БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Чапай > Ақпарат

 
 
 
Іле ауданы әкімі Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлының және Чапаев ауылдық округі әкімі Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлының 2014 жылы атқарған жұмыстары және 2015 жылға арналған міндеттері туралы есебі 16.01.2015 ж.
 
15.01.2015 ж. сағат 15.00 де аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында Іле ауданы әкімі Медеов Қыдыркелді Өміржанұлының және Чапаев ауылдық округі әкімі Жумабаев Бауыржан Ақжолұлының 2014 жылы атқарған жұмыстары және 2015 жылға арналған міндеттері туралы есеп беру кездесуі өтті.

 
  

 Бұл кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығын орындау мақсатында өткізілді.
Жиынға барлығы – 266 адам қатысты.
Есепті жиналысқа аудандық мемлекеттік мекемелер басшылары, ауыл тұрғындары, ауылда орналасқан кәсіпорын, мекеме, ұйымдарының өкілдері, жастар, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары шақырылды.


 
   
 
 
Мәдениет үйінің фойесінде қатысушыларды тіркейтін арнайы үстел және көрме ұйымдастырылып, залда Чапаев ауылының өмірінен түсірілген арнайы слайд көрсетілді.
Жиындағы жарыссөзде 7 адам сөз сөйлеп, әкімдер тарапынан атқарылған жұмыстарды айтып, ризашылықтарын білдірді.Жиын барысында 2 ұсыныс енгізілді: Арал, Доскеев ықшам ауданы көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және Селекцентр, Доскеев ықшам аудандары, Арал көшесінің электр желілерін жөндеу жұмыстары туралы. Басқа айтылған сын-ескертпелер болған жоқ.
Қорыта айтқанда Іле ауданы әкімінің және Чапаев ауылдық округі әкімінің есеп беру жиыны жақсы деңгейде өткізіліп, тұрғындардың қанағаттанарлық деген бағасын алды.
 
 
Чапаев ауылдық округінің 2014 жылы атқарған жұмыстары мен
2015 жылға арналған міндеттері туралы халық алдында есеп беруінің тезистері
 
 
 
 
 Құрметті жиналған қауым!

Бүгінгі кездесу 2013 жылдың 15тамызындағы «Жергілікті атқару органдарынының басшыларының тұрғындар алдындағы есепті кездесуін өткізу туралы» Елбасының №615 Жарлығын орындау мақсатында барлық деңгейдегі әкімдердің жылына бір рет өзіне жүктелген міндеттермен қызметтердің орындалуы туралы тұрғындар алдында есеп беруіне сәйкес өткізіледі.
Чапаев ауылдық округінің аумағы – 2,47 мың кв.км. Аула саны – 1189, тұрғындардың саны – 9126. Барлық еңбек қоры 5537 құрайды, экономикалық белсенді тұрғындар саны – 4999, оның ішінде 4400 – экономика салаларында істеушілер, 1999 – жұмыспен өзін-өзі қамтып отырғандар. Экономикалық белсенді емес тұрғындар саны – 599, оның ішінде жұмыс жасындағы оқушылар мен студенттер – 163, еңбек жасындағы үй шаруашылығында істеушілер – 436.
Сонымен қатар округ аумағында 4 бау бақша серіктестігі бар. Тұрғындар саны 855 адамды құрайды. Оның ішінде:
1)Черемушки – 175 адам
2)Дружба – 400 адам
3)Көктем – 30 адам
4)Виктория -550 адам.

Өнеркәсіп
Округ аумағында 3 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар:
1. «Компания Сарыбұлақ» ЖШС
2. «Алатау құс» ЖШС
3. «Алель Агро» АҚ

Ауыл шаруашылық саласы.
Ауыл шаруашылығы округ бойынша ең маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні округте 27 шаруа қожалығы бар, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 22 Ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорын – 2 наубайхана. Ауылшаруашылық нысандарында 50-ден астам адамдар жұмыспен қамтылған.
Шаруа қожалықтарының негізгі бағыты егін және мал шаруашылығы.

Ауылдағы мал мен құстар саны
Ірі қара мал – 834, оның 408 сиыр
Қой мен ешкі -880 бас, аңалығы -486
Жылқылар – 43, оның ішінде аналығы – 16
Шошқалар -130, аналығы – 40
Құстар саны -14200, тауықтар-12270
Округ бойынша 2014 жылы 130 қаңғыбас иттер ұсталынып арнайы қаңғыбас иттерді қамау орнына апарылды.

