Құрметті Іле ауданының тұрғындары!
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы есепті кезеңге ауданның дамуын дәстүрлі қорытындылап, сонымен қатар өңірді ары қарай дамытудың жолдарын белгіледі.
2015 жыл есте қаларлық жарқын оқиғалар, маңызды мемлекеттік жобалар және бастамалармен анықталды.
2015 жылдың 26 сәуірінде біздің елімізде маңызды саяси оқиға — Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы болды. Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеңісі – өз халқының жоғары сенімінің нәтижесі.
2015 жыл - Қазақ хандығының 550-жылдығы, Қазақстан халық Ассамблеясының 20-жылдығы, Ұлы Жеңістің 70-жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығы болды.
Өткен жылда ауқымды бағдарламалық құжат - «Мемлекет дамуының 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарының 5 институцианалды реформасын іске асыру басталды.
2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Президент өз Жолдауында ұзақ мерзімді, орта мерзімді және болашақтағы бас дағдарысқа қарсы стратегиясын айқындап берді, ол өсу, реформалар, дамыту - үш қарапайым, бірақ маңызды ұғымдарға тепе-тең.
Елбасымыздың алға қойған міндеттерін және 2011-2015 жылдарға арналған ауданның Даму бағдарламасын іске асыру аясында 2015 жылдың жұмыс қорытындысы аудан экономикасының даму бағытының дұрыстығын көрсетті.
Аудан өнеркәсібінде 174,6 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Облыс өнеркәсіп өндірісінде ауданның үлесі 31,5% құрады.
Өнеркәсіп саясаты мен ауданның индустриалдық базасын 20 ірі және 109 орта кәсіпорындар құрайды. Оның ішінде жүйе құраушы кәсіпорындар саны 6, оның жалпы өндірген өнімдегі үлесі 63,6% жетті, 101,1 млрд. теңгеге әлеуметтік маңызды өнім өндіріліп, өсу қарқыны 93,6% құрады (2014 жылы 108,0 млрд.тенге болған). Сонымен қатар, ауданның темекі компаниялардың өнімі («Филип Моррис Казахстан»ЖШС және «Джей Ти Ай Казахстан»ЖШС) 93,4 млрд. теңге болып, 2014 жылмен салыстырғанда 10 млрд. теңгеге төмендеді.
Екі темекі компаниялардың жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 54 % құрады, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 65 % болған.
Оған жаңадан ашылған, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және қуатының көбеюіне мүмкіндік туғызып отырған өнеркәсіп өндірістері үлестерін қосып отыр. Олар: «Галанз Боттлерс» АҚ (+5 077,5 млн.теңге), «Шин Лаин» ЖШС(+638,7 млн.теңге), «Первый Пивзавод» ЖШС (+386,6 млн.теңге), «Дольче» ЖШС (+1 072,8 млн.теңге), «Компания Соник» ЖШС (+268,5 млн. теңге).
Елімізде экономикалық ахуалының ауыртпашылығына қарамастан кәсіпорындар дамуда және өз қызметінің кемеліне жетуде, 2015 жылы 17 жаңа өнеркәсіп объектілері ашылып, 3 жұмыс істеп тұрған өндіріс кеңейтіліп, қосымша 773 жұмыс орындары ашылды. Ал 2014 жылы да 17 өнеркәсіп объектісі ашылып, 12 кәсіпорын кеңейтіліп, 675 қосымша жұмыс орындары ашылған болатын.
Аймақтық индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы құны 7 млрд.теңге болатын және 220 жаңа жұмыс орны бар 2 инвестициялық жоба іске қосылды. Олар – Түймебаев ауылында алюминий өнімдерін шығаратын «Алюминий офф Казахстан» зауыты және «Абди Ибрагим Глобал Фарм» фармацевтикалық зауыты.
Аудан әкімдігі ауданның даму бағдарламасының шеңберінде 2016 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемін 180 млрд. теңгеге дейін жеткізуін міндет етіп отыр. Оны «Первый пивзавод» ЖШС-гі, «Шин Лайн» ЖШС-гі, «Галанз Боттлерз» АҚ, «Дольче-Фарм» ЖШС-гі, «Медиатекс-Н» ЖШС-гі сияқты ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс көлемін өсіру арқылы, индустрияландыру картасы шеңберіндегі «Алюминий офф Казахстан» ЖШС-гі, «Абди Ибрахим Глобал фарм» ЖШС-гі, «Аксель и А» ЖШС-тері жобалары - өндірістік қуаттылыққа шығу есебінен және жаңадан ашылатын «Азия Темир ЛТД» ЖШС есебінен жеткізуге болады. Сонымен қатар өнеркәсіп өндірісінің көлемін орындау мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» «Халықаралық мамандандырылған көрмесі» АҚ құрылысына «Алюминий оф Казахстан» ЖШС-гі, «Компания Соник» зауыты ЖШС-гі, «АВЗ» ЖШС-гі және «Бент» АҚ өз өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлануда.
Ауданның ауыл шаруашылығы тұрақты дамуда. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 47 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 104,5%.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі өткен жылы 405 га өсті, немесе 67672 га құрады, ал 2016 жылы 565 га ұлғайту көзделуде.
