 мың шақырым болса,. 9 қосалқы станция, 997 трансфораторлы қосалқы станциясы бар.
Аудан тұрғындарын электрмен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында2013 жылы ауданның елді мекендеріндегі 27 жаңа құрылыстың жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, 2,1 млрд. теңге көлемінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.9 нысанға (Междуреченск, Екпінді, Комсомол, КазЦИК, Төле би, Әли, Көктерек, Ынтымақ, Жаңадәуір ауылдарының жаңа құрлыстарына) қаржы бөлініп құрылыс монтаждық жұмысы аяқталды енді тек қосылу ғана қалды.
Сонымен қатар 5 елді мекендегі нысанға арналып (Боралдай кенті, Ынтымақ, Еңбек ауылы, Көкқайнар ауылы, Жаңадәуір ауылы) сметалық-жоба дайындалып жатыр.
Ауданда еңбекпен қамту саласы бойынша да тұрақтылық сақталуда. Іле ауданының 2011-2015 жылдарға арналған «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамту іске асуда.
Жұмыссыздардың жалпы саны 4,0 пайыздан 3,1 пайызға төмендеді..
Ауданда 1268 жұмыс орны ашылды. Мұның сыртында 1100 уақытша және маусымдық жұмыс орны ашылды.
Жұмыспен қамту бөліміне 1210 адам ұсыныс жасаған болса,оның 1019 адамы жұмыспен қамтылды, жұмыспен қамту 84,2 пайызды құрды.
Жергілікті бюджеттің көмегімен қоғамдық жұмысқа 565 жұмысшы тартылды, әлеуметтік жұмыс орнына 181 адам, мамандарды қайта дайындау үшін 230 адам, жастар тәжірбиесіне 139 түлек тартылды. Жұмыс ұсыну жәрмеңкесі 4 рет өтті оған 43 жұмыс ұсынушы қатысты.
2014 жылы әлеуметтік тұрғыда адамдарды қорғауға 8796 адам жіберіліп,оған 140 млн теңге бөлінді. Оның ішінде әлеуметтік төмен отбасылардағы 4664 адамға 95,2 млн теңге бөлінді, мүмкіндігі шектеулі 174 отбасыға, 5,5 млн теңге бөлінді.
Тұрғын үймен көмегімен 524 адам қамтылып, 19,7 миллион теңге игерілді. 56 Ұлы Отан соғысының ардагері 3 миллион теңге көлемінде өтемақы алды.
Жыл сайын білім, медицина бөлімінің мамандары, әлеуметтік қызметкерлер ауылық жерлерде жұмыс жасайтын мәдениет және спорт бөлімінде жұмыс жасайтындар өтемақымен қамтылып отырылады.Атап айтқанда 3949 адамға 36,6 миллион теңгенің өтемақысы төленді.
Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан 9 бала Алматы облысы әкімінің грантымен жоғарғы оқу орнында оқып жүр.
Мүмкіндігі шектеулі 116 азамат жұмысқа орыналастырылды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 51 адам шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысу үшін несие алды.
Әр жыл сайын мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғап, қолдау үшін қаржы саны өсіп келеді.
2 әлеуметтік бөлімі арнайы әлеуметтік көмек қызметімен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 140 мүмкіндігі шектеулі балалар, 16 мүгедек, 1 және 2 топтағы, 194 жалғыз басты қарт адамдар.
Аудандағы медицина саласына 2,3 млрд. теңге бөлінді.
2014 жылы ауданның медицина мекемелеріне қосымша 155,75 штаттық бірлік бөлоінсе, оның 40,5 бірлігі дәрігерлер.
4 дәрігерлік амбулатория ( Жәпек батыр, Екпінді,Қоянқұс, Қосөзен ауылдары), 1 фельдшерлік пункт ( Әли ауылы) ашылды.Боралдай кентіндегі аудандық ауруханаға күұрделі –жөндеу жұқмысы жүргізілді.
8 санитарлық автокөлік, оның ішінде 2 реаномобиль. Медициналық және техникалық жабдықтар сатып алынды. Оған 297,2 миллион теңге бөлінді.Медициналық мекемелерді сани тарлық автокөлікпен қамтамасыз ету 80,0 пайызды құрайды.
