БАСТЫ > Іле аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» > Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алуға болады?
 

 
 
 
Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алуға болады?  

 Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен ҚР кез келген азаматы алдымен «электрондық үкімет» порталында (www.egov.kz) және барлық Қазақстан бойынша ХҚКО-да орнатылған қоғамдық қолжетімділік пункттері арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді және сервистерді пайдалана алады. ЭЦҚ-ны сонымен қатар ҚР ҰКО-мен ықпалдастырылған басқа да ақпараттық жүйелерде пайдалануға болады.
ЭЦҚ-ны «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады, бұл үшін «ЭЦҚ алу» тарауында өтініш беру және қажетті деректерді толтыру қажет. Деректер толтырылғаннан кейін, нөмірі тағайындалған өтініштің электрондық нысаны автоматты түрде жасалады. Бұл өтінішті қағаз жүзінде басып шығару және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына 30 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.
Жаңа жеке куәліктер шығарумен қатар, сізде ЭЦҚ пайдаланудың және сақтаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Енді сіздің ЭЦҚ әр уақытта өзіңізбен бірге болады, бұл қосымша ұтқырлық пен қауіпсізідкті қамтамасыз етеді. ЭЦҚ-ны жеке куәлікке жазып, кез келген ХҚКО-да «электрондық үкіметтің» қызметтерін пайдалана аласыз немесе интернет желісіне қолжетімді кез келген компьютерден жеке куәлікті карт-ридерге қосу қажет. Жеке куәлік жоғалған кезде сіздің ЭЦҚ арнайы PIN-кодпен қорғалғаны жөнінде сенімді бола аласыз.Жаңа үлгідегі жеке куәлікке ЭЦҚ жазуды Халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске асырылады. Қолданыстағы ескі үлгідегі куәліктерге (01.05.2012 ж. дейін берілген) ЭЦҚ алу үшін онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау арқылы алуға болады. Бұл жағдайда да берілген өтінімді растау үшін төмендегі құжаттармен ХҚКО бару қажет.
Жеке тұлғалар үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Тапсырыстың нөмірімен және өтініш берушінің қолтаңбасымен өтініш (белгіленген үлгіде);
- Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты – (жеке куәлік, ҚР төлқұжаты, ықтияр хат, уақытша жеке куәлік);
- Үшінші тұлғамен алушының мүдделерін ұсыну кезінде - белгіленген үлгіде нотариалды куәландырылған алушының (жеке тұлғаның) өкіліне сенімхатты беруіңіз қажет.
Заңды тұлғалар үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Тапсырыстың нөмірімен және өтініш берушінің қолтаңбасымен өтініші (белгіленген үлгіде);
- Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты – (жеке куәлік, ҚР төлқұжаты, ықтияр хат, уақытша жеке куәлік);
- Бизнес-сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің тұпұсқасы/нотариалды куәландырылған көшірмесін беруіңіз қажет;
- Заңды тұлғадан өтініш берушіге – тіркеу куәлігінің иесіне (белгіленген үлгіде) сенімхат. Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының қызметіне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі ұсынылады.
Ескерту
1 айдың ішінде құжаттарды бермеген жағдайда тапсырыс жойылатын болады.
Тіркеу орталығының операторы тапсырысты табысты түрде растағаннан кейін, сіздің жеке электронды поштаңызға https://web.pki.kz/cl сілтемесімен хат келеді. Сілтеме арқылы өтіп, онлайн-тапсырысты берген кезде белгілеген сертификаттарыңыздың сақталған орнын көрсетуіңіз қажет.
Сертификаттарды табысты түрде сақтағаннан кейін, оларды бірден электрондық үкімет порталындағы жұмыстар үшін пайдалануыңызға болады.
Егер қандай да бір техникалық себептермен тіркеудің расталғаны жайлы хат алмасаңыз, онда жіберілген тапсырыстың мәртебесін https://web.pki.kz/order/order_status.xhtml сілтемесі бойынша өздігіңізден тексере аласыз.

Алматы облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Іле аудандық бөлімі