Әр гектардан 24 центнерден 66 мың тонна дәнді дақыл жиналды, сонымен қатар 12,2 мың тонна майлы дақылдар, 26,3 мың тонна картоп, 96 мың тонна көкөніс, 17 мың тонна бақша өнімдері жиналды.
Ауыл шаруашылығын дамытуға инновациялық технологияларды енгізу негізгі міндеті болып табылады. Ауданда 22158 га жерге немесе жалпы егістіктің 33%-на ылғал сақтау, интенсивті технологиясын және тамшылатып суару әдістері қолдануда.
2015 жылы 74 мың тонна ет өндіріліп, 2014 жылға қарағанда 129%-ға орындалды, сәйкесінше сүт – 57 мың тонна, жұмыртқа - 272 млн. дана, 2014 жылдың деңгейінде.
2016 жылы ет өндіру 76 мың тоннаға дейін жеткізіледі, өсімі 2015 жылға қарағанда 3%-ды құрайды; сәйкесінше сүт -58 мың тонна, жұмыртқа -272 млн. дана немесе былтырғы жылдың деңгейінде болады.
Барлық мал басының ірі қара мен түйеден басқасының өсуі күтілуде. Ұлт жоспары "100 нақты қадамын" іске асыруға ауданның мал өсірушілері де өз үлестерін қосуда.
Ұлт Жоспарының 60 қадамын орындау мақсатында ауданда, жобалық қуаты тәулігіне 50 тонна сүт өңдейтін қаймағы алынбаған сүт зауыты салынатын болады. Оның құрылтайшылары "Ырыс" бағдарламасы бойынша сүт-тауарлы ферма құрылысын салуға несие алған Алматы облысының шаруашылықтары болады.
Сүт өнімін өндейтін ауылдық тұтыну кооперативін құру мақсатында ауданда сүт өндіретін 9 шаруашылықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ұлт Жоспарының 61 қадамын орындау мақсатында ауданда 800 басқа арналған ірі қара мал бордақылайтын 4 мал бордақылау алаңдары салынып, жұмыс істейді, қазіргі уақытта 495 бас ірі қара мал бордақылануда.
"Сыбаға" бағдарламасын іске асыру барысында, ауданда асыл тұқымды ірі қара мал басының үлесі 31% - дан 33% өсті. Ағымдағы жылы 4 шаруашылық 219 бас ірі қара мал сатып алды (орындалуы 88,6%). "Алтын Асық" және "Ырыс" салалық бағдарламарын орындау жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы "Алтын асық" бағдарламасы бойынша 1 - шаруашылық 244 бас қой сатып алса (орындалуы 101,6%), "Ырыс" бағдарламасы бойынша 1 шаруашылық 100 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысын салуға 57 миллион теңге несие алды.
Ауданда 62 жылыжай жұмыс істейді, оларда 300 тоннадан астам көкөніс өсіріліп, жиналды, ал 2016 жылы көлемі 2,5 га құрайтын 3 жылыжай салынады.
Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді 39 кәсіпорын жүзеге асырады, өңдеу көлемі 138 млрд. теңгені құрады, ал 2016 жылы 143 млрд.теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.
Ауданда өсімдік шаруашылығында озық технологияларды өндірісте қолдану және егістік алқабын ұлғайту, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру арқылы, ал мал шаруашылығында "Алтын Асық", "Құлан", "Ырыс" бағдарламаларын орындау, сонымен қатар өндірісті жаңғыртуға 1,5 млрд. теңге инвестиция тарту есебінен және «Даулет Бекет» ЖШС-гі түйе сүтін өндіру зауытын салу, оған жаңа жабдықтар сатып алу арқылы, 2016 жылы ауданның ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 50 млрд.теңгеге жеткіземіз.
Аудан бойынша ветеринариялық алдын алу шараларына есепті жылы бюджеттен 104,3 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді. Сібір жарасына 39100 ірі қара мал, 162 мың ұсақ мал, 4650 жылқы, 5000 түйе, 37950 шошқа және де оспаға, ящурға қарсы егу жұмыстары толығымен жүргізілді. Бруцеллезге қарсы серолоогиялық тексерістен 39000 бас ірі қара, 69730 бас қой, 2082 бас түйе және 13481 бас шошқа өтті, оның 93 бас ірі қара және 668 бас қой малы оң нәтиже көрсетіп, олар уақытылы жойылды.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 56,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,2% болды.
Жалпы инвестиция көлемінің 37,8 млрд. теңгесі немесе 67%-ы бюджеттен тыс қаражат арқылы орындалды (кәсіпкерлердің, ұйымдардың жеке қаражаты – 31,6 млрд. теңге, қарызға алған қаражаттар – 4,9 млрд. теңге, банк несиелері – 1,3 млрд. теңге), ал бюджеттік инвестициялар көлемі 18,4 млрд. теңгені немесе 33% құрады.
Экономикалық салалар бойынша инвестицияның негізгі бөлігінің 32% көлік және қойма саласына жұмсалды, 25,5% - өнеркәсіпке салынды, 23%–құрылыс және жылжымайтын мүлікке, 7,4% - бөлшек сауда және қызмет көрсету салаларына тартылды. Осылайша, өткен жылы инвестицияның негізгі бөлігі ауданның инфрақұрылымының дамуына бағытталды.
