БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Энергетик (Өтеген батыр) > Энергетический ауылдық округ әкім есебі

 
 
 
Энергетический ауылдық округ әкім есебі  
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп береді.
Бүкіл әлемді шарпыған экономикалық дағдарысқа қарамастан, округімізде әлеуметтік-экономикалық өсім, халықты әлеуметтік қорғау шаралары қамтамасыз етіліп отыр. Өткен жылдың қараша айында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етті. Елбасы жаңа Жолдауында осы уақытқа дейінгі реформаларды ілгері бастырып, әлеуметтік саланы қолдау және халықтың күнкөріс әлеуетін арттыру, жастарға жағдай жасау секілді бірқатар стратегиялық қадамдар жасауды алға қойды.
Мемлекет басшысы Жолдауында ел дамуының барлық саласын қамтып, алдағы жылдар ішінде атқарылатын істерді нақтылап берді. Ұлан-байтақ жері бар біздің еліміз үшін экономикалық және инновациялық даму сатысына көтеретін стратегиялық маңызы бар алдыңғы қатарлы заманауи көліктік инфрақұрылым – жарқын болашаққа апарар жол екендігін айтты.
 
Округте өнеркәсіп бойынша
 
Ірі өнеркәсіпте жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер: темекі өнімдерін шығаратын «Филип Моррис Казахстан» акционерлік қоғам, темекі өнімдерінің сыртқы қорабын шығаратын «Эмкор Табако Пакеджинг Казахстан», металлопластик шығаратын өнеркәсіп «Алматинская пластмассовая компания ТУНХЭ», пластикалық қақпақ шығаратын «Берикап Казахстан», жылыту материал шығаратын «Полпан КЗ» қызмет етеді.
Орта өнеркәсіпте - сүт тағамдарын шығаратын «Райымбек Агро», асфальт-бетон қоспасын жасайтын «Рассвет», сплитерлік блок жасайтын «АСМ АКСУ», полиэтилендік труба жасайтын «СКА 63», арнайы аяқкиім тігетін «Дархан МНМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қызмет етеді.
 
Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамыту

2014 жылы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша орта шағын бизнесте саны 15-ке көбейді, бұл 128 қосымша жаңа жұмыс орындарын ашылуына себеп болды. Қазіргі таңда округте орта шағын бизнес саны – 435, оның ішінде өндірістік бағытта – 15, жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер саны – 1209 адам. Округте – 125 дүкен, 25 – кафе, 7 – АЗС, 16 – дәріхана, 24 – шаштараз, 6 – ТЖО, 2 – базар жұмыс істеуде.
2014 жылы окрукте 3 – дүкен, 1 – асхана, 1 –дәмхана, 3- сұлулық салоны, 1- кафе, 2 – АЗС, 1- сауда орталығы ашылды, 1 – ТЖО, 1 – тіс емдеу орталығы, 2 – банк ашылды.

Салық

Энергетический ауылдық округі бойынша 2014 жылы жер және мүлік салығы 97% орындалды, оның ішінде мүлік салығы– 5 млн. 600 мың теңге, жер салығы – 1 млн. 972 мың , саяжай салығы - 450 мың теңгені құрайды. Салық төлеушілердің саны былтырғы жылға қарағанда көбейген.
Округ әкімі аппаратының салық жөніндегі бас мамандары салық төлеу бойынша тек жеке тұлғалармен жүргізіледі. Жеңілдетілген төлем қатарына: әскери қызметкерлер, әскери борыштарын өтеудегілер, 1-2 топтағы мүгедектер кіреді. Ал соғыс ардагерлері, Чернобыль апатына қатысушылар, социалистік еңбек ардагерлері, «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградталған көпбалалы аналар салықтан босатылған.
 
Әлеуметтік қорғау

Энергетический ауылдық округінде 29875 адам бар, экономикалық белсенді азаматтар саны 13614 адам, жұмыссыз азаматтар саны 519, өздігімен жұмыспен қамтылған азаматтар саны 3559 адам, жыл басынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз 80 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелсе, оның ішінде 62-і қоғамдық жұмысқа жіберілді. 24 адам әртүрлі мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған 6 адам, кәсіби оқуға жолданғандар 8 адам, жастар тәжербиесіне жолданған 18 адам. Округ бойынша былтырғы жылы жұмыссыздар көрсеткіші 0,4 пайызды құрайды.
Халықтың кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында, жыл басынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 111 отбасының 359 баласына 5 млн 705 мың 247 теңге көлемінде тағайындаса, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 5 отбасының 24 адамына 556 мың 686 теңге көлемінде тағайындалып, төленді. Тұрғын үй көмегі жәрдемақысы 138 адамына 4 млн 800 мың 055 теңге көлемінде есептеліп, жеке есеп шоттарына аударылды. Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 600 мың 000 теңге көмек төленді. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқыту үшін төленетін әлеуметтік көмек 22 адамға 611 мың 586 теңге төленді. Ауған соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және соғыста қайтыс болғандардың 48 отбасына бір жолғы әлеуметтік көмек 1 млн 120 мың теңге қаражат бөлінді. Барлығы 13 млн 393 мың 574 теңгені құрайды.
 

