Енді Қазақстанның әрбір тұрғыны еліміздің және дүние жүзінің кез келген нүктесінен баланы балабақшаға кезекке қоюды үйден шықпай-ақ, тәуліктің кез келген уақытында «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асыра алады. Мемлекеттік онлайн қызметтерді «электрондық үкімет» порталында онлайн режимде алудың басты артықшылықтары:
- уақыт үнемдігі
- кезектердің жоқ болуы
- қажетті құжаттардың ұзын тізімінің жоқ болуы, бұл күнделікті міндеттерді жылдам шешуге мүмкіндік береді.
Баланы балабақшаға кезекке қою үшін ең алдымен www.egov.kz порталында тіркелу қажет. Тіркелгеннен кейін «Отбасы» бөлімінде «Баланы балабақшаға кезекке қою» қызметін тандап, «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өтеді. Ары қарай өтінімді толтырып, сұранымды жіберу керек. Бұл қызметке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етілмейді. Қызмет көрсету мерзімі. Нәтижесін білу үшін жеке кабинетте «қызметтер алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу қажет. Кезекті әрі қарай қадағалау үшін «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» қызметін қолдануға болады.
|