Елбасы өзінің соңғы Жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қойылған мақсаттарды орындау үшін инвестиция тарту, ішкі қорларды іздеу, кәсіпкерлік белсенділікті қолдау және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану үшін бірталай іс-шаралар белгіледік.
Осыған орай 2016 жылы өнеркәсіп өндірісті, инвестицияны өсіруді және жаңа жұмыс орындарын ашуды арттыруға бағытталған 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда (металл құрылымын өндіруші зауыты «Темір металл» ЖШС, 2000 тонналық көкөніс қоймасы «Улай» ЖШС, қаптау тастарын өндіретін зауыт «Яровит А» ЖШС, қағаз қалдықтарынан жасалатын заттарды өңдейтін зауыт (майлық, әжетхана қағазы, қағаз сүлгілері) «Азия Темир ЛТД» ЖШС, медициналық өнімдерді өндіретін цех «Аксель» ЖШС, көпірлерді салу және реконструкциялау «Мостоотряд 8» ЖШС, жартылай дайын өнімдері зауыты «Вестгрупп сервис» ЖШС, құрылыс кірпіштерін өндіретін зауыт «Ботабеков» ЖК, логистикалық орталық «Айсберг» ЖШС, өндірістік кешен «Армина Трейд» ЖШС, өндірістік кешен және қойма орындары «Плодимпорт» ЖШС, өндірістік кешен және қойма орындары «Шмидт» ЖШС, «Үміт» медицина орталығы).
Жоғарыдағы аталған жобаларға 8 млрд. теңге инвестиция салынып, жаңа 504 жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар медициналық препараттар өндіретін «ПФК Элеас» ЖШС-ң зауытында екінші цехын іске қосу жоспарлануда, онда жаңа 40 жұмыс орындары ашылмақ. Жалпы 2016 жылы аудан экономикасына 60 млрд. теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарлануда.
Кәсіпкерлік – бүгінгі күнге экономикалық даму жолында тұрақты шынайы стратегиялық ресурс локомотиві болып табылады.
Ауданда есепті кезеңде шағын және орта бизнес субъектілерінің елеулі артуы ғана емес, сонымен қатар олардың сапалы түрленуі орын алуда.
Шағын кәсіпкерлік саласында 1802 кіші кәсіпорын, 1875 шаруа қожалықтары, 5408 жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді. Жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 26 414 адам.
Шағын кәсіпкерліктің салалық құрылымында шаруа қожалығын есепке алмағанда, өнеркәсіптің үлесі 6%, құрылыста – 8%, саудада – 56% және басқа да қызмет түрлерінде – 30%-ды құрады.
Кәсіпорындар көбінесе дамыған, нарықтық және өндірістік инфрақұрылымы бар коммерциялық орталықтарда шоғырланған. Жұмыспен қамтылғандар саны 1,3 есеге өсті. Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі Байсерке ауылы мен Өтеген батыр және Боралдай кенттеріне келеді.
Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 26%-нан 35% - на дейін өсті.
Көбінесе бұған ықпал болған "Бизнестің Жол картасы — 2020" бағдарламасын іске асырылуы болып табылады. Осы бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба қамтылды, оның ішінде 11 жоба пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, 3 жоба несиелерді кепілдендіру, 5 жоба – индустриялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 2015 жылы 128 млрд. теңгені құрады, ал 2016 жылы 129 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Бюджетке түсетін түсімдер көлемі 6 млрд. теңге болса, ал 2016 жылы 6,2 млрд. теңге жоспарлануда. Жалпы жергілікті бюджетке түскен салықтың 9,6% шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесінде.
Ауданда 1152 объектілер жұмыс жасайды, оның ішінде 673 сауда объектілері, 9 базар, 129 қоғамдық тамақтану орындары, 139 халыққа тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, 170 сервистік қызмет көрсету объектісі. 2015 жылы 51 сауда және қызмет көрсету объектілері іске қосылып, оларда 273 жұмыс орындары ашылды. 2016 жылы 46 сауда және қызмет көрсету нысандары іске қосу және 300 жаңа жұмыс орны ашу жоспарлануда.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 38,3 млрд. теңгені құрады.
Елімізде кәсіпкерлікке мемлекеттік тарапынан кең ауқымды қолдау көрсетілуде.
Ауылшаруашылық өнімдерін және негізгі азық-түлік тауарларға алыпсатарлық үстеме жасауға жол бермеу үшін базарлар мен наубайханалар басшыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда 27 әлеуметтік бұрыштар құрылды. Сондай-ақ 5 мамандандырылған әлеуметтік дүкен ашылған. Сонымен қатар, қосымша "Алатау-Құс" ЖШС, "Food.KZ" ЖШС әлеуметтік сауда нүктелері ашылып, оларда өзіндік өнім дайындаушы зауыттың бағасы бойынша сатылу ұйымдастырылған.
Бюджеттің кірісі - өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көзі болып табылады, салық базасының өсуі халықтың әлеуметтік мұқтажын шешеді.
2015 жылдың жоспары 126,5 млрд. теңге болса, бюджетке түскен салық 134 млрд. теңгені құрады немесе 106% орындалды.
Республикалық бюджетке кедендік төлемдерсіз 57,4 млрд. теңге түсіп, жоспар 113%-ға орындалды. Ал жергілікті бюджетке 62,6 млрд. теңге салық түсіп, жоспар 102%-ға орындалды, 2014 жылмен салыстырғанда 866 млн. теңгеге артып, өсу қарқыны 101%-ды құрады.
