БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және есептік қайта тіркеу.
 

 
 
 
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және есептік қайта тіркеу  

1. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында құрылатын, қайта ұйымдастырылатын, қайта тіркелетін, таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару жөніндегі қызметін нақтылайды. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.02.2015 № 101 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттiк (есептік) тiркеу: мемлекеттік (есептік) тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi; бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн (бұдан әрі - БСН) бере отырып, мемлекеттiк (есептік) тiркеу туралы анықтама беруді;заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне (бұдан әрі - Ұлттық тізілім) енгiзудi қамтиды. Тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылуының, филиал мен өкілдікті ашудың мақсатқа сай екендігі туралы мәселе назарға алынбайды, оның өндірістік-шаруашылық қызметін бақылауға алу және оған араласу мақсат етіп қойылмайды.
2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
6. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаларын, сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу үшін тіркеуші органға: 1) осы Нұсқаулыққа сәйкес нысанда өтініші, сондай-ақ өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қол қойылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында қарастырылған тәртіпте тіркеуші органға ұсынылады.Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге; 2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжаты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс. 7. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктерін) Қазақстан Республикасынан тыс жерде ашатын заңды тұлғалар үшін тіркеуші органға сәйкес Ұлттық тізілімнен үзіндісі ұсынылады.
3. Заңды тұлғаны қайта құру
Заңды тұлғаның қайта құруы келесі жағдайларда жүргiзiледi: 1) қосу; 2)бiрiктiру; 3)өзгерту; 4)бөлу; 5)бөліпшығару. Қосылу, біріктіру және өзгерту кезінде тіркеуші органға: Қосылу және өзгерту жағдайда осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысандағы өтініші, біріктіру жағдайда осы Нұсқаулықтың 12, 13, 14, 15, 16, 17, 20-қосымшаларына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініші; 2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның қайта ұйымдастыру туралы шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетілген тапсыру актісі және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісін бекіту туралы шешімі;4) кредиторлардың хабарламаны алған күні көрсетілген және кредитор-заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат, немесе алғаны туралы пошталық хабарламасы қоса берілген құжат.5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.20. Заңды тұлғаның бөліну, бөлініп шығу кезінде тіркеуші органға:1) бөлінген жағдайда осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысандағы өтініші, бөлініп шығарылған жағдайда осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініші;2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның қайта ұйымдастыру туралы шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып – бөліну балансы 4) кредиторлардың хабарламаны алған күні көрсетілген және кредитор-заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат, немесе алғаны туралы пошталық хабарламасы қоса берілген құжат. 5) бөліну нысанындағы қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.