БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Энергетик (Өтеген батыр) > ХАТТАМА №2

 
 
 
Энергетический ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2016 жылдың 9 айлық есебі 10.10.2016

 

Ірі өнеркәсіпте  округте - темекі өнімдерін шығаратын «Филип Моррис Казахстан» акционерлік қоғам, темекі өнімдерінің сыртқы қорабын шығаратын «Эмкор Табако Пакеджинг Казахстан», металлопластик шығаратын өнеркәсіп «Алматинская пластмассовая компания ТУНХЭ», пластикалық қақпақ шығаратын «Берикап Казахстан», жылыту материал шығаратын «Полпан КЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қызмет етуде.

Орта өнеркәсіпте округте - сүт тағамдарын шығаратын «Райымбек Агро», асфальт-бетон қоспасын жасайтын «Рассвет», сплитерлік блок жасайтын «АСМ АКСУ», полиэтилендік труба жасайтын «СКА 63», арнайы аяқкиім тігетін «Дархан МНМ», лактау сырлау өнімдерін шығаратын «АЛРИ», тракторларды жинақтайтын «Лео Машинари», мұнайгаз құбырларын өңдейтін «Темір Металл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істеуде.

Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамыту  жаңа өндірістерді құру бойынша Қазіргі таңда округте орта шағын бизнес саны – 580, оның ішінде өндірістік бағытта – 15, жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер саны – 1310  адам. Округте – 125  дүкен, 25 – кафе, 7 – АЗС, 16 – дәріхана, 24 – шаштараз, 8 – ТЖО, 3 – базар жұмыс істеуде. 

«Өмір сүру сапасы: теңдессіз өсу қарқыны» бойынша, өңіріміздегі әлеуметтік көрсеткіштердің санын арттырып, халық игілігі үшін бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Энергетический ауылдық округінде 30980 адам бар, экономикалық белсенді азаматтар саны 13691 адам, жұмыссыз азаматтар саны 519, өздігімен жұмыспен қамтылған азаматтар саны 3559 адам, жыл басынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз 71 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелсе, оның ішінде 20-ы қоғамдық жұмысқа жіберілді. 50 адам әртүрлі мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастырылды. Кәсіби оқуға жолданғандар 35 адам, жастар тәжербиесіне жолданған 35 адам, оның ішінде 32-сі жұмысқа орналасты. 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 5 азамат жалпы соммасы 14 млн.тенге құрайтын  шағын несие алды.

Халықтың кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында, жыл басынан 9 ай бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 95 отбасының 338 баласына 5 млн 015 мың 309 теңге көлемінде тағайындаса, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 3 отбасына 429 мың 963 теңге көлемінде тағайындалып, төленді. Тұрғын үй көмегі жәрдемақысы 125 адамына 3 млн 736 мың 656 теңге көлемінде есептеліп, жеке есеп шоттарына аударылды. Үш Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне 450 мың 926 теңге бір ретті көмекақы төленді.

 

Сумен қамтамасыз ету туралы

Округті таза сумен қамтамасыз етіп отырған мемлекеттік коммуналдық «Су құбырлары және кәріз» мекемесі қамтамасыз етеді.

Өтеген батыр кентін  сумен алты  скважина қамтамасыз етеді. Округтің су құбырлары ескіріп, тозығы жеткен, бүгінгі күні су құбыры және кәріз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бюджеттен бөлінген 155 млн. теңгеге Өтеген батыр кенті, Титов көшесіндегі, «Арман» ықшам ауданындағы су құбырларына, кәрізді сору станциясына жөндеу және «Гүлдер» ықшам ауданына «Қуат» ықшам ауданы арқылы су құбырын тарту жұмыстарын жүргізуде. 

 

Электр жүйесі туралы

Округтегі қуат көзі Іле ауданы балансында тұрған  РЭС желісімен қамтамасыз етіледі. Бюджеттен 6 млн.500 теңгеге Өтеген батыр кенті, Сейфуллин көшесіндегі трансформаторлы подстанция мен электр жүйесіне жөндеу жұмыстар жүргізілуде.

 

Абаттандыру және жол

Энергетический ауылдық округінде жоспар бойынша 15 қыркүйектен 15 қараша айлар аралығында санитарлы тазалық айлығы басталды. Округінің үш елді мекенінде де жауапты қызметкерлер бекітілді. Барлық оқу орындары мен өндіріс мекемелеріне, жеке кәсіпкерлерге санитарлық тазалық жөнінде ескертпелер таратылып, оларға тазалауға жататын аумақтар бекітілді. Әр сәрсенбі, сенбі күндері округ бойынша санитарлық тазалық күні деп жарияланды.

Осыған орай оқу орындары мен өндіріс мекемелердің қызметкерлері сенбілік жұмыстарына белсене қатысып, өздеріне берілген тиісті учаскелерді қоқыстардан тазартты.

Энергетический ауылдық округінде қоқыс шығаратын «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызмет етеді және округітің ішіндегі автомобильді жолдарды жазғы-күзгі мерзімде күтіп ұстау үшін бюджеттен 1 млн 498 мың теңге бөлініп, FMM OTAU GROUP LTD  жауапкершілігі шектеулі серіктестік тазалық жүргізеді. 

Энергетический ауылдық округін абаттандыру бойынша 72 млн 427 мың теңгеге тендер ойнатылып, «Мүгедектердің қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «№ 3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесі ұтып алды. Жоба сметалық құжатқа сәйкес, Өтеген батыр кентіндегі Гагарин көшесі 1,3,5,7 үйлерінің аулааралық жолдарына аббаттандыру жұмыстарын және Гагарин көшесі, № 7 үй аумағына балалар алаңын салу және Гүлдер ықшам ауданы мен Қуат ықшам ауданында тротуар құрылысын жүргізу жұмыстарын жоспарлаған.

 

Транспорт бойынша

  Округте  1998 жылдан бастап жолаушыларды тасымалдау қызметін Іле ауданы бойынша «Саяхат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді. Аудан бойынша «Саяхат» автопаркі тасмалдау қызметімен  9 маршрут   96 автобус жұмыс істейді, соның ішінде Өтеген батыр кентінің тұрғындары мен қонақтарын   /№ 300/  маршрут автобусы тасмалдайды.  Сонымен қатар, округ тұрғындарының өтініштері бойынша Арман ықшам ауданы, Қарасу ауылының мектеп жасындағы балаларын  Өтеген кентіндегі мектепке дейін, мектептен үйіне дейін тасымалдау ұйымдастырылған. 2016 жылы Қарасу ауылынан және Арман ықшам ауданынан оқушыларды мектепке тасымалдау үшін  ауданның бюджетінен 4 млн.194 мың 400 теңге бөлінді.