Оның ішінде ауданның өз кіріс түсімдері 61,9 млрд. теңгені құрап, жоспар 101%-ға орындалды, оның ішінде темекіден жоспарланған 51,8 млрд.теңгеден 50,4 млрд. теңге түсіп, 97%-ға орындалды және жалпы түсімнің 81% темекінің үлесінде.
Жолдауында айтылған Президенттің тапсырмасына сәйкес, жаһандық дағдарыс жағдайында бюджеттік қаражатты оңтайландыруға байланысты 2016 жылға аудандық бюджеттің кірістерін 67,5 млрд. теңгеге жоспарлап отырмыз.
Бюджеттің шығысы нақтыланған жоспары бойынша 16,1 млрд. теңгеге орындалып, 99,1%-ға игерілді. Игерілмеген қаражат (147 млн. теңге) үнемдеу есебінен және жосықсыз мердігерлердің нысандарды салу және реконструкциялау кезінде жұмыстар көлемінің болмағанынан пайда болған.
Жалпы бюджет шығынының 11,5 млрд.теңгесі немесе 71%-ы білім беру саласына бөлінді, оның ішінде 3,8 млрд.теңге мектептердің құрылысы мен жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға және 675 млн.теңге мектептердің күрделі жөндеуі мен материалдық-техникалық базасына;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, елді мекендерді аббаттандыру және жарықтандыруға 2 млрд.теңге немесе жалпы бюджет шығынының 13%-ы;
елді мекендердің жолдарын жөндеуге 1 млрд.теңге немесе жалпы бюджет шығынының 6%.
2016 жылға бюджеттің шығысы 13,8 млрд. теңгеге жоспарланды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 23 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 15 пайызға азайды.
Тұрғындардың қаражаты есебінен 82 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді немесе 2014 жылмен салыстырганда 129% орындалды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Қарасай ауданындағы «АсылАрман» тұрғын үй кешенінен 68 пәтердің кілттері табыс етілді, оның ішінде 1пәтер ҰОС ардагеріне, 25 пәтер жетім балаларға, 7 пәтер толық емес отбасыларға және 11 бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне.
"Өңірлерді Дамыту" бағдарламасы шеңберінде Өтеген батыр кентінде жалпы алаңы 9,3 мың шаршы метр құрайтын екі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, олардың тапсыру мерзімі 2015 жылдың 30 мамыр айына белгіленген. Алайда қаражаттың толық бөлінбеуіне байланысты, пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың маусым айына ауыстырылды.
2015 жылдың жоспарына сәйкес 4,2 млрд.теңгеге 4 мектеп пайдалануға берілді (Өтеген батыр кентіндегі 1200 орындық ОМ, Тлендиев ауылындағы 600 орындық ОМ, Комсомол ауылындағы 450 орындық ОМ, Құйған ауылындағы 180 орындық ОМ жапсаржайымен спорт зал, акт залы және асхана бөлмесі).). Сонымен қатар 2,7 млрд.теңгеге 2 мектеп құрылысы жүргізілуде (Жапек батыр ауылында және Боралдай кентінде 600 орынды ОМ), 2016-2017 оқу жылы қарсаңында іске қосылады.
Сондай ақ 2015 жылы 3 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып және 9 білім беру нысандарының жобалары дайындалу үстінде.
Сонымен қатар Междуреченск ауылында жеке тұрғын үй құрылысының инженерлік - коммуналдық жүйелерінің 3-кезеңдегі құрылыс монтажды жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Байсерке (3 кезегі), Караой (3 кезегі), Междуреченск (4 кезегі) ауылдарының жеке тұрғын үй құрылысының инженерлік - коммуналдық жүйелерінің жобалары бүгінгі күнге дайын.
Алдын-ала есептеулер бойынша 2016 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 30 млрд. теңгеге жеткізіледі. 79 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде 70 мың ш. м. жеке тұрғын үй құрылысы және Өтеген батыр кентіндегі 9 мың ш. м. екі 50 пәтерлік арендалық тұрғын үй есебінен іске асырылады.
"Өңірлерді Дамыту "бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы Жетыген ауылында сумен қамту жүйесінің құрылысы мен су мұнарасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 26500 метр су құбыры жүргізілді, 60 метр тереңдікте 5 су қысымы мұнарасы қазылды. Ал Дорожник ықшам ауданында 3100 метр су құбыры, қысым мұнарасы мен насосы ауыстырылды.
2016 жылға Жетіген ауылының сумен қамту жүйесінің құрылысын және қайта жаңартуды аяқтау жұмыстарына қосымша қаражат бөлінді.
Бүгінгі күнге осы саланың шешілмей тұрған мәселесі Покровка ауылындағы сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту мен құрылыс жұмыстары және Өтеген батыр кентіндегі кәріз жүйесінің құрылысы болып тұр, аталған нысандар бойынша жұмыстар 2014 жылы басталып, қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты, жұмыстары тоқтатылған.