2013 жылмен салыстырғанда бала туу 5,9 пайызға төменделді, жаңа туылған сәбилердің өлімі 23,1 пайызға өсті. Қан айналымы жүйесі ауруынан өлу саны 40,4 пайызға төмен, өкпе ауруымен ауырып, қайтыс болғандар саны 2,9 пайызға төмен.
Аудандық білім бөліміне бөлінген қаржы 9,1 млрд, теңгені құрады.Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 3,6 есеге ( 2,5 миллиард теңгеге) артық.
2014 жылы 2850 оқушыға арналған 4 орта мектеп ( Н.Тілендиев ауылында 600, Комсомол ауылында 450, Өтеген батыр ауылында 1200 орынға арналған) құрылысы жүргізілсе, оның Байсерке ауылындағы 600 орынға арналған мектеп пайдалануға берілді. 2 мектеп ғимаратына күрделі жөндеулер жүргізілді ( Көктерек ауылындағы № 21, Қараой ауылындағы № 18 орта мектептер). Қараой ауылдық округіндегі 232 балаға арналған «Журавушка» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу басталды.
16 орта мектеп ғаламторға қосылған, 17 химия кабинеті, 14 физика, 22 биология кабинеті 450 компьютермен жабдықталынды. Қазір аудан көлемінде орта мектептердің 42 пайызы ғаламтормен қамтылған. 33 мектепке 110 интерактивті тақта орнатылып, 28 мектеп лингофон кабинетімен қамтылған.
2015 жылы 2 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүреді, 2 мектептің құрылыс жобасы жасалады, 4 мектептің құрылыс жұмысы аяқталады.Соның нәтижесінде 2017 жылы үш ауысыммен оқу мәселесі шешіледі.
«Балапан» бағдарламасы бойынша 33 балабақша және 16 шағын орталық ашылды. 1 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіліп, мелекеттік тапсырысты орындайтын 17 жеке меншік балабақша ашылды.
2014 жылы 140 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша, 1455 орынға арналған 17 жекеменшік балабақша, мектептер жанынан 50 орынға арналған 1 шағын орталық, және 380 орынға арналған жұмыс істеп жатқан 3 бақша жанынан қосымша топтар ашылды.
Есеп беріп отырған мерзімде мәдениет ұйымдарының жүйесін кеңейту жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.Междуреченск ауылдық кітапханасы және Өтеген батыр кентінде балалар кітапханасы ашылды.
Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың саны 24,8 пайызға өсті. 2014 жылы халықаралық дәрежедегі 3 спорт шебері, Қазақстан Республикасының .5 спорт шебері, спорт шеберлініге 58 кандидат,бұқаралық дәрежедегі 937 спортшы дайындалды.
Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша аудан аумағындағы қылмыстық жағдай жалпы қылмыстың 5 пайызға төмендеуімен немесе 3881-ден 3687-ге азайуымен сипатталады.
2014 жылы ішкі істер басқарма сының материалдық-техникалық жағдайын нығайту үшін 32,1 миллион теңге бөлінді.
Адам көп жиналатын орындарға және Өтеген батыр кентіндегі шығар және кірер жолға бейнебақылау орнытылды.
Ұзақ мерзімдік ортылықтың экономикалық өсуі үшін біздің аудан Алматы қаласымен бірге Алматы агломерациясы аймағына қосылған.Осы жоспарға сәйкес өндірістік,энергетикалық,инженерлік, транспорттық-коммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтік дамыту жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
2015 жылы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға нұсқау берілді.
Ауылшаруашылығындағы егістік көлемін 67672 гектарға көбейту көзделуде.
Аудан көлемінде бағаның шарықтап кетпеуінің алдын алу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
«Қол жетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 73,8 мың шаршы метір тұрғын үй салынады.
«Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыссыздық санын 3,1 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз.
«Аймақты дамыту» бағдарламасы бойынша 7 ауылдың 6 мектебіндегі спорт алаңын жөндеуге, және 8 қорымын қоршау жобасы іске асады.
Ең маңыздысы ауылдардың дамуына көңіл бөлінеді.Біздің мақсатымыздың өзегі аудан тұрғындарының көкейтесті мәселелерін шешу және оларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады..
Оған біздің шамамыз жеткілікті. Біздің басты мақсатымыз – барлық мүмкіншілікті қолдана отырып жетістікке жету. Міне, ауданымыздағы өткен жылы атқарылған жұмыстар мен 2015 жылға арналған жоспарымыз осындай.
|