БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > КазЦИК > 2015 жылы І тоқсанда атқарылған жұмыстары

 
 
 

КазЦИК ауылдық округі әкімінің 2015 жылы І тоқсанда атқарылған жұмыстары мен 2016 жылға арналған міндеттері туралы халық алдында есебі

 

Құрметті ауыл тұрғындары!

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында: Күрделі кезеңнен лайықты өту үшін экономикалық өсім және шағын, орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету, сондай-ақ ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге, іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажеттілігін баса айтты. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғыртуға мемлекет тарапынан бүгінгі күнде көп көңіл бөлінуде. Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады.

Ауыл шаруашылық бойынша

КазЦИК ауылы негізгі дамыған саласы егін және мал шаруашылығы болып табылады.Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 2356 гектарды құрайды. Округ бойынша 905 га күздік дәнді-дақылдардың егу жұмыстары - 100% орындалды. Атап айтқанда, 200 га жаздық арпа,600 га жоңышқа,146 га еркек шөп,65 га көкөніс, 20 га картоп, 20 га сүрлем жүгері егілген. Егін ору науқанына дайындық жұмыстары жүргізілуде, ал бір шама шаруа қожалықтары егіндерін оруды бастап кетті. Қазіргі таңда Комсомол ауылында көкөніс сақтау қоймасы салыну жоспарлануда. ЖШС «Адал», ЖШС «Vabсо» ауыл шаруашылығын дамытуды қолға алуда. Сонымен қатар, 22 шаруа қожалықтары бар.Оның ішінде жер телімдеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары қорытындысы негізінде 11 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы нысанындағы жер телімдерін тиісті пайдаланбайтыны анықталып, қазіргі таңда Іле аудандық прокуратурасына құжаттары тапсырылды.
Бүгінгі күні округ бойынша шаруа қожалықтарындағы малдары мен ауыл тұрғындарының малдарын қосқанда, ірі қара мал 1852 сиыр - 631 бас, ұсақ мүйізді мал 2020 қой -1100 бас, жылқы – 83, бие- 36 бас, шошқа -88 бас,құс-4563 бас. 2015 жылы өткізілген жәрмеңкеге КазЦИК ауылдық округінен 1250 кг ет төмен бағамен сатылды. Сонымен қатар 1,5 тонна көкөніс өнімдері сатылды.
2015 жылы мал шаруашылығы бойынша мемлекеттік «Сыбаға бағдарламасымен» «VABCO» ЖШС ірі қара мал 200 бас, «Алтын асық бағдарламасымен» «Адал» ЖШС 100 қой сатып алуды жоспарлады. ЖШС «Адал» корпорациясы 160 га жерге ылғал сақтау технологиясын қолданып егу әдісін жүзеге асыруда. Сондай-ақ ЖШС «Vabco» 420 га жерге, жамбырлатып суару технологиясын қолдануда және 30 га алма бағын отырғызды, оған 3000 м пластикалық су құбырларын жүргізіп қойды, келер жылда тамшылатып суару жүйесін қолдануды жоспарлап отыр.

Шағын және орта бизнес саласы бойынша

Ауылдың дамуына ықпал ететін орта және кіші бизнестің орны ерекше. Округ бойынша 40 азық-түлік дүкендері, техникалық жөндеу орталығы (СТО)- 2, 1-мейрамханасы және шағын маркеті, 2 шаштараз, 3 дәріхана, 3 дөңгелек жөндеу орталығы, 2 кафе,1 жанар жағармай құю станциясы жұмыс істейді. КазЦИК ауылында орналасқан жылыжай құрылысы аяқталып, халыққа қызмет көрсетуде. Барлығы орта және кіші бизнес саласында 140 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
Төрт дүкенде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына арналған «әлеуметтік бұрыш» ұйымдастырылған. Округімізден 12 жағдайы төмен отбасыларға және 20 зейнеткерлерге төмен бағамен азық-түлік сатылады.