Сонымен қатар, 2012 жылдан бастап жүргізілген Боролдай кентіндегі сумен қамту жүйелерін салу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген «Beratex» ЖШС мердігер ұйымы өзіне тиесілі жұмыстарын сапасыз жүргізуіне және сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемінің болмауына байланысты, осы ұйымға Алматы қаласындағы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа талап-арыз берілді. Соттың шешімі бойынша "Beratex" ЖШС-на құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға және мемлекет кірісіне жалпы сомасы 16700 теңге мөлшерінде айыппұл салуды ұйғарды, ал бұл мәселе әлі шешімін таппай тұр.
2015 жылы Өтеген батыр кентінде қоқыс полигонын жаңғырту жұмыстары басталды, бірақ оның аяқталуына биылғы жылға қосымша қаражат бөлінбеді.
Электроэнергиямен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында 9 елді мекендерінің жаңа тұрғын үй құрылыстарында жалпы сомасы 255 млн. теңге көлемінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды (Чапаев ауылындағы Селекцентр, Остров, Доскеева ықшам аудандары, Жапек батыр ауылы, Али ауылының Бұқар Жырау көшесі, Көктерек ауылы (2 кезек), Түймебаев ауылы, Жаңа талап ауылы, Қоян құс ауылы).Атап айтқанда 110 шақырым электр желісі тартылды және 13 трансформаторлық станциялар орнатылды.
Ауданның 31 елді мекенінің 18-і немесе 58%-ы газдандырылды (Боралдай кенті, КазЦик, Комсомол, Қараой, Междуречинск, Екпінді, Жауғашты, Чапаев, Төле би, Жапек батыр, Түймебаев, Ынтымаұ, Көк қайнар, Жаңа талап, Жаңа дәуір, Қоян құс, Байсерке, Өтеген батыр кенті).
Алматы облысының 2013-2030 жылдарға арналған Аймақтық газдандыру сызбасы бойынша «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры құрылысы аяқталды. 64,4 км магистральді газ құбыры салынды. Осы жобаны іске асыру арқылы жалпы 47 мың халқымен 3 елді мекен газбен қамтамасыз етілді. Өтеген батыр кентінің Гүлдер және Қуат ықшам аудандары және Байсерке ауылы мен Покровка кенті газға қосылды.
2012 жылдан бастап жалпы сомасы 19,9 млрд. теңгені құрайтын «Алматы-Талдықорған» магистральді газ құбыры құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жобаны іске асыру арқылы 6 мың халқы бар Ақши ауылын газбен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. «Алматы-Қапшағай» магистральді газ құбыры құрылысы аяқталғаннан кейін Жетіген округін газдандыру жоспарлануда.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 14 жоба іске асырылды. Тендерден үнемделген сомаға қосымша жұмыстар мен жаңа екі жоба жүзеге асты (Өтеген батыр кентінде балалар алаңы және Қосөзен ауылының көшелерін жарықтандыру).
Аудан тұрғындарының негізгі қажеттілігінің бірі аббаттандыру болып табылады, осы мақсатқа 2014 жылы 829 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжат дайындалған.
2015 жылы осы бағытта 7 округте айтарлықтай қарқынды жұмыстар атқарылды. Бұл жерде жалпы сомасы 305 млн. теңгеге тас жолды қалпына келтіру, балалар және спорт алаңдары құрылысына, жаяу жүргінші жиектерін орнату жұмыстары жасалды. 2016 жылы осы жобаны жалғастыруға 190 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, 11 млн. теңгеге 9 ауылдық округте Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына орай соғыста қаза болған жауынгерлерге салынған ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шенберінде аудан аумағында «Алматы - Өскемен» жолының өткізу қабілетін жақсартып, Алматы қаласымен Капшағай демалыс орнын пайдаланушыларға жайлылық пен үзіліссіз және қауіпсіз етіп, оны жаңа техникалық талаптарға сай қылуға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар аудан аумағында Республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл жолдың құрылысы Алматы облысының «Алматы-Қорғас» автокөлік жолының 0-50 шақырымындағы (Арман ықшам ауданының жанынан) «Азаматтық соғыс Ардагер комсомолдары мемориалынан» басталады.
Ауданның 3 елді мекенінде жалпы ұзындығы 11,8 км жолға күрделі жөндеу жұмыстары, ал 17 ауылда ұзындығы 52,7 км жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Автомобиль көлігімен 21 млн. тонна жүк тасымалданды, 2014 жылға қарағанда 104% өсті және 92,5 млн. жолаушылар тасымалданды, бұл 2014 жылға 109% артты.
Сонымен қатар «Зебра» жол белгісі жаңартылып, 214 жол белгілері орнатылды.
Халықтың тұрмыстық жағдайын жоғарылату бағытының бірі, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және аз қамтылғандар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Орташа айлық еңбек ақы 2014 жылға қарағанда 9%-ға өсіп, 117 мың теңгені құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,2%-дан 4,1%-ға төмендеді.
Ауданның барлық экономика салаларында 1820 жаңа жұмыс орындары ашылды, одан басқа 677 уақытша және маусымдық жұмыс орындары ашылды.
«Нұрлы жол», «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «2011-2015 жылдарының Саламатты Қазақстан», «Агробизнес-2020», «Өңірлерді дамыту бадарламасы», «2011-2020 жылдарға ҚР білімді дамыту», «Мемлекеттік индустриялды-инновациялық дамыту» бағдарламалары аясында атқарылатын іс-шаралардың барлығы халықты жұмыспен қамтуға бағытталған. Кәзіргі уақытта белсенді шаралар қолдану арқылы 2700 адам жұмыспен қамтылды, нәтижесінде жұмыспен өзін-өзі қамтығандар саны 25,5%-ға төмендеді.
