Өтеген батыр кенті №38 орта мектебінің мәжіліс залы
Төрайымы: Округ әкімінің орынбасары - Сарсенбаева Қаламқас Қойшыбайқызы
Хатшы: Жетекші маман Оспанова Самал Мирамбековна
Қатысқандар: Іле аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу» орталығының бастығы – Оспанова Серікғайша Алдонгаровна, қоғамдық кеңес мүшелері, еңбек ұжымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, аудандық мекеме басшылары, ауыл тұрғындары
Барлығы – 86 адам
Күн тәртібі:
1. Энергетический ауылдық округ әкімінің 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмыстары және 2015 жылға арналған міндеттері туралы есебі.
Тыңдалды:
1. Энергетический ауылдық округ әкімі Н. Көкімнің «2015 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмыстары және 2015 жылға арналған міндеттері туралы» есебі /есебі қосымшада тіркелген/.
Сөйлегендер:
Нұржаубаев Фархат Умиржанович – Қарасу ауылының тұрғыны, Қарасу ауылының қоғамдық кеңесінің төрағасы
Өз сөзінде, округ әкіміне алғысын білдіре отырып, Қарасу ауылында округ әкімінің жол мен электр желісі жұмыстары жөнге қоюға көп жұмыстар жүргізгенін атап өтіп, округ әкімінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға береді.
Көрпебаев Қабылан Сүндетұлы – Қарасу-2 ауылының қоғамдық кеңесінің мүшесі
Өз сөзінде, ауыл ақсақалдарының атынан әр түрлі мәдени көпшілік шараға қатысуға шақырып, ауыл қарттарына, мумкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік жағынан көп көңіл бөлінетіндігін айтып, алғыс білдірді. Ауыл тұрғындарының атынан округ әкімнің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.
Барлық қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға дұрыс түсініктеме берілді.
Ауыл тұрғындары мен жоғарыдағы сөз сөйлеушілердің пікірін тыңдап және талқылап:
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Округ әкімі Көкім Нұрдәулет Бақытұлының жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.
Төрайым Қ. Сарсенбаева
Хатшы С.Оспанова
|