Ұлы Отан соғысында жеіңістің 70 жылдығына орай, 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Энергетический ауылдық округінде бірқатар іс-шаралар атқарылды. Округ әкімі Н.Б. Көкім ардагерлерді аралап, оларды айтулы мерекемен құттықтады. Жылы әңгіме барысында олардың майдандағы естеліктерін тындап, артынан ақшалай материалдық көмек пен азық-түлікке толы пакеттер берілді. Сондай-ақ округте орналасқан Облыстық мемлекеттік кіріс басқармасы әкім аппаратымен бірлесе отырып ардагерлерді аралап қаржылай көмек пен азық-түлік себеттерін таратты. Ардагерлер кеңесі болса бірыңғай костюмдер сыйлады.
Білім беру ошақтарында да мереке өз деңгейінде аталып өтті. Ұлы Жеңіске арналған сынып және тәрбие сағаттарымен қоса ардагерлермен кездесу кештері өткізілді. М. Мақатаев атындағы №13 орта мектепте 10 сыныптар арасында АӘД пәнінің мұғалімі Е. Сайымбетовтың ұйымдастыруымен «Жас Ұлан» атты онкүндік сайысы өтті. Сайыс кезінде саптық жүру өнері, АК-74 автоматын бұзып-жинау, қыздар арасында алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуден жарыс өтті.
9 мамыр Жеңіс күні орталық алаңда үлкен мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні әскери парад, әскери жаттығу ойындары көрсетіліп, әскери-патриоттық әндер концерті ұйымдастырылды. Округ әкімдігінің ұйымдастыруымен әскери шатыр тігіліп, онда ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне ас берілді. Осы күні округ халқы ерекше күткен Ұлы Жеңіске арналған «Үш ұрпақ» ескерткіші саябағының ашылу салтанаты өтті. Ескерткішті аудан әкімі Қ. Ө. Медеуов ашты. Бұл саябақ бірден халықтың сүйікті жиналатын орнына айналды.
.jpg) .jpg)
|