Инфроқұрылым

Электрлендіру: КазЦИК ауылдық округі бойынша мемлекеттік 2020 жол картасы бағдарламасы аясында «Капсстройгрупп-Т» және «ЖетісуИнжиниринг» компанияларымен үш көше электрлендірілді. Атап айтқанда КазЦИК ауылында Бекет ата көшесіне қуаттылығы 160 кВт-қ трансформатор, 57 уйді, Белағаш Ақұлы көшесіне қуаттылығы 100 кВт-қ трансформатор, 36 уйді, Комсомол ауылында Суйінбай аронұлы көшесіне қуаттылығы 160 кВт-қ трансформатор, 92 уйді жарықпен қамтамасыз етті. КазЦИК ауылында Гиль, Кабылдаев, Тасыбеков көшелеріне 126 жаңа бетон электр бағаналарына ауыстырылды.
Газдандыру: Комсомол ауылына газдың қуатын көтеру мақсатында «АлматыгазсервисХолдинг» АҚ-ы және «Іскер» компаниясымен бірлесе 4,5 км диаметрі 159 құбырмен Чапаево ауылынан Комсомол ауылына орта қысымды газды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Комсомол ауылы Ж.Жабаев көшесіне диамері 76 газ құбыры көше тұрғындарына тартылып жатыр. ҰОС-ы 70-жылығына Тыл еңбеккері Мукашева Оңғаш апамызға тегін газ құбыры тартылды. Сондай-ақ Комсомол ауылы, Ж.Жабаев 1а көшесі тұрғыны, Божабаева Света Ешмуханбетова, 1966 жылғы, кәмелетке толмаған 31.07.1997 жылы туылған 3- топтағы мүмкіндігі шектеулі баланы балалар үйінен қамқорлыққа алып тәрбиелеуіне байланысты 50% жеңілдікпен газ құбыры тартылды.
Жол мәселесі: КазЦИК ауылдық округіне қарасты облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына асфальт төселіп күрделі жөндеуден өтті, Комсомол-Шелеккемер бағытында 4 км, КазЦИК-Военный городок бағытында 5,5 км асфальт төселді. Сонымен қатар жол жиегіндегі қоршау белгілері қайта жаңартылып жатыр.
2015 жылы мемлекеттік сараптаудан өтіп Іле ауданы маслихатына қаражат бөлуіне жіберілген көшелер:
КазЦИК ауылында:
1.Гиль 1048 м
2.Алатау 236 м
3.Райымбек 258 м
4.Муканов 220 м
5.дача Қисанов 860 м
Комсомол ауылында:
1.Кулибаев 1101 м
2.Жабаев 280 м
Ағаш кесу: КазЦИК округі бойынша жартыжылдықты барлығы 86 ағаш кесілді оның ішінде №6 мектеп ағаштары, Қабылдаев ,Қисанов, көшелері, ағаш кесу жұмыстары әлі жалғасын таппақ.
2016 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Комсомол ауылы Қ.Кушелеков көшесінде 13 млн. теңге қаражат көлемінде жарықтандыру жоспарланған.
Білім саласы бойынша КазЦИК ауылдық округінде оқушы саны 2204 болатын 2 жалпы білім беретін орта мектеп бар.25 баланы қамтитын 1 шағын орталық және 210 баланы қамтитын 6 бала бақша бар.Оның ішінде 2 балабақша «Балапан» бағдарламасымен жұмыс істейді, атап айтқанда, Комсомол ауылында «Ботақан», КазЦИК ауылында «Зерде» балабақшасы. Жаңа оқу жылында округке қатысты саяжайдан КазЦИК ауылының №6 орта мектебіне 311 оқушы тасымалданады.2014 жылы тасымалдауға 2,5 млн. теңге бөлінсе, 2015 жылы 3 млн.699 мың теңге бөлінді. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 56 бала өтті. 3 бала «Алтын белгі» төс белгісін,3 оқушы үздік аттестат алды.
Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында тізімі қарастырылып, 100-ге жуық мектеп жасындағы балаларға округ әкім аппаратының ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттен 1млрд.259млн.теңге бөлініп Комсомол ауылында 450 орынға арналған мектеп құрлысы басталып, қолданысқа 25 тамыз 2015 жылы аяқталуы жоспарланған. Бас мердігер ЖШС «АлматыКонстракшн-БМ» компаниясы құрылыс жұмысын жүргізуде. Ғимараттың жалпы алаңы – 9630,7 шаршы метр. Жобалау құны – 1 млрд. 205 млн. 529 мың 043,15 теңге. Сонымен қатар 2016 жылы КазЦИК ауылында 900 орындық мектеп құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Денсаулық сақтау саласы бойынша округте 2 денсаулық сақтау объектісі бар: КазЦИК ауылы бойынша 1-дәрігерлік емхана және Комсомол ауылы бойынша 1-медициналық бөлімше бар.
Күнделікті ауруларды қабылдау, үйге шақыру, белсенді патронаж жасау, диспансерлік санақта тұрған ауруларды көктемгі және күзгі емдеуден өткізу, медициналық алдын алудан өткізу және тегін дәрі-дәрмектермен қамтамсыз ету, манипуляциялар жасау, диагностикалық көмек көрсету, бәрі дер кезінде орындалады.
Кепілді тегін медициналық көмектің көрсетілуі:
Салауатты өмір салты іс шаралары үнемі өткізілуде, емханада ана мен бала бұрышы бар. Керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ай сайын ана мен бала дәрігерлік бақылаудан өтіп тұрады.
Сонымен қатар Комсомол ауылында ФАП бар.
Округтің тұрғындарының , қоғамдық кеңес пен ақсақалдар алқасының ұсынысы негізінде, жоғарыда аталған округтің аумағының көлемі мен тұрғындардың санын ескере отырып, медицина қызметкерлердің уақытын және науқастардың денсаулығын дер кезде ем қабылдауына біршама жұмыстарын жеңілдету мақсатында, КазЦИК ауылдық округінің ауылдық дәрігерлік емханасына жедел жәрдем жеңіл автокөлігін беруге Іле ауданының №2 аудандық емхана басшысына хат жолданды. Осы аталған мәселе онды шешіммен шешіледі деген сенімдеміз.
Әлеуметтік сала. КазЦИК ауылдық округінің әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету стандартқа сай жүргізілуде.
КазЦИК ауылдық округы әкімі аппаратының бас маманы Д.Жакыпбеков әкім аппаратына келген жеке тұлғаларға мемлекеттік стандарт бойынша көрсетілетін қызмет түрлері бойынша мәлімет беруде.
КазЦИК ауылдық округы бойынша сайлаушылар тізімін реттеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда КазЦИК ауылдық округіне қарасты баубақша серіктестігі тұтыну кооперативтерінен; Ветеран 12, Водник, Достық, Оптимист, Ветеран, Еңбек, Крылья, Меллиоратор, Приозерное, Ягодка бау бақша серіктестіктерінен Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебіне «Буралкиев» ЖК автопаркінің автобусы 311 оқушыны тасымалдап жатыр. 16194 әскери қалашығынаң №17 орта мектебіне 62 оқушы тасымалдануда, тасымалға жауапты ЖК «Буралкиев» №6, 17 жалпы білім беру мекемелеріне тасымалға бөлінген қаражат құны 3699000 млн. тг. Дружба бау бақша тұтыну коперативінен Алатау ауданына қарасты қарасу елді мекенінде орналасқан №160,164,179 жалпы білім беру мекемелеріне келісім шарт негізінде 155 оқушы тасымал мен қамтамасыз етілген, бөлінген қаражат кұны 2233333 млн.тг. 2015 жылдын 1-тоқсанынан бері 18 жасқа дейін балалар жәрдем ақысын алған отбасылар саны 35, балалар саны 111 жалпы бөлінген соммасы 1057637 млн.тг.
Қоғамдық кеңесі КазЦИК ауылында 9 адамнан, ал Комсомол ауылында 5 адамнан құралған Қоғамдық кеңес құрылған. Кеңес мүшелері округтегі әрбір өткізіліп жатқан іс-шараларға белсене қатысып, округ әкімі аппаратының алға қойған мақсаттарымен танысып, күннен күнге жұмыстарын жандандыруға ықпалын тигізуде.Сонымен қатар ауыл арасында кішігірім кикілжіндерді құқық қорғау органдарына жеткізбей өзара келісіммен шешу үшін, КазЦИК ауылынан Джамилов Мэлс және Комсомол ауылынан Ахмедов Мырза медиация жұмысын жандандыруына ат салысуда.