Халықты жұмыспен қамту «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында іске асырылады. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 6 инфақұрылымдық жоба бойынша Жетіген, Междуреченск, Ақши, Боралдай және Өтеген батыр кенттерінде және Ащыбұлақ ауылдық округінде көше жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, оларда 48 жұмыс орындары ашылды, оның 27-сі аудандық жұмыспен қамту орталығынан жіберілді.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 53 адам 124,4 млн. теңге көлемінде шағын несие алды және үшінші бағыт бойынша 80 адам қайта даярлау курстарын оқып 100 пайыз жұмысқа орналасты.
Әлеуметтiк жұмыс орындарына 74 адаммен әлеуметтік шарттар жасалды. (ай сайын 17500 теңге көлемінде еңбек ақымен субсидияланды). 158 жас түлек жастар практикасына қатысты, оның ішінде 128 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жұмыс орындарын сақтап қалу үшін ауданда 1194 кәсіпорындармен Меморандумға қол қойылды. Соның нәтижесінде ауданда жұмысын тоқтатқан кәсіпорындар жоқ.
2015 жылы 9500 адамнан аса жеткілікті қамтамасыз етілмегендерге 183,1 млн. тенге барлық әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді.
Ауданда мүгедектерді оңалту бағдарламасы іске асырылуда, олардың саны 4551 адам немесе жалпы халық санының 2,3%-ы.
Есепті кезеңде 1000 мүгедекке 25 млн. теңгеге оңалту қызметі көрсетілді (жалғыз қалған қарттар және мүгедектерге үйде қызмет көрсету – 215 адам, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету – 140 бала, жеке көмекші – 59 адам, ымдау тілі маманы – 70 адам, санаториялық-курорттық емдеу – 200 адам, кресло арба – 48 адам, сурдо-тифлоқұралдары (есту аппараты, нашар еститіндерге компьютер, нашар еститіндерге сағат, сотовый телефон, тифломагнитола, тифлотаяқ) – 50 адам, протездеу – 60 адам, міндетті гигиеналық құралдар – 158 адам).
2011-2020 жылдарға білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша ауданда жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы 4 мектеп салынды– (Н.Тілендиев уылында 600 орынға, Комсомол ауылында 450 орынға, Құйған ауылында 180 орынға, Өтеген батыр кентінде 1200 орынға).
"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 2 мектеп салынуда (Боралдай кенті мен Жәпек батыр ауылында 600 орынға), ағымдағы жылда іске қосылады.
Ауданда 39 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепте 39843 оқушы білім алады. Жыл сайынғы балалар санының 4000-ға артуы оқушы орнының тапшылығы мәселесін туындатады. Былтырғы жылмен салыстырғанда оқушы саны 3974 -ке, сынып-жиынтығы 145-ке, ал штаттық бірліктер 1537-іні құрады, 2014 жылмен салыстырғанда 124 бірлікке немесе 9%-ға артты.Еңбек жалақысының айлық қоры 321,4 млн.теңгені құрап, 24,8 млн.теңгеге артты.
Бүгінгі күнге өзекті мәселе - апатты және үш ауысымды мектептер болып отыр. Бір апатты және 15 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілуде - 4 мектеп салынды, 2 мектеп құрылысы жүргізілуде, алдағы 3 жылда 10 мектеп құрылысы жоспарланған.
2 мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді (Боралдай кентінде № 17ОМ және Жапек батырда № 4ОМ). Ауданның 9 мектебі күрделі жөндеуді қажет етеді. Бүгінгі күнге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Биылғы жылы 2 мектеп күрделі жөндеуден өтеді (№ 10 ОМ Чапай ауылы және № 19 ОМ Туймебаев ауылы).
Жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізгі бағыты - ақпараттандыру және білім беру мазмұнын жаңарту болып табылады. Бүгінгі күнге ауданның 39 мектебі толығымен Интернет желісіне қосылған, кең жолақты Интернетке 33 мектеп, дистанционды оқыту каналына - 9 мектеп қосылған. 34 мектеп 110 интербелсенді тақтамен, 27мектеп 37 лингафон кабинетімен, 32 мектеп 74 жаңа модификациялық кабинетпен жабдықталған. Олардың ішінде физика кабинеті- 26, химия кабинеті-22, биология кабинеті- 26.
2015 жылы 120 компьютер сатып алынды, компьютерлермен қамтамасыз ету - 1 компьютерге 12 оқушыдан келеді (2014 жылы 1 компьютерге 14,2 оқушыдан болған).
39 мектептің 33-інде асхана, ал 2-інде буфет жұмыс істейді. 4 ыңғайластырған мектеп ғимаратында асхана мен буфет қарастырылмаған.
33 мектепте 27798 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. (70%), олардың ішінде бюджет және жалға алушы есебінен 3076 бала (12%) тегін ыстық тамақпен қамтылған, оның 2590 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.