Шағын және орта бизнесті дамыту
Шағын және орта бизнестің бәсеке қабілеттілігін ынталандыруға тоқталатын болсақ, Чапаев ауылында шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетіледі. Ауылда 57 дүкен, 3 жанармай бекеті, 6 қоғамдық тамақтандыру орны (340 орын), 2 наубайхана, 8 шаштараз, 1 теле- радио шеберханасы, 1 интернет зал, 1 ТЖО, 4 дәріхана, 2 дөңгелекті желімдеу орны, 1 тоңазытқыш жөндеу, 2 жем қоспаларын сату орны, 2 стомотологиялық кабинет, 1- нотариалды қызмет көрсету орны жұмыс жасайды. Шағын және орта бизнесте 219-ге жуық адам жұмыс істейді Ауылда аса маңызды азық- түлік тауарларының апталық мониторингі жүргізіліп отырады.


Әлеуметтік қорғау.

Әлеуметтік қорғау бағдарламасының негізгі мақсаты аз қамтылған отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға ықпал ету, жұмыссыздық пен кедейшілікті азайту.
18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушы отбасы – 90, бала саны – 278, төленген сомасы – 4 450 544 теңге. Атаулы әлеуметтік көмек 4 отбасына, адам саны – 23, төленген сомасы – 216 691 теңге.
Бүгінгі күні Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 49 жұмыссыз азамат тіркелген. Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар саны – 36.
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқыту үшін төленетін әлеуметтік көмек 11 отбасына 3530572 теңге төленді.
8 Ауған соғысы ардагерлеріне бір жолғы көмек ретінде 200 000 теңге бөлінді.
білім беру саласының қызметкерлеріне отын сатып алуға бір жолғы әлеуметтік көмек алушылар саны – 454, соммасы-4 240 040 теңге.
Тұрғын үй көмегін алушы отбасылар саны – 22, сомасы – 467 433 теңге.
Медицина саласының қызметкерлеріне отын сатып алуға бір жолғы әлеуметтік көмек алушылар саны-49, соммасы-453 740 теңге.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2014 жылы Чапаев ауылдық округінде келесідей жұмыстар жасалды.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша :
Ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша кәріз жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстарына 315,3 млн.теңге игерілді. 2 азамат әлеуметтік жұмыс орнына қабылданды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша:
Ауылда кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2014 жылы 1 азамат шағын несие алды. Сомасы – 3 млн.теңге.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша:
Оқыту және жұмысқа орналасуға ықпал ету
2014 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 20 азамат алынды.
Жалдамалы жұмыскерлерді оқытуға 3 адам жіберілді.
Жастар тәжірибесіне 6 адам жіберіліп, оның 3 –уі тұрақты жұмысқа орналасты.

Салық жинау мәселесі
Чапаев ауылында 1759 салық төлеушілер тіркелген.
2014 жылдың бүгінгі күнге аудандық бюджетке мүлік салығы жоспардың өсуіне байланысты 700 000 теңге, бүгінгі күнге салық жинау жұмыстары 130% - ға орындалды. Жер салығының болжауы – 650 000 теңге, бүгінгі күні жер салығын жинау жұмыстары 109%-ға орындалды. Саяжай салығы жоспар бойынша 184000 теңге. Саяжай салығын жинау жұмыстары 100,4%-ға орындалды.
Салық түсімдерінің жоспарын орындау мақсатында аулаларды аралау, ауыл тұрғындарының жиындарында хабарлау, салық төлеушілерге ескертулер мен хабарламалар жіберу шаралары қолданылады.
Аудандық бюджетке салықтар және де басқа төлемдері бойынша қарыздар жоқ.

Инфрақұрылым, тұрмыстық комуналды шаруашылық

Ауыз су.
Тұрғындарды ауыз сумен «Чапай Или» ТК /тұтыну кооперативі/ қаматамасыз етеді. Су құбырының жүйесі 32,3 км құрайды, ал канализациялық жүйесі-9 км.
4 ұңғыма, 2 су мұнарасы, 2 КНС пайдаланылады.
Тұтынушы абоненттер саны – 1987 бірлік.
Есептеуіш құралы орнатылғаны – 1618 бірлік.
Округтің кәріз жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарының 2-ші кезеңіне бюджеттен 82 млн.теңге бөлінді.


