БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Энергетик (Өтеген батыр) > ХАТТАМА №2

 
 
 
Округ әкімінің Покровка кентінің тұрғындары алдында есеп беру
Х А Т Т А М А С Ы
09.07.2015
Покровка кенті УПТОК «Волковгеология» мәжіліс залы

Төрайымы: Округ әкімінің орынбасары - Сарсенбаева Қаламқас Қойшыбайқызы
Хатшы: Жетекші маман Оспанова Самал Мирамбековна
Қатысқандар: Іле аудандық ұйымдастыру бөлімінің бас маманы – Карабалина Қалдыгүл Искаковна, еңбек ұжымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, аудандық маслихат депутаты Садвакасова Гайни Махмудовна, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мекеме басшылары, ауыл тұрғындары,
Барлығы – 96 адам

Күн тәртібі:
1. Энергетический ауылдық округ әкімінің 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмыстары және 2015 жылға арналған міндеттері туралы есебі.

Тыңдалды:
Энергетический ауылдық округ әкімі Н. Көкімнің «2015 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмыстары және 2015 жылға арналған міндеттері туралы» есебі /есебі қосымшада тіркелген/.
Сөйледі:

Жұмағұлов Мәлибек Карипович – Покровка кентінің тұрғыны, қоғамдық кеңесінің төрағасы
Өз сөзінде, ауыл тұрғындарынының атынан Покровка кентінде жолдарға асфальт төселгенін, көшелерге жарықтандыру жұмыстары жүргізілгенін айтып, округ әкімінің осы 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.
Қасымақынова Бағила – Покровка кентінің тұрғыны, зейнеткер
Өз сөзінде, атқарылған жұмыстарға ауыл тұрғындарының атынан алғысын білдіріп, округ әкімнің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.
Молчанова Татьяна Николаевна – зейнеткер
Өз сөзінде, Покровка кентінде амбулатория ашылғанын, жолдарға асфальт төселгенін, көшелерге жарықтандыру жұмыстары бойынша ағымдағы жұмыстар жасалғанын айтып, округ әкімнің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.
Сухотелина Людмила Ивановна – Покровка кентінің тұрғыны
Өз сөзінде, Покровка кентінде газ құбырлары құрылып жатқандығын айтып, алғыс білдіріп, округ әкімнің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.
Барлық қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға дұрыс түсініктеме берілді.
Ауыл тұрғындары мен жоғарыдағы сөз сөйлеушілердің пікірін тыңдап және талқылап:

ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Округ әкімі Көкім Нұрдәулет Бақытұлының жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.

Төрайым Қ. Сарсенбаева
Хатшы С.Оспанова