Жылдан жылға шалғай елді мекендерден тасымалдауды қажет ететін балалар саны артуда. 2011 жылы 3074 балаға тасымалдау ұйымдастырылса, бүгінге бұл көрсеткіш 5114 құрайды.
Дарынды балалармен ғылыми-зерттеу және ғылыми – әдістемелік жұмыс дұрыс жолға қойылған. Озық педагогикалық тәжірибені тарату ісі жүзеге асырылуда. Облыстық пән олимпиадаларында 2015 жылы 24 оқушы қатысып, олардың 20-сы жүлделі орындарды иеленді. Облыс көлеміндегі «Дарын» ғылыми-практикалық конференциясына 46 оқушы қатысып, 39 оқушы жүлдегер атанды.
2014-2015 оқу жылында халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында 21оқушының 16-сы жеңіске жетті.
1359 мектеп бітірушінің 880-і Ұлттық Бірінғай Тестілеуге қатысты немесе 64,8%. ҰБТ-ның орта балы -76,9 құрады( 2014ж. - 74,6). «Алтын белгіге» 32 үміткердің 27-і өз білімдерін дәлелдеді, ал 9 мектеп бітіруші үздік аттестатқа қол жеткізді.
2015 жылғы жалпы түлектер санынан 746 мектеп бітіруші (55 %) жоғары оқу орнына түсті, олардың ішінде мемлекеттік грантқа 269-ы (36%) ие болды.
Ауданда 76 мектепке дейінгі білім мекемелері бар, оның ішінде 8 мемлекеттік, 56 жеке меншік бала бақшалар және 12 шағын орталықтар. Мектепке дейінгі тәрбиемен 7506 бала қамтылып, 74% құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 22% өсті (2014 жылы 4934 бала- 52 %).
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 2015 жылы 24 жеке меншік балабақша, олардың ішінде мемлекеттік – жеке серіктестік арқылы аудан орталығы Өтеген батыр кентінде 500 орынға арналған балабақша, Қараой ауылында 320 орынға арналған мемлекеттік балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуы 74%-ға жетті. Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 1435 орынға 15 жеке меншік балабақшаның ашылуы жоспарланған, қамту көрсеткішін 83% жеткізу көзделуде.
Бүгінге 87% жеке меншік балабақша мемлекеттік тапсырыс алады (мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі- 841 млн. теңге, оның ішінде 592 млн.теңге республикалық бюджеттен, 187 млн.теңге Ұлттық қордан, және 62 млн.теңге жергілікті бюджеттен).
Жеке кәсіпкерлер мектепке дейінгі ұйымдарды ашу- табысты бизнес екеніне көз жеткізуіне байланысты, жылдан жылға балабақшалар саны артатыны күмән келтірмейді.
Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторлары бойынша ауданда жалпы өлім, балалар өлімі, туберкулезбен ауыру және туберкулезден қайтыс болу деңгейін төмендетуге қол жеткізілді.
Халықтың өмір сүру мерзімі 72 жасқа ұзарды.
Жылдан жылға ауруханалардың материалдық-техникалық жағдайы жақсаруда. 2015 жылы 129 млн. теңгеге медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге аудан тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсету үшін 41,4 млн.теңгеге екі санитарлық автокөлік алынды.
Ауданның жалпы емдеу желісінің ұйымдары онкологиялық аурулардың алдын алу үшін компьютерлік томографпен, маммографпен, видеоколоноскоппен, видеокольпоскоппен жабдықталған. Осыған байланысты медициналық жабдықтармен және медициналық көрсетілім құралдарымен 80%-ға, санитарлық автокөлікпен – 81%-ға жабдықталуы қамтамасыз етілген.
Жыл сайын тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде аудан тұрғындарын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету артуда. 2015 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 485 млн.теңгеге тегін дәрілер бөлініп, қаражат 100% игерілді.
Алдын ала медициналық тексеруге 95386 адам жоспарланған болса, оның 95121 қамтылды, қамту көрсеткіші 99,7 % құрады.
Бүгінгі күнде мемлекеттік - жеке серіктестігі шеңберінде 100 төсекке арналған перзентхана және 200 төсекке арналған травматологиялық орталықтың құрылыстары бойынша Қытай өкілдерімен бірлесе жоспарлауға келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар балаларды туберкулез ошақтарынан оқшаулауға арналған балабақшаның ашылуы мен орталық аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу мәселесі қарастырылуда. Жәпек батыр және КазЦИК ауылдарында жедел медициналық көмек пунктін ашу және Жаңа дәуір, Қосөзен, Екпінді және Қоянқұс ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларын санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етуге ұсыныстар енгізілді.
Экономиканың дамуына байланысты халықтың рухани өмірін жақсарту қажет. Осы бағытта ауданда біршама жұмыстар атқарылуда.
Ауданда халыққа 19 мәдениет нысаны қызмет көрсетеді, жалпы 6 халық ансамблі жұмыс істейді, олар: «Сарытауқұм» халық ансамблі, А. Нұрқожа атындағы халық ансамблі, Ақши халық театры, «Ақниет» әжелер ансамблі, «Элегия» үлгілі ансамлі, «Іле толқындары» фольклорлық-этнографиялық ансамблі.
«Элегия» үлгілік ансамблі Сан Марино Республикасында (Италия) өткен «Танысу фестивальде» бірінші орын алды.