Электр тоғымен қамту
Электр тоғымен қамтамасыз ету мен жөндеу жұмыстарына тоқталатын болсақ, Междуреченск РЭС бөлімшесі электр жүйесінің сымдарын жыл сайынғы профилактикалық жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. 2014 жылы келесі жұмыстар атқарылды:
- Округтегі барлық электр жүйелерінің сымдары қалпына келтірілді.
- Мир, Атамекен көшелері бойындағы №146 трансформатор ауыстырылды.
- Ш.Уалиханов көшесінің бойындағы 15 бағана ауыстырылды.
Бүгінгі күні «Доскеев» ықшам ауданында орналасқан №1140 трансформаторын «АЖК» ЖШС балансына беруге құжаттар дайындалуда.
2014 жылы көше жарығын және шамдарын ауыстыруға жергілікті бюджеттен 1 млн 700 мың теңге бөлінген.
Электриктермен бірлесіп Жібек жолы, Мир, Целинный, Абай көшелерінің электр желілеріне кедергі жасап тұрған ағаштар кесілді.
2015 жылы бағаналарды ауыстыруға, электр желілеріне және қосымша жөндеу жұмыстарына бюджеттен 70 млн теңге бөліну жоспарлануда.


Ауылды аббатандыру
Чапаев а/округі бойынша 2014 жылы абаттандыру жұмыстары 1,2,3 ы/да жүргізілді оның ішінде 1-ы/а-да 1-2-3-4-8-9 үйлер аумақтары абаттандырылып және көлік тұрақтары салынды, сонымен қатар4-үй аумағына 1 балалар ойын алаңы 2ы/ауданында 9-10 үйлер аумақтарына абаттандыру және көлік тұрағы салынды. 3 ы/а 8-үй аумағына балалар ойын алаңы салынды.
Чапаев ауылында көп қабатты 30 үй бар, олар «Жас» және «Асар» ПИК /пәтер иелер кооперативі/ қарауында
«Жас» ПИК /пәтер иелер кооперативінің/ қарауында 4,6,7,8,9,10 үй бар. «Жас» ПИК /пәтер иелер кооперативімен келесі жұмыстар жасалды:
3 ықшам ауданының санитарлық тазалығы, ағаштар мен бордюрлар ақталды, ойын алаңдары, орындықтар сырланды. Сонымен қатар апатты ағаштар кесілді.
2 ы/а «Асар» ПИК /пәтер иелер кооперативінің/ қарауында 9 үй бар. «Асар» ПИК /пәтер иелер кооперативімен келесі жұмыстар жасалды: ПИК»Асар»-ға қарасты 2-ші ы/да орналасқан № 4,8 үйлердің шатырларына толық жөндеу жұмыстары жасалынып шатырлары ауыстырылды және 4,5,6,7,8 үйлердің сырттарына толықтай бояу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 9,10,11үйлердің подъездеріне толық жөндеу жұмыстары жүргізілді (әктеу, сырлау, жылылау).

Жол жөндеу жұмыстарына жылдың басынан жергілікті бюджеттен 51 млн 210 мың тенге бөлінді. Оның ішінде Алтай – 770 м, Ардагер – 400 м, Ш.Уалиханов – 1000 м, Сүйінбай – 700м, Илийский – 500 м. Атамекен – 300 м.
Сонымен қатар Гагарин, Абай көшелеріне және айналма тас жол бойына жаяу жүргінші (тратуар) төселінді барлығы 1,3шақырымды құрайды.

Жылыту жүйесі
Чапаев ауылын жылумен «Тепловые сети» ЖШС-гі катамасыз етеді. 2,3 ы/аудандарының жылыту қазандығының ағымды жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
- құбырларды изоляциялау, қымтау
- жертөлелерді тазалау жұмыстары,
- подъездердің және шатырлардың ағымды жөндеу жұмыстары;
- қазандық ғимаратының жөндеу жұмыстары;
- қазандықтың құрал-саймандарын ауыстыру;
Тұрғындар көмегімен №10 үйдің жертөлесінің жылу құбырларын ауыстыру жоспарланып отыр.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару
2008 жылдан бастап қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен ЖК «Виктория» айналысады, 90 пайыз үйлермен келісім шарт жасалған. Бүгінгі күнге ауыл ішіндегі апаттық қоқыстар орны жойылыды, бұл апаттардың болмауы негізі тұрғындарға байланысты.
Сонымен қатар санитарлық тазалық бойынша, әкімшілік УПИ қызметкерлері және қоғамдық кеңеспен бірлесіп рейд жүргізді. УПИ қызметкерлерімен тұрғындарға ескертулер жасалды.
2014 жылы санитарлық тазалық саласына жергілікті бюджеттен 573 мың теңге бөлінді.
Округ бойынша қыс мезгілде автомобиль жодарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жолдарда жұмыс істейтін ұйым ЖК «Виктория». Мекеме қорында көктайғаққа қарсы қолданатын материалдар мен техникалармен қамтылған.
Қоғамдық көлікпен қамту
Ауылды «Жедел» ЖШС-гі қамтамасыз етеді. Тұрғындарға көрсетілген қызметі қанағатанарлық
«Жедел» ЖШС өкілдерімен оқушыларды тасымалдау сапасын жақсарту жөнінде жиын өткізіліп тұрады. Кезекті жиында саяжай тұрғындары, мектеп және «Жедел» ЖШС өкілдерімен үш жақты келісімшарт жасалды. Бүгінгі күні 230 оқушы тасымалданады.