Мәдениет саласы бойынша Округімізде «Ақ әжелер» ансамбльдері,БЖК «Еламан» жасөспірімдер клубы және басқа да өнерпаздар ұжымдары жұмыс істеп , округіміздің мәдени өміріне белсене қатысады.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында округ әкімінің шыршасында КазЦИК а/о мүгедек, жетім, жартылай жетім, тұрмысы төмен отбасы балаларына барлығы 116 адамға және саяжайдан 6 балаға мерекелік шаралар ұйымдастырылып, жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Мерекелік шараға 145 – мың теңге жұмсалды. Сондайақ ҰОС ардагері Алдабергенов Карлды аудандық маслихат депутаты және ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Әлдібібекұлы және округ әкімі С.Күзембаев Жаңа жыл мерекесімен құттықтап мерекелік сыйлықтар табыстады.
«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған «Аналар өмірдің гүлі, көңілдің жыры» іс-шара өтті.
6 наурыз күні сағат 11.00-де КазЦИК ауылдық округінің №6 Ә.Молдабеков атындғы орта мектебінің мәжіліс залыңда №6 ОМ және 31 ОМ мектеп оқушыларынан және округ көркемөнерпаздардан құралған «Аналар өмірдің гүлі, көңілдің жыры» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мереке соңынан округ әкімі С.Кузембаев пен ҰОС ардагерлері кеңесінің төрағасы Б. Нұрпейісов округтегі төсек тартып жатқандарға үйіне барып, мерекелік сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ азық-түлік пакеттерін 4 жалғыз басты, жағдайлары күрт төмен аналарға таратты. Барлығы жұмсалған қаржы соммасы 250 000 теңгені құрады. Мерекелік іс-шараға 150 ана қатысты.
22 наурыз күні «Наурыз-думан» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Қазақтың салт- дәстүріне сай 8 қазақ үй,4 шатыр және алтыбақан құрылып,округ тұрғындарына дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Әжелер ансамблі «Тұсау кесер» салт-дәстүрін көрсетіп,ауылымыздың кішкентай азаматының тұсауын кесті.Округіміздің әкімі «Батыр шапағаты» атты медальдарын осы ауылға еңбегі сіңген құрметті азаматтарымызға табыс етті.Сондай-ақ әртүрлі номинациялармен тұрғындарды грамота сыйлықтармен марапаттады.
Комсомол ауылы бойынша: 1 қазақ үй және 2 шатыр тігіліп,округ тұрғындарына дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.
1 мамыр мерекесінде КазЦИК және Комсомол ауылында ҚР халықтарының ынтымақ күніне арналған мерекелік шеру өткізілді. КазЦИК ауылында Қ.Байқадамқызы-А.Қисанов-А.Аитов көшесімен түрлі ұлт киімін киген, қолдарына гүл шоқтарын, транспорант, шар ұстаған мектеп оқушылары, ұстаздар, ауыл тұрғындары, жастар барлығы-1200-ден астам адамдар шеруге шықты.
Құрамы-500-ден тұратын осындай топ Комсомол ауылының Кушелеков- Кулибаев көшелерімен мерекелік көңіл күйде жүріп өтті.
Мерекелік шеруден кейін мерекенің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Округ әкімі С.Кузембаев, Іле аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Ә.Исаев, Әйелдер кеңесінің төрайымы А.Қ.Нұрова, «Әділхан» мешітінің имамы М.Маңғытбаев құттықтау сөздер сөйледі.
