«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
«Мүлікті жария ету» ұғымы мүлікке заңды түрде иелік ету, қолдану және басшылық ету болып табылады.
Мүлікті жария етуге жататын мүліктер:
1) ақша;
2) бағалы қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған-орналасқан жылжымайтын мүлікті жария етуге жатады.
Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталады.
1. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссиясына, салық органына жария ету субъектілеріне мынадай құжаттар жатады:
1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi (бұдан әрi – өтiнiш);
2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері салық органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша – осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжаттар;
3) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады.
Бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі;
4) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады.
Ақшаны жария ету үшін - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрған осындай банктердiң филиалдарын қоспағанда, Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке жинақ шотын (бұдан әрі – жинақ шотын) ашады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүліктi жария ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсiмделмеген құжаттарын - жария ету субъектісі мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға өткізеді.
Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс мүліктi жария ету – субъектілері, ресiмделмеген мүлiктi заңдастыру үшін тұрғылықты жері бойынша салық басқармасына жолығуыңызға болады.
Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс мүліктi жария етуге қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша Іле ауданы бойынша салық басқармасына хабарласуыңызға болады.
Мекен жайы: Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, 9а үй, телефон: 8-72752-2-16-10
|