Білім беру саласы

Чапаев ауылдық округінің № 10 орта мектебінде 1795 бала оқиды. Мектептің ғимараты типтік.Мектепке дейінгі балалар саны-160.
Оқушылар 4 аусымда білім алады.
1 аусым – 811 оқушы;
2 аусым – 173 оқушы;
3 аусым – 582 оқушы;
4 аусым – 229 оқушы.
Бүгінгі күнге 900 орындық жаңа мектеп құрылысына 4,2 га жер телімі және ПСҚ – ға 11,2 млн.теңге бөлінді. Ал № 10 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 10 млн.теңге бөлінді.


«Гнездышко» бала-бақшасы бойынша:
штаттық кестеге сәйкес 30 адам. 4 жастық топтар бар, барлығы-110 бала.
2013-2014 жыл аралығында Облыс Маслихатының депутаты У.Касановтың демеушілік көмегімен 200 мың теңгеге ойын алаңдары мен қоршауына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылдың қыркүйек айында 160 мың теңгеге су ұңғымасы қазылды.
«АГС Холдинг» АҚ - мен жылу қазандығының құбырларымен газ жинақтау құбырлары монтаждалды.
Атап өтетін болсақ, «Гнездышко» бала-бақшасы облыстық үздік бала-бақша 2014 сайысында 2 орынға ие болды. «Сала көшбасшысы 2014» медалімен марапатталды.

2010 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша жеке «Нұр-ай» балабақшасы ашылды, бала бақшада 20 педпгог, 7 топ бар, барлығы-360 бала.


Денсаулық сақтау саласы
Округ тұрғындарына АДЕ МҚК Іле аудандық ОА қызмет көрсетеді. Чапаев ауылы тұрғындарына түнгі, демалыс және мереке күндері жедел жәрдемі қызмет көрсетеді.
Штаттық кестеге сәйкес 23 бірлік бекітілген.
Оның ішінде 5 бірлік дәрігерлер, мед қызметкерлер -13, орта буындағы -13, өзге персонал - 5 қызметкер жұмыс істейді.
2014 жылы 217 нәресте туылды, 47 адам қайтыс болды.
Дәрігерлік емханада 2014 жылы ана мен бала өлімі тіркелмеген.


Құқық қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Чапаев ауылында 2 учаскелік полиция қызметкері және 1 жасөспірімдер ісімен айналысатын инспектор қызмет көрсетеді.
УПИ ғимараты қанағатанарлық, телефон байланысы бар.


Мәдениет
Округте аудандық мәдениет үйі орналасқан. Мәдениет үйіндегі аудандық мұрағат, кітапхана. Кітап қоры -5400 дананы құрайды.
Мәдениет үйіндегі «Балауса» БЖК-ы жұмыс істейді. Барлық мәдениет үйінің қызметкерлері округіміздегі мәдени іс шараларға ат салысады.
Қайырылымдылық және демеушілік көмектер округіміздің кәсіпорындары мен кәсіпкерлерінің көмегімен атқарылады.
Спорт
Спорт және дене шынықтырумен шұғылданатындар ауыл тұрғындарының 15% құрайтындықтан, ауылымызда тұрғындардың спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалынып, ауылдың спорт сүйер қауымына мәдениет үйінде және №10 мектеп ғимаратында орналасқан
2 спорт зал,
1 стадион қызмет етеді.
Доскеев және Селекцентр ықшам аудандарындағы екі футбол алаңы - алаңдарының көлемі және қақпалары стандартқа сәйкес салынды.
Константин Сапронов бастаған «Альпийская роза» атты асқарпаздар туристік тобы бар. №10-орта мектебінде спорттық секциялар, шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол,футбол.
Жылдың аяғында мұз айдынының ашылуы жоспарлануда.