9 мамыр мерекесінде округ мектептерінде соғыс ардагерлерімен және тылда еңбек еткен ардагерлермен кездесу кештері өткізілді. «Даңқ» саябағындағы мемориалы сырланып, жөндеу жұмыстары жүргізілдіт және 25 биік ағаштар кесілді. 9 мамыр күні КазЦИК ауылының орталық алаңында Жеңіс күніне арналған №6 орта мектеп, №31 орта мектеп оқушыларынан және №97617 әскери бөлім сарбаздарынан құралған әскери шеру өткізілді. «Даңқ» мемориалына гүл қойылып, соғыста қаза болғандарға 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Мереке соңынан округ әкімі С.Кузембаев пен қоғамдық кеңес мүшелерімен округтегі 1 соғыс ардагері мен 56 тың еңбек ардагерлерінің үйлеріне азық-түлік пакеттері таратылды және ауылдық кітапханада «Жеңіске бастау жол» атты документальді фильмнің тұсаукесері болды.. Салтанатты шеруге 3600 жуық адам болды.
1 маусым мерекесі күні КазЦИК ауылының орталық алаңында «Балаларды қорғау күніне» арналған №6 ОМ және 31 ОМ мектеп оқушыларынан құралған концерттік бағдарлама өткізілді. Бағдарламаға сәйкес ауыл балаларына балмұыздық және шырындар таратылып, спорттық ойын түрлері шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жарыстары өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мереке соңынан округ әкімі орынбасары А.Жасымбеков, Ф.Барзани округтегі мүгедек балалардың үйіне барып, киімдерімен сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ киімдерімен сыйлықтарын округтегі мүгедек, жетім, жартылый жетім және әлеуметтік жағдайлары төмен отбасы баларына таратылды. Барлығы жұмсалған қаржы соммасы 100 000 теңгені құрады.
«Өңірлік даму »бағдарлама бойынша КазЦИК ауылында орналасқан «Даңқ» саябағында ескерткіш тас орнатылып, 196 (бір жүз тоқсан алты) Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің аты-жөндері жазылып, 8 мамыр күні ашылу салтанаты өткізілді. Ескерткіш тасты жөндеу жұмысын ЖК «ЭнерджиСервисКонсалтинг» және «АрланСтройИнвест-75» мердігерлері жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бөлінген 750 мың (жеті жүз елу) теңгені толық игерілді. Бүгінгі күні жұмысы толық аяқталды.
Салық саласы бойынша КазЦИК ауылдық округінен 2015 жылы жоспарланған
2, 4 млн. теңге орнына 880 мың теңге салық түсті, орындалғаны -36,6% пайызға орындалды, оның ішінде жеке тұлғалардың осы күнге дейінгі мүлік салығы бойынша нақты түсім –422 мың теңге, жоспар бойынша - 960 мың теңге, орындалғаны -44%;
жер салығы бойынша нақты түсім – 404 мың теңге, жоспар бойынша – 1 млн.200 мың теңге, орындалғаны – 17,5%;
саяжайлар жер салығы бойынша –56 мың теңге, жоспар бойынша - 320 мың теңге, орындалғаны – 17,5%.
Округ бойынша салықты жинау жұмыстары күнделікті орындалуда.
Қоғамдық тәртіп бойынша Округімізде қылмыспен күресуге және қылмысты алдын алу іс- шаралары жүргізіледі. Округте қылмыс бойынша барлығы – 512 іс тіркелді, оның ішінде адам өлтіру-2,зорлау-3, ұрлық-69, бұзақылық-15. Ауыр қылмыс пен аса ауыр қылмыс жасау біршама азайған. 2013 жылмен салыстырғанда қылмыстық істі тіркеу 3,5% азайған.
Байқағанымыздай 2015 жылы округіміз экономиканың барлық саласында, әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім, мәдениет пен спорт салаларында нақты табыстарға қол жеткізді. Алдағы 2015 жылға қойған жоспарымыз да ауқымды. Ол міндеттерді толық жүзеге асыратындығымызға сенеміз. Президентіміздің халқына жолдаған Жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды толық орындайтын боламыз.