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының орындалу туралы
 
Жұмыспен қамту Бағдарламасының бірінші бағыты ауылдық елді-мекендерді дамыту бойынша 2014 жылы «МАКС ДОРСТРОЙСЕРВИС – 21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Титов көшесіне толық жөндеу жұмыстарын жүргізді.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы округке жастар тәрбиесі – 39 адам, әлеуметтік жұмыс орны – 6 адам, оқуға – 8 адам жіберілді. Сонымен қатар шағын несие бойынша – 11 адам қамтылып барлығы 27 млн.900 мың теңге көлелемінде шағын несие алды.
 
 
Тұрғын үй туралы
 

«Қол жетімді баспана – 2020» бағдарлама халықтың тұрғын үйге қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту, проблемаларын кешендi түрде шешу болып табылады. Бұл бағдарлама бойынша Энергетический ауылдық округіде жаңа жылда 64 пәтерлі жалға беру тұрғын үй азаматтарға тапсырылды.
Қазіргі таңда Өтеген батыр кентінде екі елу пәтерлі көп қабатты тұрғын үй салу құрылысы жүргізілуде.
 
Сумен қамтамасыз ету туралы
 
Округті таза сумен қамтамасыз етіп отырған мемлекеттік коммуналдық «Су құбырлары және канализация»мекемесі қамтамасыз етеді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы округте жүзеге асырылуда. 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Карасу елді мекеніне су құбырын тарту бойынша ЖШС «Гидротехник жоба» жобалық смета құжаты 5 млн. теңгеге жасалуда.


Абаттандыру және жол
 
Алматы облысы әкімінің 2014 жылғы 11-ші наурыз №65-ө өкіміне және аудан әкімінің 2014 жылғы 18 наурыздағы №3-214 өкіміне сәйкес елді мекендердің көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын іске асыру барысында «көктемгі санитарлық тазалау 18 наурыз айынан 15 мамыр айына дейін және 15 қыркүйектен 15 қараша айына дейінгі санитарлық тазалау» деген атпен әр аптаның сәрсенбі күндері және сонымен қатар «Сәрсенбі тазалығы» атты Энергетический ауылдық округі аумағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қарасу ауылын «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі санитарлық тазалығын күнделікті қадағалап, қоқыстардан тазартып отыруда. Тұрғындардан шартқа отыру арқылы контейнерлі алаңдардан және жеке секторлы әр ауладан демалыссыз бекітілген график бойынша қоқыстары шығарылады.
Округте жыл басынан абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бойынша «МАКС ДОРСТРОЙСЕРВИС – 21» жауапкершілігі шектеулі серіктестікі жұмыс істеді.
 Титова көшесі №2,4,8, 12,14, Абая көшесі № 1«В» және №1«Б», спортивная көшесі № 1,2,3, үй аулаларынна абаттандыру және баларға араналған ойын алаңдарына жұмыстар жүргізілді;
 Титова көшесі №29 үйге 129 м., Титова көшесі №35 үйге 112 м. жол тротуары салынды.
 Арман ықшам ауданы Центральная, Школьная көшесіне 420м. жол тратуары салынды.
 Батталханова көшесіне жол тратуары мен машина қоюға араналған тұрақ жасалынды.
Сонымен қатар округте жол жөндеу жұмыстары бойынша Титов, Сокпакбаева, Мичурина, Космическая, Катаева, Терешкова, Садовая, Космонавтов, Комсомольская көшелеріне барлығы - 6 мың 186 м. болатын асфальт төселінді.
Бұл көше жолдарына 2015 жылы бюджеттен бөлінген қаражатқа сәйкес, 5240 метр асфальт төсеу жұмыстары жоспарланды. Өңірледі дамыту бағдарламасы аясында Өтеген батыр, және Покровка кентінде орналасқан мұсылман, христиан зираттарын қоршау жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 55 млн. 483 теңге бөлінді.
 
Денсаулық сақтау

Округте 1986 жылы салынған орталық аудандық аурухана жұмыс жасайды, оның ішінде ауысымына 300 келіп кетушілерге арналған емхана, стационардағы төсек жүйесі 165 жатын орынға арналған аурухана, 40 күндізгі стационар төсегі орналасқан. Сонымен қатар 2014 жылдың маусым айынан бастап Энергетический ауылдық округі Пакровка кентінде Покровка кентінің және Гүлдер ықшам ауданының тұрғындарына қызмет көрсетумен қамтамасыз ететін амбулатория ашылды. Амбулаторияда күндізгі стационарлы 4 орынға арналған.
2011 жыл «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының аясында аусымына 450 келіп – кетушілерге арналған емханасы бар, 200 жатын орынды Алматы облыстық аймақтық балалар ауруханасы қызмет етеді.
 