Аудан бойынша 940 мәдени шаралар өткізілді, оның ішінде қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдығына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына және Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына, Наурыз мейрамына, осы ауданның тумасы Нұрғиса Тлендиевтің 90 жылдығына, Сүйінбайдың 200 жылдығына, Абай Кұнанбаев пен Чоқан Уалихановтың 170 жылдығына арналған шығармашылық фестивальдер, байқаулар, театрландырылған қойылымдарын ерекше айтуға болады.
Ауданда дене шынықтыру және спорт саласын дамыту үшін 290 спорт ғимараты жұмыс істейді. Ауданда «Іле» гандбол клубы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істеуде, онда 14 спорт түрі бойынша 1481 спортшылар шынықтырылады.
2015 жылы дене шынықтыру және спортпен қамтылған халық саны 24,5% құрады және 2016 жылы - 25%-ға жеткізу жоспарлануда.
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының 2 спорт шебері, 27 спорт шеберіне үміткер, 819 көпшілік разрядтағы спортшылар дайындалды.
Аудан спортшылары республикалық жарыстарда жалпы 34 медаль ұтып алды, оның 11 алтын, 10 күміс және 13 қола.
Талдықорған қаласында өткен ересектер арасындағы футбол жарысы Чемпионатында, біздің ауданның футбол командасы жеңіске жетіп, осымен 5 дүркін облыс чемпионы атанды. Бұл чемпионатта Али Сауранбаев «үздік ойыншы» атанса, Ақан Инкарбеков «үздік қақпашы» атағына ие болды.
2015 жылдың желтоқсан айында Қызылорда қаласында қыздар арасында гандболдан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өткізілген болатын. Аталған Чемпионатқа Алматы облысы атынан ауданның «Іле» гандбол командасы қатысып, алғашқы рет өз тарихында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Сонымен қатар Алматы каласында жағажай волейболынан ауданның жасөспірімдер қыздар командасы бірінші орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпион атағына қол жеткізді.
Ауданда ішкі істер органының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, полиция қызметкерлерінің жағдай жасау үшін біршама жұмыс жасалуда. Әр бір полиция учаскелік пунктері қызметтік автокөліктерімен қамтамасыз етілген.
Ауданда Ұлт Жоспары "100 нақты қадамының" 30 қадамын орындау мақсатында 140 штат санымен жергілікті полициялық қызмет құрылды. Ол Іле аудандық ішкі істер басқармасының құрылымдық бөлімшісі болып табылады және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті қауымдастыққа есеп беруге міндетті. Олардың құзырына құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылық, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық іс жүргізеді.
Қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту үшін кешенді шаралар жүргізілуде.Тіркелген қылмыстың барлық түрлері 4133 тен 4485 жағдайға дейін немесе 8,5% - ға өсті. Сонымен қатар есірткі қылмысы 24-тен 59-дейін немесе 2,5 есе, адам өлтіру 11-ден 15 дейін немесе 36% - ға, жол-көлік оқиғасы 53-тен 138-ге дейін немесе 2,6 есе, алаяқтық 325-тен 351 дейін немесе 8%ға өсуі байқалды, қылмысты ашу деңгейі 27%-ды құрайды, яғни 2014 жылмен салыстырғанда 6% - ға азайды. Аса ауыр қылмыс жасаған 34 қылмыс тіркелсе, оның ашу көрсеткіші 82% құрады.
Елбасының Жолдауын іске асыру мақсатында аудан аумағында болып жатқан құқық бұзұшылыққа тұрғындардың шыдамдылығын ояту үшін «Көрші бақылау – мүлдем төзбеушілік» атты алдын-алу бағдарламасы енгізілді. Ол тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, көршілерге қамқорлық жасауға, бірлікке, өзара әрекеттестігін жақсартуға және полиция қызметкерлеріне тұрғындардың сенімін арттыруға бағытталған. Ауданда сенім телефондары орнатылды, үгіт-насихат ақпараттары жазылды, сенім телефондары көрсетілген «мүлдем төзбеушілік» бағдарламасын насихаттайтын бильбордтар ілінді.
2015 жылы аталған бағдарлама бойынша сенім телефондарына 998 мәлімдемелер түсіп, оның 556-сы расталды. Бұл шараның нәтижесінде пәтер ұрлығы 49%-ға, тонау 11%-ға, бопсалау 46% азайды.
Қадірменді қауым!
Мен Сіздерді өткен жылғы ауданның даму қорытындысымен және 2016 жылы алға қойылған басты міндеттерімен таныстырып өттім.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші аудан экономикасын өркендетіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін баршамыз аянбай, өзара бірлікте жұмыс істеуіміз қажет.
Мемлекеттілікті одан әрмен нығайту мен Қазақстандық демократияны дамыту жолында Ілеліктер аянбай еңбек ететіндігіне біздің сеніміміз мол. Бұл біздің келер ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз. Біз, оларға қарқынды дамыған саяси-экономикалық тұрғыда әлемнің озық елдерінің қатарына кіретін, бай-қуатты мемлекет қалдырудағы борышымыз. Жаңа стратегия сол күндердің кепілі. Бірлігі бар жерде ырыс тұрады. Ынтымағымыз арта берсін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Пікір-сұрақтарыңыз болса, тыңдауға әзірмін.
|