Білім беру

«Білім мен ғылым» – табысты болашақтың негізі тармағы бойынша: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық білім беру жүйесіне тән белгілердің бірі ретінде жоғары пайызда қалып отырған шағын жинақталған мектептер проблемасын шешуге тиісті шаралар қамтылған. Энергетический ауылдық округінде 2 орта мектеп – оқушылар саны 3731 бала, 1 мектеп гимназия – оқушылар саны 1773 бала, және 1 жеке лингвистикалық мектеп «Айнур» - оқушылар саны 176 бала, 2 балабақша, 2 орта кәсіптік білім беретін колледж орналасқан. Барлық үш мектеп стандартты, мектептерде жылу жүйесі – орталықтандырылған.
Энергетический ауылдық округі бойынша мектеп жасындағы бала жалпы білім берумен толығымен қамтылған.
Округте тұрғындар саны ұлғаюына байланысты 2014 жылы республикалық бюжеттен 400 млн.теңге және жергелікті бюжеттен 170 млн.теңге қаражат бөлініп, «Қуат» ықшам ауданында 3,700 гектар жер телімі бөлініп 1200 орындық жаңа қазақ мектебінің құрылысын жүргізілуде. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2015 жылдың жаңа оқу жылына дейін жоспарланған.
Сонымен қатар, округте «Балапан» бағдарламасы табысты іске асырылуда. Бағдарламаны іске асыру аясында округте 3 балабақша жұмыс істеуде. Ал бұл бағдарламадан тыс мектеп жасына дейінгі балаларға Өтеген батыр кентінде «Комек», «Балақай» «Радость», «Кубик клаб», «Ай-бөбек», «Балапан», «Бал дәурен», «Болашақ кемеңгер», «Конек – горбунек» сияқты жеке шағын орталықтары халыққа қызмет көрсетуде.
2015 жылы «Қуат» ықшам ауданында 1,35 гектар жер телімінде 320 орындық мемлекеттік балабақша құрылысын жүргізу жоспарланған.
 
 
Мәдениет
 

Округ аумағында 2 мәдени мекеме орналасқан, о. і:
- аудандық кітапхана
- балалар музыкалық мектебі
Мәдени-көпшілік іс шаралары көрме, әдеби кештер, интеллектуальдық ойындар аудандық кітапхана ғимаратында өткізіледі.
Округте барлық мемлекеттік мерекелер орталық алаңда ауқымды шаралармен өткізіліп тұрады. Мерекелік концерттен тыс халық қыдыруына әр түрлі атракциондардан тыс ауылшаруашылық өнімдері арзан бағамен сатылатын жәрмеңкелер ұйымдастырылып отырады.
 
 
Спорт
 

Энергетический ауылдық округінде бұқаралық спортты дамыту өзекті мәселелер қатарында және үнемі назарда. Өйткені бұқаралық спорттың дамуы – бұл қоғамның сапалық өзгеруіне ықпалын тигізеді және өркениеттілік белгілерінің бірі десек артық айтқандық емес.
Округтегі дене тәрбиесімен шұғылданатын спорттық инфраструктуралар саны – 10, оның ішінде: 1 аудандық стадион округ мектептеріндегі 3 стадион, 3 спорт зал: облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2 спорт зал және «Ай-Нұр» жекеше лингвистикалық гимназиясының спорт залы.
2014 жылы «Ай-Нұр» жекеше лингвистикалық гимназиясында демеушілердің қаржысына спорт кешені пайдалануға берілді. Спорт кешенінің жалпы аумағы 450 шаршы метрді құрайды. Биіктігі 7 метр. Барлық спорттық инфраструктураларда шағын футбол, баскетбол, воллейбол және де үлкен теннис секілді ойын түрлерінен жаттығуға барлық жағдайлар жасалынған.
2014 жылдың қараша айында округте орналасқан облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде гандболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты өтті. «Супер лига» және «Жоғарғы лига» командалары арасында өткен жарыста Алматы облысының атынан өнер көрсетіп жүрген, округімізден шыққан «Іле» және «Іле-2» командалары жеңіске жетті. Бұл сөзсіз зор жетістік – округіміздің мақтанышы!
Байланыс
Іле аудандық почта торабының 2 бөлімшелері бар:
- Өтеген батыр кентінде
- Покровка кентінде.
Почта халыққа үш түрлі қызмет көрсетеді. Қаржы қызмет түрлері бойынша коммуналдық төлемдерін алу, телефонмен сөйлесу төлемдерін жинау тағы да басқа төлем ақыларын беру, ақша аударымдары бар.
Өтеген батыр кентінде Іле аудандық телекоммуникация торабы орналасқан. Халыққа қызмет көрсету саласында жеке және заңды тұлғаларды қалалық және жергілікті телефон нөмерлерімен қамтамасыз етілген.